Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТБК КАП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

9 Дәріс. Жазу және оның кезеңдері

1. Жазу және жазба тіл

2. Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері

3. Алфавит. Графика. Орфография.

Дәріс тезисі: 1. Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады.Соның нәтижесін де оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу (жазба тіл)-адамдардыңкеңістік пен уақытқа тәуелді болмай ,өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Ал ауызекі тіл жайында мұны айта аламыз.Ауызекі тілімен сөйлесіп,қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігі (телефонды есептемегенде) сөйлеуші мен тындаушының арасындағы кеңістікке байланысты болады да,оның шеңберінен шығып кете алмайды. Ол кеңістіктің шеңбері құлаққа естілудің мүмкіндігімен ғана өлшенеді де, адамдар ауызекі тіл арқылы жүзбе-жүз кездескенде ғана, бір-бірімен сөйлесіп пікір алыса алады. Алайда мұндай салыстыру ауызекі тілдің қызметі мен құндылығын ешбір төмендетесе алмаса керек. Ауызша тіл күнделікті өмірде ауызба-ауыз сөйлесіп, қарым-қатынас жасауда, тікелей өз ара пікір алысуда айырықша қызмет атқарады.

Жазба тілдің ауызекі тілден (устная речь) кейін пайда болғаны, оның (жазба тілдің) жазудың шығып жасалуымен байланысты екендігі белгілі. Жазудың шығып жасалуының, соған сай жазба тілдің жасалуының күллі мәдениет аталуының тарихында орасан зор маңызы болады және болып та отыр. Жазусыз мәдениет атаулыны, цивилизация атаулыны көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Көрнекті жазушы Леонид Леонов жазудың маңызы туралы былай деді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте-мөте үлкен роль атқарады. Алфавиттің туған күнін адамның өзін-өзі біліп ұғынуындағы дәуір деп есептеуге болады, осыдан кітап басу станогының пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтеріледі»1.

Адам білімді, негізінен, жазба тіл арқылы, жазылғанды оқу арқылы алады. Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де – жазба тіл. Көптеген заман бойында жасалған және біздің заманымызда жасалып отырған мол рухани мәдениетті бізден кейінгі ұрпақтарға, дәуірден-дәуірге жеткізетін де – осы жазба тіл. Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жахуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.

Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу ерте заманда өмір сүріп, қазірде өлі тілдерге айналған тілдермен танысуға немесе қазіргі тілдердің ертедегі қалпымен танысуға және оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын зерттеуде орасан маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы үшін де, археология мен этнография үшін де айырықша маңызды.

Халықтардың қазіргі жазуларын олардың дыбыстық тіліне қарым-қатынас жағынан қарастырып зерттей білу сол тілдің жазуларының ғылыми тұрғыдан дәлелді ережелеін жасау үшін өте-мөте қажет.

2. Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек,әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.

Жазудың таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгіленуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1) пиктографиялық жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын жазу, 4) Әріп жазуы.

3. Әдетте, сөз құрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз бетіне түсіп жазылуы және соған орай оқылуы үшін олардың белгілі бір таңбалармен белгіленуі шарт. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба-әріптермен таңбалады. Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады.

Ал графика дегенннен белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Л.В.Щерба графиканы «алфавиттің ережелері (қағидалары)» деп те атайды.

