Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТБК КАП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

Тақырып атауы

СӨЖ

1

Тілдің таңбалық сипаты және құрылымдық-жүйелік ерекшеліктері

1

2

Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы

1

3

Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

1

4

Халықаралық жасанды тілдер

1

5

Дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар

1

6

Дыбыстардың позициялық және комбинаторлық өзгерістері

1

7

Қазақ емлесінің кейбір мәселелері (кейбір дыбыстардың жазылуы; сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы т.б.

1

8

Сөздің мағыналық түрлері

1

9

Қазақ лексикасындағы кірме сөздер

1

10

Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері

1

11

Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі бірліктері

1

12

Сөзжасам және оның грамматика мен лексикологияға қатысы

1

13

Түрлі тілдердегі сөйлем құрылымдары

1

14

Дүниежүзі тілдерінің жай-күйі. Өлі тілдер жайында

1

15

Жазу. Транскрипция және транслитерация

1

Барлығы

15

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар. Тапсырмаларға қатысты теориялық мәселелерді меңгеру үшін тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыз. Конспект жасау барысында негізгі мәселелерге назар аударыңыз. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспарына сай қазіргі қазақ тілі жаттығулар жинағын пайдаланыңыз. Әр жаттығудың берілген тапсырмасын орындаңыз. Түсініксіз сөздерге тиісті сөздіктерді, анықтағыштарды пайдаланыңыз. Сөйлемдерге лексикалық, фонетикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік талдау жасау барысында қазақ тілінің әр саласына қатысты оқулық пайдаланыңыз.

1 СӨЖ тақырыбы: Тілдің таңбалық сипаты және құрылымдық-жүйелік ерекшеліктері.

1 сағат. 1-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері» еңбегінен «Тілдің таңбалық сипаты және құрылымдық-жүйелік ерекшеліктері» деген тақырыпта конспект жасаңыз.

2-тапсырма. С.Мырзабековтің «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» еңбегінен «Тілдің таңбалық сипаты» деген тақырыпта реферат дайындаңыз.

3-тапсырма. Дыбыс, әріп, таңба, фонемаларға сипаттама беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 18, 22.

2 СӨЖ тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

1 сағат. 2-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Тіл білімінің ғылымда алатын орны қандай және оның нақты, қоғамдық пәндермен байланысына конспект жасаңыздар (К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері» еңбегін басшылыққа алыңыздар).

2-тапсырма. Тіл білімінің этнографиямен байланысына мысал келтіріңіздер.

1) Әдет-ғұрыпқа байланысты атаулар

2) Әр рудың таңбасына байланысты атаулар

3) Киім үлгілеріне байланысты атаулар

4) Салт-дәстүрге байланысты атаулар

3-тапсырма. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәнін қалай түсінесіздер?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11.

3 СӨЖ тақырыбы: Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

1 сағат. 3-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. «А.Байтұрсынұлы – қазақ лингвистикасының атасы» атты тақырыпта реферат дайындаңыздар.

2-тапсырма. Қазақ тіл біліміне қатысты А.Байтұрсынұлы ұсынған терминдердің қолданысына қатысты (бүгінгі күнмен салыстыра отырып) статистикалық талдаулар жасаңыз (Профессор Ш.Ш.Жалмахановтың еңбегін пайдалана отырып).

3-тапсырма. Қазақ ғалымдарының – Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев т.б. қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 28, 30, 32, 33, 34, 35, 36, 37.

4 СӨЖ тақырыбы: Халықаралық жасанды тілдер

1 сағат. 4-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Эспоронто тілі, идо тілі т.б. жайында ғаламтор негізінде материал жинастырыңыздар.

2-тапсырма. «Жасанды тілдер табиғаты» атты тақырыпта реферат жазыңыздар.

3-тапсырма. «Еже тіл» дегеніміз не? Ауызша мысал келтіріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

5 СӨЖ тақырыбы: Дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар

1 сағат. 5-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Сөйлеу дыбыстарын зерттеудің аспектілері: акустикалық (физикалық) аспект, анатомиялық-физиологиялық аспект, лингвистикалық (функционалдық) аспектілерге конспект жасаңыздар.

2-тапсырма. Фонетикалық және тарихи алмасуларға мысалдар келтіріңіздер.

3-тапсырма. Транскрипция және оның түрлері. Халықаралық фонтикалық алфабит (ХФА) ұғымдарына түсініктеме бере отырып, ең негізгілеріне конспект жасаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 29.

6 СӨЖ тақырыбы: Дыбыстардың позициялық және комбинаторлық өзгерістері

1 сағат. 6-ыншы апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Протеза, эпентеза, эпитеза, редукция құбылыстарын түсіндіріп, мысал келтіріңіздер.

2-тапсырма. Аккомодация, диссимиляция, метатеза, орын ауыстыру (замещание), ықшамдау құбылыстарын түсіндіріп, мысал келтіріңіздер.

3-тапсырма. Спонтандық немесе тарихи өзгерістер дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 6, 11, 18, 19, 22, 24, 28, 41.

