Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
проф каз яз для ин яз готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140.33 Кб
Скачать

Лексикалық-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.

Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

2-тапсырма.

Сіздің пікіріңіз.

Келесіңіз немесе қарсылағыңызды білдіріңіз.

  1. Альфред Нобель капиталды қалай пайдалану туралы аманат хатын қалдырды.

  2. Екі ғана Нобель сыйлығы бар: физика және химия саласында.

  3. Нобель қоры – мемлекеттік ұйым.

  4. Кімнің лауреат болатынын қор дирекциясы шешеді.

  5. А.Нобель әдебиет қызметін маңызды деп санамады.

  6. Нобель соғысты үлкен қылмыс деп санаған, сондықтын Нобельдік бейбітшілік сыйлығы құрылған.

  7. Нобельдік лауреаттарды марапаттау, әдетте, желтоқсанда, екі қалада Стокгольмде және Ослода өтеді.

  8. Марапаттау рәсіміне тек қана лауреаттар мен Нобельдік комитеттің мүшелері қатысады.

  9. Марапаттаудан кейін лауреаттар өз Отанына бірден қайтады.

  10. Сыйлық 1910 жылдан беріліп келеді және осы уақыттан бері лауреатттар саны жүзге жуық.

3-тапсырама. Мәтінге жоспар құрыңыз. Мәтінді әңгімелеу үшін тірек сөздерді теріп жазыңыз.

4-тапсырма. Өзіңіздің пікіріңізді, қорытындыңызды айтыңыз.

5-тапсырма. Мына мәтіннің мазмұнын қазақша әңгімелеңіз.

Студенттердің өздік жұмысы (сөж)

1.Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

а) Неге Нобель сыйлығы әлемдегі ең айрықша сыйлық деп ойлайсыз?

ә) Осы сыйлық не үшін беріледі?

б) Сіздің елде Нобель сыйлығының лауреаттары бар ма? Олар бұл сыйлықты қашан және не үшін алды?

в) Бұл адамдары туралы сіз не айта аласыз?

2. 3-тапсырмада жасалған жоспарыңыз бойынша тезистік жоспар жазыңыз.

12-сабақ

Лексикалық тақырып: Авраам Линкольннің ұлының оқытушысына жолдаған хаты.

Грамматикалық тақырып: Болымсыз, белгісіздік есімдіктер.

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

жолдау – послание

нақұрыс – негодяй

қаһарман – доблестный

әлдеқайда – где-то

жоғалту – потерять

әдеттендіру – приобретать навык

қызғаныш – зависть

құлақдар ету – извещать

зорлықшы – сообщник

тылсым – секрет

қалыптастыру – формировать

жаңсақ – ошибочный

ақиқат – правда, истина

сүзгі – фильтр

ілтипат – внимание

астар – подтекст

рух – вдохновение, дух

қайыспау – не сгибаться

құрыш – сталь

шынықтыру – заняться

сабыр – терпение, выдержка

сіңіру – впитывать, усваивать

Оқыңыз, аударыңыз.

Авраам Линкольннің ұлының оқытушысына жолдаған хаты

Авраам Линкольннің ұлының оқытушысына жолдаған хаты деп білемін, бірақ мынаны да үйреткейсің ұлыма: бір нақұрысқа қарсы бір қаһарман, әрбір менмен саясаткерге қарсы тұрар лидер міндетті түрде бар.

Әр дұшпанға қарсы бір достың да болатынын үйрет. Уақыт алатынын білемін, дегенмен үйретте алсаң, еңбекпен тапқан бір доллардың оңай тауып алған бес доллардан әлдеқайда қымбат екенін білдіргенінді қалаймын. Табыс тапқанға қуанып қана қоймай, жоғалтуға әдеттендір. Қызғаныштан аулақ болуға, үнсіз қарқылдардың

сырына да құлақдар еткейсің. Ұрда жық, зорлықшының жеңісі тек сырт көзге ғана екенін үйренсін. Кітаптардың керемет тылсымын да білсін.Мектепке қателік жасағанның, құлық жасағанның жақсы екенін де үйрет. Оның өз көзқарасына деген сенімін қалыптастыр, тіпті барша жұрт оның жаңсақ сөйлегенін бетіне айтқан шақта да.

Нәзік адамдармен нәзік, қаталдармен қатал болуды да үйреткейсіз. Жұрт үнсіз бір-бірінің ізін басып, бір ғана бағытқа бет алған. Өзі өзгелердің соңынан еріп кете бермейтіндей батылдыққа шақыр ұлымды. Адамдардың бәрін тыңдай білуге, бірақ тыңдағандарының бәрін ақиқаттың сүзгісінен өткізген соң ғана тек жақсылықты алуын үйрет. Егер қолыңнан келсе, ренжіп өкпелеген шақта да күлімсірей білуге үйретсең, риза болар едім. Көз жасынан ұялмау керектігін, ерекше қарым-қатынас, ілтипаттың астарына үңіле білуді үйрет.

Оған қуаты мен миын қымбатқа сатуды, бірақ ешқашан жүрегі мен рухына құн белгілемеуді де үйрет. Ұлыған тобырға мән бермеуді, егер өзінікі дұрыс екендігіне сенімі мол болса, тікесінен тік тұрып, қайыспай қарсыласу керектігін үйрет. Онымен байланыста өте нәзік болғанынды қалаймын, бірақ құшағына алушы болма. Өйткені құрышты шынықтыратын от. Шыдамсыздығын батылдыққа, батылдығын сабырға жендіре білсін. Әрдайым барлық жерде өзіне деген берік сенімі болуы қажеттігін санасына сіңір. Сонда ғана адамзатқа деген сенімі қалыптасады. Әрине, мұның бәрі ауыр талап екендігін де білемін.

Менің ұлым әзірше кішкентай ғана, жақсылықтан басқадан бейхабар. Іске сәт!