Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТБК КАП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік Е.А. Бөкетов атындағы университеті

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

«Тіл біліміне кіріспе»

пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы үшін

Қарағанды – 2012

Құрастырған: Түйте Елдос Ерғазыұлы

филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тіл білімі кафедрасының доценті

Тіл – қыр-сыры мол, күрделі құбылыс. Тілдің табиғатын танып білу үшін оның басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, әдетте, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. Сол себепті «Тіл біліміне кіріспе» курсы бастапқы, пропедевтикалық курс болып саналады. Бұл лингвистикалық курс гуманитарлық мамандық студенттеріне тіл білімінің ғылым ретіндегі статусы, оның басқа ғылымдармен байланысы және тілдің табиғаты мен құрылымдық ерекшеліктері туралы алғашқы мағлұмат, ақпарат береді. Курстың мақсаты – студенттерді негізгі тілдік терминдер және ұғымдармен таныстыру, оларды лингвистиканың күрделі мәселелерін талқылауға дайындау.

Оқу-әдістемелік кешен Абай атындағы АМУ (2006) мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (2007) типтік бағдарламаларына сәйкес әзірленген.

Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша 5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен./Дайынд. Е.Е.Түйте –Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. –126 бет

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012

1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

1.1. Оқытушы туралы мәлімет: Түйте Елдос Ерғазыұлы,

кафедрада болу уақыты: дүйсенбі – сенбі 9:00-ден 18:00-ге дейін

1.2. Пән туралы мәлімет:

Пән атауы: «Тіл біліміне кіріспе»

Несие саны: 2

Өткізу орны: ҚарМУ филология факультеті 8 оқу ғимараты

Оқу жоспарының көшірмесі

Курс

Семестр

Несие

Лекция

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі

3

2

15

15

30

30

90

Емтихан

1.3. Пререквизиттер: пәнді игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылар: тіл мен қоғам, тіл және адам, тіл – қарым-қатынас құралы және т.б.

1.4. Постреквизиттер: пәнді оқыту негізінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер тізімі: нормативті грамматика, фонетика, лексикология, грамматика, тарих, георафия, физика, медицина және т.б.

1.5. Пәннің қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру – бұл тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үдерісі. Білім берудегі мақсат – қоғам мүшелерінің жоғарғы деңгейдегі адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және тұлғалық дамуына әрі кәсіптік құзырлығына қол жеткізу болып саналады», – деп көрсетілген. Заңда бекітілген осы мақсат жоғарғы оқу орындарында нақты пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылуы тиіс.Тіл біліміне кіріспе – тіл туралы жалпы тіл білімі ғылымының алғашқы баспалдағы, кіріспе курсы. Мақсаты – тілдің қоғамдық қызметін, барлық салаларының қалаптасуы мен даму, өзгеру жолдарын зерттеп айқындау, генеологиялық және типологиялық классификациясын анықтап көрсету. Қазіргі кездегі тілдің өмір сүру қалпын, фонетикалық, грамматикалық құрылымының күйін тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы айқындау. Студенттердің міндеті мен білуі қажет білімі – дәріс, семинар сабақтарына қатысып. Қажетті ғылыми басылым, әдебиеттерден өздеріне керек материалдарды тауып, теориялық білімдерін толықтыру, реферат және т.б. жұмыс түрлерін жазуға дағдылану, соған машықтану, тілдің қоғамдық қызметін, барлық салаларының қалаптасуы мен даму, өзгеру жолдарын зерттеп айқындау, генеологиялық және типологиялық классификациясын білу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]