7 СӨЖ тақырыбы: Қазақ емлесінің кейбір мәселелері (кейбір дыбыстардың жазылуы; сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы т.б.

1 сағат. 7-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. «Қазақ тілінің орфографиялық» сөздігінен бірге және бөлек жазылатын 20 сөз теріп, олардың неге бірге, неге бөлек жазылып тұрғандығын (себебін) түсіндіріңіз.

2-тапсырма. а, ә, ы, һ, б, щ дыбыстарына қатысты емлені ауызша түсіндіріп беріңіз. Қазақ тілінде қандай сөздерді тасымалдауға болмайтындығын атаңыз.

3-тапсырма. Берілген буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаттап алып, мысал келтіріңіздер.

-кер, -гер, -бан, -дар, -еке, -жан, -кент, -кеш, -гөй, -күнем, -қой, -қор, -мар, -маш, -нікі (-дікі, -тікі), -паз, -мен (-бен, -пен), стан, тал, -уар, -хана, -тай, -еке, -кес, -ов, -ев, -бей т.б.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 6, 18, 19, 22, 24, 28, 29, 41.

8 СӨЖ тақырыбы: Сөздің мағыналық түрлері

1 сағат. 8-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Сөздің тура және ауыспалы мағынасын түсіндіріңіз.

2-тапсырма. Сөзің ауыспалы мағыналары метафора, метонимия, синекдохаларға мысалдар келтіріп, ерекшеліктерін түсіндіріңіздер.

3-тапсырма. «Сөз мағынасының дамуы» атты тақырыпта реферат дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 6, 16, 20, 23, 25, 26.

9 СӨЖ тақырыбы: Қазақ лексикасындағы кірме сөздер

1 сағат. 9-ыншы апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Араб, парсы, моңғол, орыс тілдерден енген сөздердің сөздік құрамымызды байытудағы орнын баяндап беріңіздер.

2-тапсырма. «Түркі тілдеріне ортақ сөздер» атты тақырыпта конспект жасаңыздар.

3-тапсырма. Қазіргі кезде тілімізге шетел тілдерінен (англоцизмдер) көптеп еніп жатқан сөздер, терминдердің қолданысына қатысты пікірталас өткізіңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 4, 6, 16, 20, 23, 25, 26.

10 СӨЖ тақырыбы: Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері

1 сағат. 10-ыншы апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Жалпылама және диалектілік лексика дегеніміз не? Сипаттама беріңіз.

2-тапсырма. Сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлеріне конспект жасаңыз.

3-тапсырма. «Арнаулы лексика және оның қызметі» атты тақырыпта реферат дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 4, 6, 16, 20, 23, 25, 26, 27.

11 СӨЖ тақырыбы: Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі бірліктері

1 сағат. 11-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Грамматикалық категорияларға (сан, род, септік) конспект жасап, түсінік беріңіздер.

2-тапсырма. Аффиксация тәсілі және агглютинация мен фузия құбылыстарына мысалдар келтіріңіздер.

3-тапсырма. Қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінің грамматикалық ерекшеліктерін салыстыра-салғастыра отырып, реферат дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 6, 8, 17, 21, 28, 30, 33, 41.

12 СӨЖ тақырыбы: Сөзжасам және оның грамматика мен лексикологияға қатысы

1 сағат. 12-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. «Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты тақырыпта реферат жазыңыз.

2-тапсырма. Екпін мен интонация тәсілдерінің сөзжасамдағы орнына мысал келтіріңіздер.

3-тапсырма. «Супплетивизм», «Редупликация» ұғымдарына сипаттама беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 17, 21, 28, 30, 32, 37, 41,

13 СӨЖ тақырыбы: Түрлі тілдердегі сөйлем құрылымдары

1 сағат. 13-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Қазақ тілінің сөйлемдерінің синтаксистік құрылысына талдау жасаңыз.

2-тапсырма. Орыс тілінің сөйлемдерінің синтаксистік құрылысына талдау жасаңыз.

3-тапсырма. Басқа тілдердің (ағылшын, француз, неміс, қытай т.б.) сөйлемдерінің синтаксистік құрылысына талдау жасаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 41.

14 СӨЖ тақырыбы: Дүниежүзі тілдерінің жай-күйі. Өлі тілдер жайында

1 сағат. 14-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. «Жаһандану үдерісінің тілдерге әсері» атты тақырыпта пікірталас өткізіңіздер.

2-тапсырма. Халықаралық тілдерден еніп жатқан терминдер және олардың тілімізде аударылмай, баламасыз қолданылып жүргендігі жайындағы пікіріңіз.

3-тапсырма. Латын, түркі тілдері жайында реферат дайындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 15, 24,

15 СӨЖ тақырыбы: Жазу. Транскрипция және транслитерация

1 сағат. 15-інші апта.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Алфабит. Графика. Орфография мәселелеріне қатысты конспект жасаңыздар.

2-тапсырма. Транскрипция мен транслитерация ұғымдарының аражігін ажыратып беріңіздер және олардың жазуға қатысы қандай?

3-тапсырма. «Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері» атты тақырыпта реферат дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 18, 19, 22, 29.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]