- •2.6. Бағалау бойынша ақпарат.
- •2.7. Курс саясаты және процедурасы
- •2.8. Пәннің оқу-әдістемелік материалдары
- •2.8.1. Курстың тематикалық жоспары
- •2.10. Сөж тапсырмалары және олардың орындалу графигі
- •2.11. Рубеждік және қорытынды бақылау тапсырмалары
- •2.12. Әдебиеттер тізімі.
- •3 Дәріс кешені
- •1.2 Ом және Кирхоф заңдары. Электр тізбектеріндегі атаулар
- •Айнымалы тоқтың үшфазалы жүйесі
- •3.1 Айнымалы тоқтың үшфазалы жүйесі
- •4 Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •5 Типтік есептер есептеу графикалық жұмыстар, зертхана жұмыстары және курстық жұмыстарға араналған әдістемлік нұсқаулар Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: «Қарапайым тұрақты тоқ тізбектерін зерттеу»
- •Зертханалық жұмыс № 2. Тұрақты тоқтың күрделі электр тізбектерін зерттеу
- •Зертханалық жұмыс № 3.
- •Зертханалық жұмыс № 4
- •Зертханалық жұмыс № 5 Айнымалы тоқтың үшфазалы тізбектерін зерттеу
- •6 Студенттің өз бетімен жұмыс жасауына арналған материалдар
- •6.1. Соөж тапсырмалары
- •6.2 №1 Аралық бақылау есебі:
- •6.3 Реферат тақырыптары
- •7. Пән бойынша өндірістік тәжірибе
- •8. Ағымдағы және қорытынды бақылау
- •9.Пәннің бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыздануы
- •Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер, лабораториялар тізімі.
4 Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тұрақты тоқтың сызықты электр тiзбектерi. Курстiң бұл бөлiмiнiң зерттеулерi бастың алдында тұрақты тоқтың физика пәнінен н негiзгi заңдарын есiне түсiру керек. Негiзгi формулалар және ұғымдардың мазмұндарын көп студенттер дұрыс түсiнбейтінін тәжiрибе көрсетіп жүр. Мысалы, негiзгi түсініктердің бірі - ЭҚК болып табылады. ЭҚК электростатикалық емес түсінік емес екенін айқын түсiну керек. Сондықтан эққ туғызатын күштерді сыртқы күштер деп атайды. Бұл күштердiң химия ток көздерiнде химия табиғаты болады, оған өнеркәсiптiк генераторларында магниттiк индукцияны ағынның өзгерiсінен пайда болатын (бiрақ электростатикалық емес) құйын тәрiздi электр өрiсi болып табылады. Бұл күштер энергия көзінің ішіндегі зарядтарға энергиясын беріп оларды тасымалдау функциясын атқарады , олар электростатикалық күштерге қарсы жұмыс iстейді. Сондықтан да схемаларда кернеу көздерінде ЭҚК бағытын теріс полюстен оң плюске бағыттап көрсетедң.
Ом заңының барлық жағдайда орындалмайтынын айта кету керек. Ом заңы орындалатын элементтер сызықтық деп аталады? Алорындалмайтын элементтер бейсызықты болдаы осыған баййланысты тізбектер сызықтық және бейсызықты болып бөлінеді. Техникада бейсызықты элементтер көп кездеседі (электронды лампалар,жартылай өткізгіш аспаптар).
Электр тізбектерін есептеудің бірнеше әдістері бар. Олардың бәрі Кирхгоф заңдарына негізделген , сондықтан Кирхгоф заңдарын жақсы менгеру керек. Ол үшін есептерді шығаруға көп көңіл бөлу керек.
Айнымалы тоқтың сызықты электр тiзбектерi. Бұл бөлімді оқып бастағанда синусоидалы функцияларды көрсету формаларына көп мән беру керек. Мысалы тізбектің тоғын, кернеуін векторлық диаграммалар түрінде кескіндеу. Сонымен қатар комплекстік түрде көрстеудің маңызы зор. Бұл бөлімді қақсы түсіну үшін бірнеше рет әртүрлі тізбектер үшін векторлық диаграммалар құрастырп үйрену керек және есептерді шығаруға көп көңіл бөлу қажет.
Үш фазалы тізбектер. Үшфазалы ЭҚК алу жолын қарастыру керек. Үшфазалы генреатордың орамдарының жалғану схемасын сызып ондағы кернеулерді көрсете білу қажет. Қабылдағыштың үш фазалы тізбекекеқосу схемаларын сызып үйреніп, әр түрлі режимдерді анализ жасап олардың векторлық диаграммасны тұрғызып үйрену қажет. Бейтарап өткізгіштің ролін білу керек. Үш фазалы тізбекке әр түрлі қабылдағыштарды жалғап оларды әртүрлі режимдегі жұмысын анализ жасауды үйрену қажет және үш фазалы жүйенің қуаттарын анықтаудың формулаларын қолдануға есептер шығаруды қарастырған жөн.
Бейсинусоидалы электр тізбектер. Бұлтарауды оқығанда абсолют тұрақты н/е абсолют синусоидал тоқтарды алу өте қиын екенін : генераторлардың ЭҚК-тері дәл тұрақты н/е синусодал болмайды, солықтамалы болып келеді. Мұның себебі генераторлардың конструкциялық кемшіліктерімен қатар тізбектерде бейсызықты элементтердің болатындығынан түсіну керек. Сонымен қатар,периодты бейсинусоидал тоқтар кейбір электрондық құрылғылардың жұмысы үшін керек болатындықтан оларды әдейі тудырады. Мысалы,белгілі бір пішінді бейсинусоидал тоқтарды электрондық генетаторда (мультивибраторда) алады.
Периодты бейсинусоидал ЭҚК-тің,кернеудің және тоқтың тұрақты және синусоидал құраушыларын өрнектердің көмегімен аналитикалық жолмен н/е графикалық әдіспен табуға есептерді шығаруды көп қарастыру қажет.
Сонымен қатар жиіліктен тәуелді кейбір тізбектер индуктивтік пен сыйымдылықтық кедергілердің жиілікке байланысты екені және индуктивтілік тұрақты токқа кедергі жасамайтындығы, ал сыйымдылықтың оны өткізбейтіні белгілі. Индуктивтілік пен сыйымдылықтың осы қасиеттері практикада әртүрлі қондырғыларда пайдаланылатынын қарастыру қажет.
Емтиханға дайындық. Емтиханды тесттік формада тапсыратын болғандықтан, студентке әрбір дәріс үшін берілген бақылау сұрақтарына жауаптарды тауып, оларды талдап отыруы көп көмек тигізеді. Сонымен қатар практика сабақтарының үй тапсырмасын орындау формулаларды еске сақтауға көмектеседі. Әр тақырыптан кейін бақылау сұрақтарына жауаптарды қайталау қажет. Негізгі әдебиеттен бөлек қосымша әдебиеттерді қолдану қажет.
