Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1199_rkia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8.86 Mб
Скачать

1.2. Қала маңындағы қызыққа толы экскурсиялар

Біздің халықаралық тәжірибеден өту кезіміз тек қана қонақ үйлерді аралап қоюмен шектелген жоқ, әр түрлі деңгейдегі қонақ үйлермен танысып болған соң, туристерге бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған қосымша қызметтер, яғни кең бағыттағы экскурсиялар ұсынылды.

Анталия қаласының келген адам айналшықтап қарай беретін тағы бір жері бар. Ол осындағы атақты сарқырама. Мұрат Пашаның ел басқарған тұсында Анталияда көптеген ирригация жұмыстары жүргізілген екен. Анталияның сарқырамалар қаласы атануында да сол Мұрат Пашаның еңбегі жатыр. Сол сарқырамалардың бірегейі қанша заманнан бері сарқырап ағып тұр. Дюден өзенінің ағынды суы Анталияны көктей өтіп, Ақтеңізге келіп құяды. Осы жер сырттан келушілер мен қала тұрғындары үшін таптырмас демалыс аймағына айналған (сурет 11) [3].

Сурет 11. Төменгі Дюден сарқырамасы

Жоғарғы Дюден сарқырамасына келушілер тынығуы үшін қолайлы жағдайдың бәрі жасалған. Сарқыраманың дәл астында үңгір бар. Оған кірген адамның жан сарайы тыныштық табады. Шынында судың күші керемет қой, сол жерде сарқырап аққан су дыбысына құлақ түріп отырып, Астана мен Алматыда ақ шұнақ аяздың ойнақ салып тұрғаны естен шығады. Ал төменгі Дюден тікелей теңізге құяды. Сарқыраманы теңіз жақтан келіп тамашалайтындар да, дәл түбіне келіп қармақ салып, балық аулап тынығатындар да табылады [4].

Біздің келесі аралаған экскурсиямыз – Жерорта теңізінің бай жануарлар дүниесі еді. Бұл экскурсиямыз Тасбақа аралында өтті (сурет 12). Дайвинг деп аталатын бұл экскурсияда туристерді дайверлердің киім-кещегін, құрал-жабдықтарын ұсынып, су астында қолданылатын белгілер мен қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтеді [1].

Дайвинг – арнайы құрал-жабдықтарды пайдалана отырып немесе оларды пайдаланбай-ақ су астындағы жүзетін экстремальді туризм түрі болып табылады. Біздің экскурсиямызда екі рет сүңгу қамтылған. Біріншісі - 5 метр, екіншісі – 12 метр.

Сурет 12. Тасбақа аралы

2. Келбетті сарайлар мен ескерткіштер әлеміне саяхат

Жалпы Түркияда экскурсиялардың алуан түрі бар: тарихи, танымдық, қажылық, экологиялық, экзотикалық, рекреациялық, спорттық, экстремальді, және т.б. Ерекше атап айтар болсақ, ең қызықтысы әрі кең таралғаны – тарихи экскурсиялар.

Түркия – ертеден бері мекен етіп келе жатқан елдердің бірі болғандықтан, мемлекет аумағынан, түкпір-түкпірінен әр дәуірдің қалдырып кеткені іздерін кездестіре аламыз. Түркияның ең ірі үш қаласы — Стамбұл, Анкара, Измир қалалары адамның ерік-жігері мен тарихи үрдістердің нәтижесінде өте маңызды іскерлік әрі мәдени орталықтарға айналды. Олардан көптеген келбетті сарайлар мен әсем ескерткіштерді кездестіруге болады (суреттер 13, 14) [1].

Сурет 13. Стамбұлдағы ескерткіштер макеті

Жоғарыда аталған қалалардың тамақтану орындары мен дәмханаларында суретшілер, әртістер, ақындар мен журналистер өз уақыттарын белсенді өткізуді ұнатады. Ал кофеханалар мен оқу залдарында жастардың елдің болашағы жайлы өз нұсқалары ұсынылып тұрады.

Алпыстың айналасындағы зиялы білгірлер көпке белгілі шағын мейрамханаларға жиналып, өздерінің бұрынғы өткен уақыттар мен орындалмаған үміттері жөнінде еске алысады. Ал керісінше қалалық жастар жарқыраған сауда орталықтары мен би кештерінде қазіргі заман өмірінің жемісінен дәм татады.

Түрік қалалық зиялы қауым өкілдері мен әлемнің басқа да елдеріндегі әріптестерінің арасында ортақ нәрселер аз емес, олар біз шығып жүрген сапарларға жағымды және көңілді қатысушылар бола алады. Бұл адамдар дүниені көрген, бірнеше тілде сөйлейді, төзімділіктері жоғары дәрежеде.

Алайда маңызды мәселелер бойынша өз пікірлерін табанды түрде қорғауға әрқашанда әзір. Өздерінің жан түкпірінде олардың бүкіл түрік халқы сиякты отбасының мызғымастығы, отанға адалдық, коғам алдындағы міндеттемелер, айналасындағыларға әділдік көрсету, қонақжайлылық, дәстүрлерді құрметтеу, жан ашушылық қабілеті тәрізді құндылықтарды құрметтейтіні естен шықпау керек.

Сурет 14. Стамбұл қаласындағы сарай

Халықаралық тәжірибеден өткен кезде бізге өте қатты ұнаған, естен кетпес саяхатымыз әйгілі Стамбұл қаласына жасаған саяхат болды. Түркия мемлекеті Еуропа аймағына жатқанымен де, шынымен де түрік халқы мен қазақ халқына ортақ мол дүние бар. Бұл жолы да сол түсінікті аңғардық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]