Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оперативная полиграфия Казак.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.96 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

«Полиграфия өндірісінің машиналары мен технологиясы» кафедрасы

Толыбаева Ж.Ж. Мауленова М.Р.

Жедел полиграфия

Тәжірибелік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

(«050722-Полиграфия» мамандығы студенттеріне арналған)

Алматы 2010

УДК

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Толыбаева Ж.Ж. Мауленова М.Р.

Жедел полиграфия. Тәжірибелік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2010.- 1-34 б.

Әдістемелік нұсқау «050722 – Полиграфия» мамандығының білікті сипаттамасына сәйкес жазылған.

Әдістемелік нұсқау маманның квалификациялық сипаттамасы талабына («050722-Полиграфия») және тәжірибелік жұмыс жасауды ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздеріне сай құрастырылған.

Әдебиеттер тізімі – 5 атау.

Пікір жазған:

О.Ғ.Ғазизов – «Полиграфия машиналары мен өндірісі технологиясы»

кафедрасының аға оқытушысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы жоспары бойынша басылды.

 Қ. И. Сәтбаев атындағы Қаз ҰТУ, 2010

КІРІСПЕ

«Жедел полиграфия» пәні негізінде тәжірибелік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаудың мақсаты – жедел полиграфияда қолданылатын басу әдістерін оқып үйрену болып табылады.

Әдістемелік нұсқаулық бойынша берілген жұмыстарды орындау барысында жедел полиграфияда қоладынлатын цифрлық жабдықтарды қолданумен, олардың функционалды мүмкіндіктерімен танысып, осы жабдықтарда басылған өнім сапасын бағалай білуі тиіс.

Бұл басылым 050722 «Полиграфия» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Жедел полиграфия» пәні бойынша арналған.

Жұмысты тиімді орындау үшін студент жұмыстың теориялық негіздемесін оқып, меңгеруі қажет. Жұмысты орындап болған соң өлшеу қорытындысы, сызбалық материалдар мен алынған талдаулар жинақталып, жұмыс бойынша есеп беріледі.

Тәжірибелік жұмыстарды жүргізу тәртібі

  1. Студенттер оқу бағдарламасы бойынша тәжірибелік жұмыстарға қатысу үшін алдын-ала техникалық қауіпсіздік жайлы нұсқаулардан өтіп, арнайы журналда қол қоюлары керек.

  2. Машинаны іске қосу оқытушының немесе кафедра инженерінің рұқсатымен және олардың қадағалауымен атқарылады.

  3. Жұмыс тапсырмасын орындау үшін студент теориялық жағынан өзі дайындалып оның орындалу жағдайын игеруі керек.

  4. Орындалған тәжірибелік жұмыс бойынша студент берілген тапсырманы университеттің стандартына сәйкес есепті жазба дайындайды.

Онда:

  • Жұмыстың атауы, мақсаты мен мәселелері;

  • Берліген жедел басу технологиясы мен басу жабдығына сипаттама беру;

  • Таңдалған технология бойынша баспа-таңба алу, баспа-таңбалардың сапасын бағалау және басқа баспа таңбалармен салыстыру;

  • Орындалған тәжірибелік жұмыстың қорытындысы берілуі керек.

  1. Кезекті тәжірибелік жұмысқа студенттер оның алдындағы орындалған жұмысты бітіріп, ол бойынша есепті жазбасын өткізгеннен кейін ғана жіберіледі.

  2. Тәжірибелк жұмыстар қалыптасқан тәртіп және университет стандарты бойынша рәсімделуі керек.

1 тәжірибелік жұмыс

Жедел полиграфияда әртүрлі әдістермен алынған таңбалардың сапасын салыстырмалы түрде бағалау

Жұмыстың мақсаты

Жедел полиграфияда кеңінен таралған басу әдістерімен алынған таңба сапасын бағалау. Таңба сапасын бағалау әдістерін үйрену.

Жұмыстың мазмұны

  1. Жұмысты орындау үшін әкелінген тесттік таңбалар элементтерімен танысу.

  2. Берілген тесттік таңбаның нүктелендіруін анықтау, мәтіннің, жартылай реңді шкалалардың, т.б. элементтердің берілу сапасын анықтау. Цифрлық технология мен (электрофотография, ризография, бүрікпелі басылым) және дәстүрлі басылым сапасын салыстыру, бағалау.

Теориялық негіздемесі

Жедел полиграфияда басу әдісінің көптеген түрлерін қолданады: офсетті, электрофотографиялық, бүрікпелі, т.б. Олардың негізінде әртүрлі процестер жатыр. Олар бір-бірінен түс шығару мүмкіндіктерімен, бейненің ұсақ элементтерінің шығарылу дәлдіктерімен ажыратылады.

