Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
проф каз яз для ин яз готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140.33 Кб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

2 тапсырма. Мекен, мезгіл үстеулерін қолданып, сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңыз.

Әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, лайықты орын, өтпелі кезең, іс жүзінде,тығыз байланыс,әңгіме барысында, баса назар аудару, дербес даму жолы,жөн болар еді,айрықша риза, жалғасын табу.

3 тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қарапайым американдықтар(немістер) Қазақстан туралы неге өте аз біледі деп ойлайсыз? Оның себебі неде?

2.Кез-келген ел туралы пікір қалай қалыптасады деп ойлайсыз?

3.Қазір біздің елімізге кімдер қызығушылық танытып отыр? Не үшін?

4 тапсырма. Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашып, есіңізге сақтаңыз.

1.Өз елің-алтын бесік.

2.Әркімнің өз жұрты-ұжмақ.

3.Отан-елдің анасы,

Ел- ердің анасы.

4.Ұлтарақтай болса да

Ата қонысы-жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

Туып-өскен ел қымбат.

5 тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Студенттердің өздік жұмысы

1 тапсырма. Жағдаят. Сіз шетелге ресми іс-сапармен бардыңыз. Қазақстанды қалай таныстырар едіңіз?яғни, «Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру» тақырыбы бойынша өз ойыңызды жазыңыз.

2 тапсырма. Сіз ірі шетел компаниясымен бірлескен кәсіпорынның басшысысыз.Осы компанияның қызметі, жоспарлары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз өткізіңіз. Шараның толық жоспарын құрып тапсырыңыз.

9 - сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастар.

Грамматикалық тақырып: -нікі, -дік, -тікі. жұрнақтары.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Мойындау-признать

сенім гармотасы-вериткльная грамота

серіктес-партнер

мүдде-интерес

мәртебелі-авторитетный

жүзеге асыру-осуществить

белсенділік-активность

Оқыңыз, аударыңыз.

1992 жылдың 7-ші қантарынан бастап Франция Қазақстан республикасының тәуелсіздігін мойындады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Францияға ресми сапары барысында достық,өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 1992 жылдың 25-ш қаңтарындағы Францияның сыртқы істер министірінің сапары уақытында дипломатиялық қатынастар белгіленді. Парижде Қазақстан Республикасы елшілігінің ресми ашылуы 1994 жылдың 9-шы қарашасында болды. 1994 жылы франко-қазақ сауда палатасы ұйымдастырылды. Республикамыздың Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі осы елдің Президенті Жак Ширакқа Сенім грамотасын тапсырды.

Содан кейін әңгіме барысында Қазақстан дипломаты Францияның басшысына Президент Нұрсұлтан Назарбаенвтың ең ізгі тілектерін жеткізіп, Француз Республикасымен достық және серіктестік қатынастарды қарышты дамытуға деген мүдделікті білдірді. Қазақстан Францияны Еуропадағы және тұтас алғанда әлем қоғамдастығындағы мәртебелі де басым серіктес ретінде қарайды.

Ж Ширак Н.Назарбаевтың реформалар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін, оның халықаралық аренадағы белсенділігін жоғары бағалайды. Мұның өзі Қазақстанның аймақтағы тұрақтылықтың кепілі ретінде маңызды рөл атқаруына мүмкіндік береді.

Өнер және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа да қол қойылған.