Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15 лекции ДӘРІС КЕШЕНІ ЭТН 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.98 Mб
Скачать

15.3 Сурет –Бірізді lc сүзгілер схемалары

15.4 Сурет – Параллель lc сүзгілер схемалары

Сүзгілер белгілі бір гармониканы өткізіп н/е белгілі бір гармониканы басқа гармоникадан бөліп алу үшін де қолданылады. Мұндай мақсат үшін индуктивті шарғы мен конденсаторды бірізді н/е параллель жалғап, оларды кернеулер мен тоқтар резонансына түсіреді.Тізбек резонансқа түсу үшін (kω)2LC=1 болуы керек. Егер осы шарт орындалса,онда оларды бірізді жалғаған кезде (15.3,а-сурет) к-шы гармоникаға тізбек кедергі көрсетпейді де, ал басқа гармоникаларға және тұрақты құраушыға үлкен кедергі жасап,оларды қатты азайтады. Сондықтан электр қабылдағышпен тоқтың к-шы гармоникасы ғана өтеді.

Егер осы бірізді жалғанға индуктивті шарғы мен конденсаторды электр қабылдағышқа параллель қосса (15.3,б-сурет), онда электр қабылдағышта керісінше тоқтың к-шы гармоникасы болмайды-ол LC тармағымен кетеді.

Егер индуктивті шарғы мен конденсаторды параллель жалғап,оларды тоқтар резонансына түсірсе,онда бірізді қосылған электроқабылдағышта (15.4,а-сурет)к-шы гармоника болмайды да,ал параллель қосылған электр қабылдағышта керісінше жаңағы к-шы гармоника бөлініп шығады(15.2,б-сурет). Мұндай электр сүзгілері айнымалы ток түзеткіштерінде және радиотехникада кеңінен қолданылады.

Бақылау сұрақтары

  1. Ендеше қабаттасу принципіне сүйене отырып бейсинусодал ЭҚК-ті қалай қарастыруға болады ?

  2. Тұрақты токқа кедергі жасамайтын элемент қандай ?

  3. тұрақты токты өткізбейтін элемент қандай ?

  4. Индуктивтілік пен сыйымдылықтың қандай қасиеттері практикада сүзгі ретінде пайдаланылады

  5. Қандай құрылғыларды электр сүзгілері деп атайды ?

  6. Сүзгілер не үшін қолданылады ?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]