Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
проф каз яз для ин яз готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140.33 Кб
Скачать

Лексика - грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

2– Тапсырма

Мәтіннен антоним сөздерді табыңыз.

Улгі:дос – дұшпан

қымбат - ...

табу - ...

жеңіс - ...

жаңсақ - ...

нәзік - ...

жақсылық - ...

шыдамсыздық - ...

оңай - ...

ауыр - ...

қуану - ...

кішкентай - ...

3-тапсырма. Мәтіннен өзіңізге ұнаған сөйлемдерді оқып шығыңыз.

4-тапсырма. Мына етістіктермен сөз тіркесін жасаңыз.

Үлгі: батылдыққа шақыр; тек жақсылықты алуан үйрет.

ә. үйрет

б. қалыптастыр

в. үйреткейсіз

г. шақыр

д. қалаймын

ж. әдеттендір

5-тапсырма. Мәтіннен болымсыз, белгісіздік есімдіктері табыңыздар.

6-тапсырма. Мына сөздер қай жақта тұр? Осы етістіктермен сөз тіркесін жазыңыз.

а. үйренсін

ә. білсін

в. оқысын

7-тапсырма.

а) Авраам Линкольннің хатынан үзінізді жазыңыз.

ә) Осы хат туралы пікіріңізді жазбаша жазыңыз.

Оқытушының басшылығымен жүргізулетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

ұмыта алмау – не забудь

алғашқы – первый

ойдан-қырдан – отовсюду

мектеп табалдырығы – порог школы

ілесу – успевать за кем-то

қадам басу – делать шаг

қиял – мечта, воображение

арман – цель

шындау – уточнять, воплощать

ұғу – понять, соображать

көлеңке – тень

кедергі – препятсвие, преграда

кешірмеу – простить

Сәлеметсіз бе, ұстаз?

Сізді мен әлі ұмыта алмай жүрмін. Ұмытқым да келмейді, апай.

Ойдан-қырдан жиналған 25 бала, бала емес балапандар мектеп табалдырыған алғаш аттаған оқушылар ортасында тұрып: «Кім жүзге дейін санай алады?», - дедіңіз.

Алғашқы болып мен шықтым. Алғаш рет ұстаз алдында жауап бердім. Алғашқы бестігімді, сіз сыйлаған, сіз шексіз қуантқан бағамда құшақтап, үйге жүгірдім.

Өмір атты ұлы көшке ілесерде, дүние жалғанға алғаш қадам басқанда, арманымызды шындаған, аруақты ұстаздар, сіздерге мың алғыс.

Бізді осы күнге жеткізген де сіздер, қиялымызға қанат болған да сіздер, қателігімізге күйіп, қуанышымызға бірге шаттанған да сіздер.

Сіздердей қимай, алтын ұясын қимай әр жылғы түлектер жыласа, әрбір шәкірттің көз жасы, тұп-тұнық көз жасы, ең қымбат, ең ыстық көз жасы өздеріңізге берілген баға деп ұғыңыздар. Мектеп алтын ұя болса, біз сіздердің мәңгі, иә, мәңгілік балапандарыңызбыз.

Көңілдеріңізде көлеңке, өмірлеріңізде кедерге болмасын. Өйткені сіздер ұстазсыздар. Ал ұстаздар мәңгі кішіреймеуі керек.

Лексика - грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

а. Ең бірінші ұстазыңыз есіңізді ме?

ә. Сүйікті ұстаздарыңыз көп болды ма?

б. Мектепте сізге қай пән ұнады? Неге?

в. Ұстаздарыңызды есіңізге аласыз ба?

г. Кім ұстаз болғысы келеді? (мектепте, университетте)

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а. Сіздің алғашқы бестігіңіз (бағаңыз) есіңізді ме?

ә. Класс жетекшіңіз туралы айта аласыз ба?

б. Қай мұғаліміңізге еліктедіңіз, қай мұғаліміңізге ұқсағыңыз келді?

в. Қай пәннен сіз өте қабілетті болдыңыз? Мұғалім еңбегі бар деп ойлайсыз ба?

г. Қай ұстаңызды жиі есіңізге аласыз?

3-тапсырма. Ұстазыңызға хат жазыңыз.

4-тапсырма. Ұстазыңызға тілек айтыңыз, жазыңыз.

5-тапсырма. Грамматикалық тапсырма.

а. Мәтіннен үстеулерді табыңыз.

ә. Мәтіннен сыпай тұлғада жақ жіктеу есімдіктерін, және басқа жіктеу есімдіктерді табыңыз.

6-тапсырма. Лексикалық тапсырма.

а. алғашқы сөзіне антоним, синоним табыңыз.

ә. ұстаз сөзіне синонимдер табыңыз.

б. дүние-жалған - басқаша қалай айтуға болады?

в. өмір деген сөзге мәтінде қандай теңеу берілген.