
- •Глоссарий – сөздік
- •Менің елім – Қазақстан
- •Сөздерді есімізде сақтаймыз
- •Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)
- •Қазақстан аумағы
- •Сөздерді есте сақтаймыз
- •Үлгі: Еуразия құрлығында. Еуразия құрлығында бірнеше мемлекет орналасқан.
- •Солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік, Мәскеу, Астана, бір шет, шекара, Қытай, бір құрлық, ақш, іссапар, бастық.
- •Батыс, шығыс, оңтүстік, Мәскеу, Астана, бір шет, шекара, Қытай, құрлық, ақш, бір тәулік, 1000 теңге, Қазақстанның солтүстігі, елдің батысы, мемлекетіміздің елбасы.
- •Сөйлесеміз
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж) Картаны пайдаланып, төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесіңіздер. Жауаптарыңызды жазыңыздар.
- •Атадан қалған асыл сөз Мақал-мәтелдерді оқыңыз. Өз пікіріңізді қосыңыз.
- •Мақал-мәтелдерді түсіндіңіз бе? Бір тақырыпқа (мақал-мәтелдің мазмұнын ашып) шағын шығарма жазыңыз.
- •Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар
- •Сөздерді есіңізде сақтаңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Студенттердің өздік жұмысы.
- •Елбасы ақш Президентімен телефон арқылы сөйлесті.
- •2. Қазақстан мен ақш арасындағы қарым-қатынас туралы газет беттеріндегі материалға шолу жазып, әнгімелеп беріңіз.
- •-Тапсырма.
- •10.Үйге тапсырма.
- •1.Мәтінді оқып,диалог құрастырыңыздар. Джордж Вашингтон
- •Шетелдерде оқу
- •Сөздікпен жұмыс:
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •2 Тапсырма. Сөйлемдерден етіс категорияларының түрін анықтап, құрамына қарай талдаңыз.
- •3 Тапсырма.
- •Что такое oise?
- •Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)
- •«Болашақ» стипендиясы.
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж)
- •1. Нақыл сөздердің мағынасын ашып, жаттап алыңыз.
- •Реферат жазып, қорғаңыз.
- •Қазақстан мен Германия қарым қатынастары
- •Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек.
- •1 Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
- •2 Тапсырма. Сөз тіркестерін аударып, келер шақтағы сөйлемдерді құрастыру
- •3 Тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
- •Студенттердің өздік жұмысы
- •Полиглот Пауль Аристэ.
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)
- •Как я изучаю языки?
- •2 Тапсырма. Мәтінді мазмұндап, мәтіндегі үш сұрақ бойынша өз ойынызды білдірініз. Студенттердің өздік жұмысы
- •«Үш жұрттың тілін білген өзгеден үш есе биік тұрады» тақырыбында шығарма жазып тапсырыңыз.
- •Нақыл сөздерді есте сақтаңыз
- •Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж) Лондон
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар.
- •Бүгінгі қайталайтынымыз.
- •Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)
- •Сыртқы экономикалық байланыстар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Студенттердің өздік жұмысы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж) Мәтінді оқып, жазбаша аударыңыз. Франция готова наращивать сотрудничество.
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж)
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •Қазақстан британдықтардың көзімен
- •5. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
- •Студенттердің өздік жұмысы
- •Халықаралық сыйлықтар. Альфред Нобель.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар.
- •Оқытушының басшылығымен жүргізулетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)
- •Нобель сыйлығы.
- •Лексикалық-грамматикалық тапсырмалар
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж)
- •Авраам Линкольннің ұлының оқытушысына жолдаған хаты
- •Лексика - грамматикалық тапсырмалар
- •Оқытушының басшылығымен жүргізулетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)
- •Сәлеметсіз бе, ұстаз?
- •Лексика - грамматикалық тапсырмалар
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж)
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж) Ағылшын аудармасының тарихы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж).
- •Сөздіктер.
- •Орфографиялық сөздік.