Таңба сапасының негізгі сипаттамасын анықтау әдісі. Таңба сапасын салыстыру үшін мәтінді, жіңішке сызықшаларды, жартылай реңді бейнелерді өндіруді бағалау керек. Ол үшін тесттік элементтер басылған таңбалар қолданылады. Тестік элементтерге төмендегі элементтер жатады:

  • әртүрлі кеглдегі (2 пт-тен бастап), гарнитурадағы, сызбадағы (қалың, курсив) түрлі шрифттер (кесілген немесе засечкасымен) тобы. Мұнда шрифттерді барлық ұсақ бөлшектері (засечкалары, сызықшалары) басылған, оқылатын ең минималды кеглін өндіру сапасы анықталады (1.1 а-сурет а);

  • выворотка (қара фондағы ақ түсті мәтін) (1.1 а- сурет );

  • Мира . Мира дегеніміз – белгілі ретпен орналасқан басу процесінде жеке-жеке басылатын, ендері әртүрлі сызықшалар тобы. Басу процессінде нүктелендіру қабілетін анықтау үшін қолданылады (1.1 в - сурет);

Нүктелендіру (R) - белгілі бір ұзындық бірлігіндегі басу процесі кезінде жеке-жеке басылатын сызықшалар немесе нүктелер саны. Көшіру процесінің нүктелендіру қабілеті келесі жолмен анықталады: мира бейнеленген көшірме 10-20 есе үлкейтіліп, жеке-жеке өндірілген сызықшалар тобының номерін анықтайды. Одан кейін оның жиілігі анықталады. Ол R-ға тең. Ол көрсетілмеген жағдайда , оны сызықшалардың арақашықтығын өлшеу (L) арқылы анықтайды. Кейде тесттік таңбаларда мираның сызықшалар тобы жанында сызықшалар енінің өлшемі көрсетіледі. Онда нүктелендіру қабілеті келесі формулада анықтауға болады R= 1/2r, r - сызықшалар ені.

Цифрлық көшіру-шығару техникасының нүктелендіру қабілеті әр бағытта әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан, мүмкіндігінше әр бағытта орналасқан сызықшалар тобы бар мираны қолданған абзал.

  • Ені әр түрлі жеке сызықтар тобы. (1.1 г-сурет). Тесттің бұл элементі арқылы жеке тұрған ұсақ бөлшектерді өндіру бағаланады. Сызықтар қаншалықты тік, дәл берілгендігін немесе бұлыңғырлығы анықталады;

  • Сұр шкала. Бейненің градациялық қасиетін анықтау үшін қолданылады. (1.1 д –сурет) Бейне градациясының неғұрлым толық берілуін градациялық қисықтар графигі арқылы бағалауға болады. Түпнұсқа бейнесінің градациясын Dот (Dор) координатасында көрсетеді. Dот- таңбаның оптикалық тығыздығы, Dор – денситометрмен өлшенген түпнұсқаның оптикалық тығыздығы.

Денситометр дегеніміз - бейненің белгілі бір аймағын (Fo) түскен жарық ағынының

шағылған мөлшерін (Fp) өлшеуге арнаған құрал. Денситометр көрсететін оптикалық тығыздық мөлшері D = Lg (Fo/Fp).

Градациялық график екі ось бойынша бірдей масштабта болу керек. 1.2-суретте көрсетілген графикте 1 қисық түпнұсқа градациясының көшірмеде дәл берілгендігін көрсетеді. (Dор = Dот). 2-қисық түпнұсқаға қарағанда көшірмеде қанықтау бейне алынғандығын көрсетеді. 3,4 қисықтар градацияның бірқалыпты берілмегендігін көрсетеді. Градациялық қисықтар тек таңба алу процессін сипаттау үшін ғана қолданылмайды. Оның басу процессін тиімді реттеу үшін де маңызы зор. Түпнұсқа мазмұнына қарай (маңызды бөлшектердің орналасуына қарай) тиімді градациялық қисықты бақылай отырып, түпнұсқа мазмұнына қарай талдап, тиімді басу режимін таңдауға болады.

  • Плашка. Плашка – бояуы бірдей тығыздықтағы қара жолақ (1.1 е - сурет). Бояудың тегіс, қалың боялған ауданда түстің біркелкі берілуін бағалау үшін қолданылады. Жай көзбен немесе бірнеше нүктеде өлшенген оптикалық тығыздық арқылы бағаланады.

1.1 е- сурет

1.1 а- сурет

1.1 г- сурет

1.1 д- сурет

1.2-сурет.

Градациялық график