
- •5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы үшін
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2. Пән туралы мәлімет:
- •1.6 Оқыту нәтижелері
- •1.7. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8. Әдебиеттер тізімі:
- •1.9 Баға туралы ақпараттар
- •2. Пәннің оқу-әдістемелік материалы
- •2.1. Дәрістің тақырыптық жоспары. Кредит саны – 2
- •2.2. Дәрістік сабақтардың тезистері:
- •5. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні
- •4 Дәріс. Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелілік сипаттары
- •5 Дәріс. Фонетика
- •Грамматиканың тілдің басқа аспектілерімен байланысы
- •8 Дәріс. Тілдерді классификациялау принциптері
- •9 Дәріс. Жазу және оның кезеңдері
- •2.3. Семинар сабақтардың жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары (соөж) бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Курс бойынша жазбаша жұмыстың тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыстың тақырыптары
- •2.7. Оқу пәндерін мультимедиялық және бағдарламалық оқыту
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы үшін Түйте Елдос Ерғазыұлы
1.9 Баға туралы ақпараттар
Рейтинг-шкала
Бақылау түрі |
Балдар |
Ағымдық |
15-30 |
Аралық |
15-30 |
Қорытынды |
20-40 |
Барлығы |
50-100 |
Студенттердің білімін бағалайтын критерийлер:
а) Бақылау түрлері:
Ағымдық бақылау студенттердің бір қалыпты жұмысын ынталандыруға арналған. Ағымдық рейтинг лекциялық, практикалық сабақтарда студенттердің ауызша және жазбаша жауаптарынан құралады да, төмендегідей бағаланады:
Пәннің белгілі бөлімін оқуда оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстарын реттеуге арналған аралық бақылау түрі. Бақылау жұмыстың, тестердің, оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша ауызша және жазбаша жауаптарынан алған балдардан құралады. Үй жұмысы бақылауы осы пән бөліміндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының қорытындысын шығаруға арналған. Үй жұмысы рейтингі СӨЖ көлеміндегі әр тақырып бойынша ауызша және жазбаша жауаптарына алған балдардан құрылады да, СӨЖ – бағдарламасында құрастырылған тақырыптық тапсырмалардың орындалуы бағаланады;
1.10 Курстың саясаты мен процедурасы: Студент оқитын пәнді бекітілген оқу және жұмыс жоспарына сәйкес игеруі қажет. Студент сабаққа қатысып, пәнге қатысты тапсырмаларды уақытында орындап, аудиторияда отыру тәртібін сақтауы қажет. Өздік жұмыс аудиториядан тыс орындалады. Өздік жұмыс тақырыбы пәнді қызыға оқуға, студенттің ой-өрісін кеңейтуге, берілген тапсырмаларды өздігінен орындауға бағытталған. Сабақтан қалу, кешігу, жұмысты уақытында орындамау, емтиханға келмеу сияқты студент тарапынан болған кемшіліктер студенттерге қойылатын әкімшілік талаптарына қатысты болады.
2. Пәннің оқу-әдістемелік материалы
Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы – екіжақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет. Тіл – адамзат қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қаншалық қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам соншалықты қажет.
Халық тілінің айқын да тұнық тереңінде туған елдің жалғыз табиғаты ғана емес, сонымен бірге халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихи сезімінен көрінеді.
Тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айырықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде, адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсіну құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді. Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай оның қимыл өрісі өте кең және әржақты болады. Тілдің бұл ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады. Аталмыш пәннің лекциялық, семинарлық сабақтары, СОӨЖ, СӨЖ осы мәселелерді қарастыруға арналған.