Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ОЗ каз 2012 микробиология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
988.67 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ C-07.1.12

Шығарылған күні:

Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс #:

25 беттің 28 беті

СИЛЛАБУС

микробиологиЯ бойынша_________________________________

(пәннің атауы)

Пәннің коды______mik 2210______________________________________

Мамандығы_____051102 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»__________

(шифр және мамандық атауы)

Дәріс___30__сағат

Тәжірибелік сабақ __45__сағат

ОСӨЖ __75___кредит

СӨЖ ___75___сағат Емтихан___IV______

(семестр)

Диф. сынақ_______

(семестр)

Барлығы __225____сағат, (5 кредит)

Курс___________II_________________________________________________

Семестр_______III-IV_______________________________________________

Астана, 2012 ж.

Силлабус ҚР мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. Бакалавриат. (Астана, 2006). 051102 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша МИКРОБИОЛОГИЯ пәнінен жұмыс бағдарламасы негізінде өңделген.

Дайындаған: м.ғ.к., доцент Асемова Г.Д.

Силлабус 051102 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік медицина академиясында оқитын студенттерге арналған.

20__ жылы «__» маусым айында кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген, № хаттама.

Кафедра меңгерушісі _____________ Досмағамбетов М.Ө.

2.2 Пәннің мақсаты

Студенттерде экожүйесіндегі микроорганизмдердің ролі, микробтық табиғаты бар аурулардың этиологиялық диагностика негіздері, қоршаған орта объектілерінің биологиялық ластану деңгейінің индикациясы және тұрғындардың денсаулық сақтауына қолдануы туралы заманауи білім қалыптастыру.

2.3 Пәннің міндеттері:

  • патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу (морфологиялық, физиологиялық, молекулярлы-генетикалық);

  • табиғатта (макроэкология) микроорганизмдердің таралуы және олардың жұқпалы аурулар тудыруындағы маңызды ролі туралы білім қалыптастыру;

  • жүйелі білім қалыптастыру: микроорганизм мен макроорганизмнің өзара қарым-қатынасы және қоршаған ортамен. Нормофлора (микроэкология) және оның дисбактериоз дамуына маңызы;

  • заманауи микробиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық зерттеу әдістерін емдеу-профилактикалық мекемелер тәжірибесінде қолдануы туралы білім қалыптастыру;

  • кең таралған микробты табиғаты бар аурулардың типті зертханалық диагностика әдістерін, қоршаған орта объектілерінен микробтарды анықтау әдістерін үйрету;

  • қоршаған орта объектілерін микробиологиялық бақылау әдістерін үйрету;

  • биопрепараттар дайындау үшін микроорганизмдерді қолдану туралы білім беру;

  • аурудың даму механизмдері (ауру патогенезі) және олардың алдын алу жолдары мен емдеу туралы қазіргі замаңғы білім қалыптастыру.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент

білуі тиісті:

  • пәннің мақсатын, міндеттерін және келешек мамандыққа олардың алатын ролін;

  • микробиология және иммунологияға қарасты экожүйенің қызмет атқару заңдылықтарын: микроб-адам-қоршаған орта;

  • микробты табиғаты бар микроорганизмдердің ролін және олардың микробиологиялық диагностикасын;

  • қоршаған орта объектілерін микробиологиялық тестілеу әдістерін және олардың микробиологиялық қауіпсіздік тұрғыдан бағалау;

істей алуы тиісті:

  • микробтық табиғаты бар аурулардың диагностикасы және қоршаған орта объектілерінен санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдерді анықтау үшін стандартты микробиологиялық зерттеу әдістерін қолдануын;

  • микробиологиялық зерттеулер қорытындыларын интерпретация жасауын;

  • клиникалық-микробиологиялық, санитарлық-микробиологиялық және санитарлық-вирусологиялық зерттеулер үшін материал алу және жолдама құжаттарын толтыру;

  • жұқпалы аурулар эпидемиясы даму күдік туған жағдайда микробиологиялық қауіпсіздік туралы білімін қолдану;

дағдыларын меңгеруі тиісті:

  • тексеру материалын алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу;

  • микроскопиялық зерттеу әдісін жүргізу.

2.5 Пәннің алғы реквизиттері

Химия, экология, биохимия, медициналық биофизика, молекулярлы биология және медициналық генетика, физиология, гистология.

2.6 Пәннің кейінгі реквизиттері

Жалпы гигиена, эпидемиология, жұқпалы аурулар, қоршаған орта және денсаулық, тағам гигиенасы.

2.7 Пәннің қысқша мазмұны

Микробология пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері; микроорганизмдрдің жітелуі. Бактериялар, саңырауқлақтар мен ашытқылар, вирустардың морфологиясы, генетикасы мен физиологиясы, таралу жолдары, олардан организмнің қорғану механизмдері, зертханалық идентификациясы. Түрлі ағзалар мен жүйелерде ауру тудыратын қоздырғыштарды биологиялық қасиеттері, патогенді факторлары, зертханалық диагностика ерекшеліктері, арнайы емі мен сақтандыру. Адам организмінің қалыпты микрофлорасы. Дезинфекция, асептика, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Микроорганизмдердің экологиясы. Жалпы иммунологияның негідері, иммунды статусты бағалау. Ксенобиотиктердің, ионизациялық сәулелердің, электромагнитті және микротолқнды сәулелердің иммунодепрессивті әсері, иммунопрофилактикасы.