Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус по математика в экономике (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.94 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғарғы мектебі

Экономика, менеджмент және туризм кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Экономика, бизнес және

Әлеуметтік ғылымдар жоғарғы

Мектеп директоры

__________________________

«_____» ____________ 2013 ж.

Оқу бағдарламасы (Syllabus)

Пән «Экономикадағы математика»

Мамандық – 050509 – «Қаржы», 050506- «Экономика», 050507 – Менеджмент»,

050508 – «Есеп және аудит»

Оқу түрі күндізгі

Барлық кредит саны 3

Курсы 1

Семестрі 1

Дәріс 30 сағат

Семинар сабақтары 15 сағат

СОӨЖ 15 сағат

АБ саны 2

СӨЖ 75 сағат

Емтихан І семестр

Барлық сағат 135 сағат

Астана-2013

«Экономикадағы математика» пәнінің бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғары кәсіптік білім берудің Жалпыға міндетті білім беру стандартының дипломдандырылған мамандарды (бакалавр) дайындау деңгейіне және міндетті минимум мазмұны талаптарына (таңдау компоненті, профилдеуші пәндер циклы) сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңесінің «6» маусым 2006 жылғы шешімімен бекітілген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясы ұсынған («25» мамыр 2006 ж. № 4 хаттама) «Экономикадағы математика» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес дайындалған

Бағдарлама «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

«__»___________2013ж. № _______ хаттама

Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к., доцент Кемельбаева С.С. ____________

Бағдарламаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер

2013/2014 оқу жылы

Бағдарламаға келесідей өзгерістер енгізілді:

Бағдарлама «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының

«__»____ 2013 ж.

отырысында қаралып, бекітілді (хаттама №___)

Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к., доцент Кемельбаева С.С.____________

Енгізілген өзгерістерді бекітемін_____________

1.1. Оқытушы жөнінде мәлімет:

Солтыбаева Ляззат Сакеновна – аға оқытушы, математика магистрі

1.2. Ғылыми қызығушылығы:

Екілік интегралдар мен туындылар және олардың түрлендірулері

1.3. Тілді меңгеруі:

қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі- жалғастыру курсы

1.4. Пререквизиттер:

1. Элементар математика

2. информатика

1.5. Постреквизиттер

  1. Эконометрика

  2. Экономикалық математикалық модельдеу

  3. Берілгендерді талдау және экономикалық болжау

1.6. Оқу пәнінің сипаттамасы.

Берілген курс университеттің экономика мамандықтарының студенттерін даярлауда олардың математика бойынша фундаментальді білім алуына арналған. Сонымен қатар күнделікті практикалық есептерді шешу үшін математикалық ақпаратты қолдану дағдысын дамытуға жағдай жасайды. Курс математиканың келесі бөлімдерін қамтиды: математикалық анализ, аналитикалық геометрия, сызықтық алгебра.

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Экономикадағы математика курсын жүргiзу барысында студенттердiң ойлау қабiлетiн арттыратыны, технологиялық процестерiн терең түсiнуге көмектесетiнi анық.

Экономикадағы математика курсы векторлық алгебра, сызықтық алгебра, аналитикалық геометриядан басталады. Одан кейiн математикалық анализ кiрiспесi, бiр айнымалы функцияның дифференциялдық есептеуi қосылады.

Сонымен бiрге бiр айнымалы функцияның интегралдық есептеуi, көп айнымалы функцияның дифференциялдық есептеуi, дифференциалдық теңдеулердiң бөлiгi және олардың экономика есептерiне қолданылуы қарастырылады.

Студенттердің берілген пәнді оқудағы негізгі мақсаттары:

  • «экономикадағы математика» пәнін оқыту жоғары білікті экономистерді базалық дайындаудың талап етілетін деңгейіне сәйкес жүргізіледі;

  • көрсетілген бөлімдер бойынша математиканың фундаментальды аппаратын игеру;

  • практикалық және қолданбалы есептерді шеше білу;

  • математика бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды кеңейту және терңдету;

  • математикалық мәдениетті үйрену.

Курстың міндеттері: Пәнді оқып үйренудің негізі – жоғары кәсіптік білім берудің Мемлекеттік міндетті стандартында белгіленген талаптарды жүзеге асыру, экономика және экономикалық процесстерді басқару мәселелері бойынша мамандар дайындау.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білу қажет:

  • математика нені зерттейтінін, математика әдістерін басқа ғылым дамуындағы математика ролін, математикалық әдістерді қайда жэне қалай қолданатынын біледі;

  • математикалық есептерді шешіп, практикада қолдана алады;

  • пәннің барлық тақырыптарына байланысты есептерді шығара білу дағдысы бар.

Пәннің талаптары

  • Сабаққа кешікпей келу, себепсізден сабақты жібермеу. Әр қалған сабақтары үшін оқытушының бос уақытында тапсырмаларды тапсыру, денсаулығына байланысты қалса, анықтамасын көрсету;

  • Үй тапсырмасын орындау, сабаққа дайындықпен келу;

  • Сабақта отырып сөйлеспеу, сағыз шайнамау, сонымен бірге ұялы телефонын сөндіру қажет;

  • Сабаққа ұқыпты күйде таза киіммен келу, сабаққа жауанкершілікпен қарау.

Оқыту факторы

Оқыту элементтері – дәріс, семинар сабақтары, СОӨЖ, СӨЖ.

Бақылау түрлері – коллоквиум, компьютерлік тестілеу, кезендік бақылау.

Қорытынды бақылау түрі – емтихан.

Білімді бағалауға арналған сұрақтар тізімі

Барлық сұрақтар және тесттер дербес компьютерде «АСТ» тестілеу қабықшасының электрондық базасында орналасқан. Әр жыл сайын тест сұрақтары жаңартылып отырады.