
- •2.6. Бағалау бойынша ақпарат.
- •2.7. Курс саясаты және процедурасы
- •2.8. Пәннің оқу-әдістемелік материалдары
- •2.8.1. Курстың тематикалық жоспары
- •2.10. Сөж тапсырмалары және олардың орындалу графигі
- •2.11. Рубеждік және қорытынды бақылау тапсырмалары
- •2.12. Әдебиеттер тізімі.
- •3 Дәріс кешені
- •1.2 Ом және Кирхоф заңдары. Электр тізбектеріндегі атаулар
- •Айнымалы тоқтың үшфазалы жүйесі
- •3.1 Айнымалы тоқтың үшфазалы жүйесі
- •4 Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •5 Типтік есептер есептеу графикалық жұмыстар, зертхана жұмыстары және курстық жұмыстарға араналған әдістемлік нұсқаулар Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: «Қарапайым тұрақты тоқ тізбектерін зерттеу»
- •Зертханалық жұмыс № 2. Тұрақты тоқтың күрделі электр тізбектерін зерттеу
- •Зертханалық жұмыс № 3.
- •Зертханалық жұмыс № 4
- •Зертханалық жұмыс № 5 Айнымалы тоқтың үшфазалы тізбектерін зерттеу
- •6 Студенттің өз бетімен жұмыс жасауына арналған материалдар
- •6.1. Соөж тапсырмалары
- •6.2 №1 Аралық бақылау есебі:
- •6.3 Реферат тақырыптары
- •7. Пән бойынша өндірістік тәжірибе
- •8. Ағымдағы және қорытынды бақылау
- •9.Пәннің бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыздануы
- •Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер, лабораториялар тізімі.
5 Типтік есептер есептеу графикалық жұмыстар, зертхана жұмыстары және курстық жұмыстарға араналған әдістемлік нұсқаулар Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: «Қарапайым тұрақты тоқ тізбектерін зерттеу»
Жұмыс мақсаты: Қарапайым тұрақты тоқ тізбегінің жұмысын бақылау, кернеу және тоқ күшін мультиметр және виртуалды аспаптармен өлшеумен таныстыру. Тұрақты тоқ тізбектеріндегінегізгі параметрлерінің арасындағы байланыстарды зерттеу. Ом және Кирхгоф заңдарының орындалуын бақылау
Зертханалық қондырғының сипаттамасы
UniTr@in-I
Интерфейстік модулі UniTr@in-I-жүйесінің
орталық құрылғысы болып табылады. Оның
тәжірибе жүргізу үшін әр түрлі кіріс
және шығыстары, реле және өлшеуіш
техникасы бар. Оның меншікті микропроцессоры
және өлшемдерді сақтайтын құрылғысы
бар. Компьютерге (USB) порты немесе RS232
(COM) порты арқылы тәжірибе өткізуге
қажетті аппаратура жалғанады, тәжірибенің
нәтижелері компьютерге, ал енгізілетін
мәліметтер интерфейстік модульге
беріледі.
4 - Сурет UniTr@in-I Интерфейстік модулінің сыртқы көрінісі
Аппаратураны пайдалану және қондыру, сонымен қатар реалды уақыт масштабында өлщемдерін жүргізу L@Bsoft бағдарламасы негізінде виртуалды аспаптар арқылы орындалады (ВП-стартер).
Интерфейстік модуль UniTr@in-ге бір немесе бірнеше сынақ тақталары жалғануы мүмкін. Сынақ тақталарына экспреименталды платалар орнатуға болады. Әр жұмыстың өзінің эксперименталды платасы болады (5-сурет).
5- Сурет. UniTr@in-I Интерфейстік модулге жалғанып тұрған сынақ тақтасы(эксперименталды платасы орнатылған)
ТАПСЫРМА
Қарапайым тармақталмаған тізбектегі кернеулерді және тоқтарды виртуалды аспаптар және мультиметр көмегімен өлшеу
Тармақталған резисторлары параллель жалғанған тізбектегі тоқтарды және кернеулерді өлшеу
Өлшеулердің қорытындысы бойынша әр түрлі схемалардағы ортақ кернеулері мен тоқтары, кедергілері туралы қорытынды шығару.
Тәжірибелер бойынша анықталған параметрлерді, есептеу арқылы тапқан параметрлермен салыстырыңыз
Элементтердің Вольт -Амперлік сипаттамаларын тұрғызыңыз
Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз
Зертханалық жұмыс № 2. Тұрақты тоқтың күрделі электр тізбектерін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Тұрақты тоқ тізбектерінің негізгі заңдарының орындалуын эксперименталды түрде зерттеу. Электр тізбегін есептеу әдістерінің орындалуына көз жеткізу.
Зертханалық қондырғының сипаттамасы
Жұмысты орындауға У-1А, У-1Б зертханалық қондырғылары пайдаланылады.
У1А қондырғысында тұрақты кернеу көзі Е1 = 20 В, резисторлардың жиынтығы , миллиамперметрлер орнатылған, орналасқан (сур.5 )
У1А қондырғысында орналасқан резисторлардың кедергілерінің мәндері
R1= 3000 Om
R2=2000 Om
R3=1000 Om
R4= 500 Om
R6=300 Om
R7=100-1100 Om
R8=100 Om
R9=240 Om
сур.5- У1А қондырғысының көрінісі
У1Б қондырғысында реттеуге келетін тұрақты кернеу көзі Е1 = (0-20) В, вольтметрлер орналасқан (сур.5)
сур. 6 - У1Б қондырғысының көрінісі
ТАПСЫРМА
1. 7 суреттегі электр тізбегінің I1, I2, I3 тоқтарын Кирхгоф заңдары бойынша және түрлендіру әдістерін қолданып есептеңіз, тапқан мәндерін № 1.1 таблицасына енгізіңіз. Кедергілердің мәндерін оқытушының тапсыруы бойынша қабылдаңыз
2. 8 суреттегі электр тізбегінің I1, I2, I3 тоқтарын контурлық тоқтар және қабаттасу әдістерін қолданып есептеңіз, тапқан мәндерін таблицаға енгізіңіз. Кедергілердің және екінші ЭҚК Е2 мәндерін оқытушының тапсыруы бойынша қабылдаңыз
3. Оқытушының тапсырмасы бойынша контур үшін потенциалдық диаграмма есептеп, тұрғызыңыз