Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
проф каз яз для ин яз готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140.33 Кб
Скачать

1.Мәтінді оқып,диалог құрастырыңыздар. Джордж Вашингтон

(1732-1799)

Джордж Вашингтон АҚШ-тың ең бірінші президенті болған.Ол муниципалдық полицияда полковник шенінде қызмет істеп жүріп, адамдарды басқару тәжірибесін жинақтаған.Тәуелсіздік үшін соғыс басталғанда, Вашингтон колониялдық әскердің бас қолбасшысы болып тағайындалған.

Революциялық соғыстың жеңісінен кейін, Вашингтон өкімет басшылығын өз қолына алуға және елде әскери басқарма құруға мүмкіндігі болды, бірақ ол Республикаға және Америка халқының жарқын болашағына қатты сенді.

1776 (бір мың жеті жүз жетпіс алтыншы) жылғы 4 шілдеде тәуелсіздік декларациясы бекітіліп, Америка Құрама Штаты егеменді ел деп жарияланды.

1789 ( бір мың жеті жүз сексен тоғызыншы) жылы Джордж Вашингтон жаңа республиканың бірінші президенті болып сайланады. Вашингтон 1797 (бір мың жеті жүз тоқсан жетінші) жылы өзінің өзінің президенттік орнынан екі мерзімнен артық болмаймын деп бас тартады. Ол қайтыс болғаннан кейін, Америка Құрама Штатының астанасы оның атымен аталады.

4 – САБАҚ

Лексикалық тақырып: Шетелдерде оқу

Граматикалық тақырып: Етіс категориясы

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Шетелдерде оқу

Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік бірлестікке енуі қазақстандық жастардың шет елдерде оқуына мүмкіндік туғызды. Қазір ғылым және білім беру министірлігі серіктестіктерімен бірге мамандарды шет елде дайындау жұмыстарын жүргізуде. 600-ден астам Қазақстан азаматтары шетелдік жоғары оқу орындарында оқиды. Сонымен қатар өз қаражаттарымен оқып жатқан жастар саны да өте көп.

Осыған орай шет елде оқудың төрт жолы бар.

1. Өз қаражатымен, не демеушінің көмегі арқылы.

2. Екі жақтық келісім арқылы.

Көптеген шетелдік ұйымдар Қазақстанға кадрлар дайындауға көмек көрсетуде. Олар жыл сайын шетелдік университетте оқу үшін гранттар бөлуде. Оқуға арнайы сынақ жүргізіледі. Сынаққа қатысу ережесі қоғамдық ақпарат құралдарында жарияланады. Мысалы, осы сайыстарды жүргізуші ұйымдар.

1) АҚШ-тың ақпарат бөлімі(ЮСИС)

2) Білім беру және тілдерді үйрету саласындағы америка ынтымастақтық кеңесі

3) «Сорос –Қазақстан» қоры

4) Британ кеңесі

5) Қазақстандағы Франция елшілігінің лингвистика мен педагогикалық ынтымастақтық бюросы т.б.

3. Халықаралық келісімдер бойынша алмасу.

Қазір білім беру саласында Араб Республикасы, Египет, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түркия, Монғолия, Испания, Болғария, Британия,Америка,Германия, т.б. елдермен ынтымақ

тастық қарым- қатынас келісіміне қол қойылды.

4. «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту.

Сөздікпен жұмыс:

бірлестік - объединение

ену - вхождение

мүмкіндік - возможность

қаражат – средства, финансы

демеуші - спонсор

екі жақтық - двухсторонний

ереже - правило

ақпарат құралдары – информационные средства

елшілік - посольство

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2 Тапсырма. Сөйлемдерден етіс категорияларының түрін анықтап, құрамына қарай талдаңыз.

Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске асырылды. Ұлы жол үйінің табалдырығынан басталады (мақал).

Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас(мақал).

Әбішім мен Кәрімім жаңа парталар мен тақталарды көтерісті. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді. Сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқып, орыс тіліне бергізеді, мәтіндерді қазақша оқып, орыс тіліне аудартқызады, сөйлемдерді жазғызып, талдаулар жасаттырады. Ғ. Мүсірепов ең алғаш 1928 жылы газетте жарияланған «Тулаған толқында» повесімен көрінді. Мен суықтан сақтанамын.

Бүгінгі қайталайтынымыз

1.Ырықсыз етіс: түбір + -ын, -ін,-н

(страдательный) -ыл, -іл, -л

2. Ортақ етіс: түбір + -с, - ыс, -іс

(совместный)

3.Өзгелік етіс: түбір + - қыз, -кіз, -гіз, -ғыз, -дыр, -дір,

-тыр, -тір, -т

4.Өздік етіс: түбір + -н, -ын, -ін