- •Орфоэпиялық сөздік
- •Аударма сөздік
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар.
- •Оқытушының басшылығымен жүргізулетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)
- •Даниловтың сөздігі
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж)
- •Мәдениет туралы
- •Лексика - грамматикалық тапсырмалар
- •Тіл мәдениеті
- •Лексика - грамматикалық тапсырмалар
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж)
- •Жастар шетелде және бізде
- •Оқытушының басшылығымен жүргізулетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)
- •Дүниежүзілік мәдениеттің классиктері
- •Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (осөж)
Глоссарий – сөздік
Дәріс (лат. Lectuo – оқу) – белгілі бір тақырып бойынша материалды баяндау. Жоғарғы оқу орындарында жаңа білімді хакбарлаудың алдыңғы қатарлы әдісі.
Демонстрация (лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.
Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.
Оқу пәнәнің саясаты (грек. Politike – мемлекетті басқару өнері) – оқытушының пәнді оқыту барысында студентке қоятын талап деңгейінің жүйесі.
Презентация (лат. Praesentatio – таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.
Силлабус (лат. Syllabus – қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы.
СОӨЖ – оқытушының жетекшілігімен жасалған студенттердің өздік жұмысы.
СӨЖ – оқытушының қатысуынсыз орындалатын студенттің жоспарланған жұмысы.
Семинар – (лат. Seminarum орда)–жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың мақсаты–оқу пәнін тереңдетіп оқыту.
Тренинг – студенттің өзін-өзі танудағы білімі мен дағдысын қалыптастырудың, топтағы адамдармен қарым-қатынастық әдіс жиынтығы. Тренингтің негізгі құралдары топтық дискуссия және рөлдік ойындар болып табылады.
Элективті курстар – (ағылш. Elect – таңдаулы) – студент өз еркімен таңдап алатын курстар.
1-САБАҚ
Лексикалық тақырып: Менің елім – Қазақстан
Грамматикалық тақырып: Етістік. Етіс категориясы. Есімше, көсемше.
Оқимыз. Мәтінді оқыңыз.
Менің елім – Қазақстан
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет.
1990 жылғы қазанның 25-інде еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991 жылғы 16-ншы желтоқсан күні біздің ел тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
1992-нші жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік елтаңбасы мен Мемлекеттік туы бекітілді. Осы жылғы 10 желтоқсанда жаңа Мемлекеттік әнұран да бекітілді. Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздерінің сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленді.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конститутциясы қабылданды.
1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның астанасы болып Ақмола қаласы белгіленді.
1998 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілді.
Қазақстан халқының саны 16 миллион адамнан астам. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Онда 100-ден астам ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. Қазақ жері қызық та бай тарихымен белгілі. Оған дәлел болатын Отырар, Тараз тағы да басқа әлемге әйгілі көне қалалар.
Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келеді. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстанның өзендері – Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле және басқалалары. Ең үлкен көлдері мен теңіздеріне Балқаш пен Зайсан көлдері, Арал мен Каспий теңіздері жатады. Қазақстан кенге бай. Сарқылмас қоры бар түсті металдар, темір, көмір, мыс, мұнай, газ, алтын және тағы басқа кен байлықтары кездеседі.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі жақсы дамыған. Өнеркәсібінің негізгі салалары – металлургия, машина жасау, металл өңдеу, отын-энергетика, химия және тағы басқа салалар. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы.
Ауыр және жеңіл өнеркәсіптің орталықтары – Қарағанды, Теміртау, Екібастұз, Балқаш, Жезқазған, Шымкент және тағы басқалары.
Сонымен қатар Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған ел. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, опера және балет театры, драма театрлары, мектептер, кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет сарайлары сияқты ғылым мен мәдениет ошақтары бар.
1992 жылы наурыз айының екісінде Қазақстан Республикасын дүние жүзі танып, Біріккен Ұлттар Ұйымына толық құқылы мүше болып қабылданды.
25 қазан – Ұлттық мейрам, Республика күні.