Графика белгілі бір қағидаларға негізделеді. Графиканың ең басты мәселелерінің бірі – тілдің алфавитіндегі әріптердің құрамы туралы мәселе. Графикалық қағида бойынша, олардың әрқайсысының өзіне телінген таңбасы (әріп) болуы керек. Екінші сөзбен айтқанда, графиқа белгілі бір әріп бірнеше фонеманың таңбасы емес, бір фонеманың таңбасы болсын деген қағидаға негізделеді. Бұл қағида графиканың ең басты қағидаларының бірі болып саналады. Ал, егенр әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбалана берсе, онда сауат ашу,оқыту ісі, емлені үйрену қийндай түсер еді. Алайда бұл айтылғанның белгілі бір тілдегі фонемалардың саны мен әріптердің саны өзара тепе-тең болуы шарт деген ұғым тумауға тиіс. Графиканың транскрипциядан айырмашлығы сол, ол (графика) тілдің дыбыстық құрамын дәлме-дәл және түгел қамтып көрсетуді мақсат етпейді. Алфавиттегі әріптер транскрипциялық таңбалар емес, ол (әріп) басқа әріптермен түрлі-түрлі қарым-қатынаста бола отырып, әр түрлі фонемаларды таңбалауы мүмкін. Мысалы , орыс тілінде жуан дауыссыз дыбыстан жіңішке жаыссыз дыьыс қосымша таңба – жіңішкерткіш белгі (ъ) арқылы ажыратылады. Орыс тілінде 35дауыссыз фонема өз алдына бөлек әріппен таңбаланған болса, онда орыс тілінің қазіргіалфавитінің құрамында бар әріптердің үстіне палаталь дауссыздарды белгілейтін тағы да 15 әріп қлсылған болар еді. Мұның өзі орыс алфавиттің құрамындағы әріптердің санын жасанды түрде ұлғайту болар еді. Орыс графикасына бір ғана жіңішкерткіш белгіні және дауысты дыбысты белгілейтін төрт әріпті (жіңішке дауыссыздан кейін келген е, о, и, а фенемаларын белгілейтін е, ё, ю, я әріптері)енгізу арқылы палаталь дыбыстар таңбаланып, соның нәтижесінде орыс алфавиті ықшам және қолайлы алфавит бола алады. Әдетте, алфавит өзінің құрамындағы әріптердің молдығымен емес, ықшамдылығымен ұтымды болады. Ықшамдылықтың да орынды, орынсыз болатыны бар. Алфавиттегі әріптердің саны ықшам, жинақы болсын дегенге сүйеніп, кез келген әр түрлі фонемаларды бір ғана әріппен таңбалай беруге болмайды. Бұлай ету жазуды да, оқуды да үделендіріп ауырлата туседі. Өте, ұқсас фонемаларды,, емле мен оқыту ісіне залалы тимейтін болса ғана, бір әріппен таңбалауға ьолады.

Кейде фонемалардың тіркесін бір ғана әріппен таңбалауға тура келеді. Мысалы я, ю, е әріптері орыс тілінде сөз басында, дауысты дыбыстан және ь, ъ әріп тіркесінің таңбалары ретінде жұмсалады.

Кейде керісінше жағдай болуы да мүмкін. Бір фонема екі әріптің тіркесіментаңбаланады. Мұның өзі әр түрлі болад: 1) бір феноманың таңбасы ретінде қолданылатынекі әріптің біреуінің дербестігі болмай, диакриталық таңба тәрізді қызмет атқаруы мүмкін. Бұған орыс тіліндегі даыссыздардың жіңішке екендігін көрсететін, бірақ өз алдында ешбір дербестігі жоқ – жіңішкерткіш белгі (ь) мысал бола алады; 2) бір феноманың таңбасы ретінде жұмсалатын әріптердің тіркесі дербес қолданыла алатын әріптерден де құралады. Мысалы, ағылшын тілі мен неміс тілінде ch және ng әріптерінің тіркесі бір-бір фонеманың таңбасы ретінде қолданылады. Мұнымен бірге бұл әріп тіркестердің құрамындағы әріптердің әрқасысы жеке фонеманың таңбасы ретінде де жұмсала алады; 3) кейде қос әріп созылыңқы дауысты дыбысты талдайды. Мысалы, қосарланған аа, оо әріптері хақас, тува тілдерінде созылыңқы ао дыбыстарын белгілейтін таңбалар ретінде қолданылады.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 5, 6, 8, 11, 15,

Қосымша әдебиет: 1, 3, 6, 12, 13.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]