Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пат.физ. тесты.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
583.68 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Қабынудың патофизиологиясы»

1. Қабыну бұл:

A) Ауру алды жағдай

B) Нозологиялық бірлік

C) Патологиялық реакция

D) Патологиялық жағдай

E) Біртектес дерттік үдеріс

2. Қабынудың жиі себебі болып табылады:

A) Биологиялық факторлар

B) Механикалық факторлар

C) Физикалық факторлар

D) Химиялық факторлар

E) Психогенді факторлар.

3.Қабынуды шақыратын фактор аталады:

A) Мутаген

B) Аллерген

C) Флогоген

D) Пироген

E) Канцероген.

4. Сыртқы флогогендік факторларға жатады:

A) Бактериялар

B) Қанқұйылулар

C) Бос радикалдар

D) Уытты метаболиттер

E) Тіндер ыдырауының өнімдері.

5. Ішкі флогогендік факторларға жатады:

A) Вирустар

B) Қышқылдар

C) Қарапайымдылар

D) Электр тогі.

E) Антиген-антидене кешендері.

6. Қабынудың негізгі компонентіне жатады:

A) Альтерация, гиперемия, стаз

B) Альтерация, некроз, апоптоз

C) Альтерация, регенерация, пролиферация

D) Альтерация, артериялық және веналық гиперемия

E) Альтерация, экссудация, лейкоциттердің эмиграциясы, пролиферация

7. Қабынудың бірінші сатысы болып саналады:

A) Стаз

B) Альтерация

C) Экссудация

D) Пролиферация

E) Қан айналымның бұзылыстары

8. Екіншілікті альтерация, ең алдымен осының тіндерге әсер етуінің нәтижесі болып табылады:

A) Флогогендік факторлардың

B) Қабыну медиаторларының

C) Тіндік өсу факторларының

D) Өзгерген нәруыздардың

E) Алкалоздың.

9. Қабынудың жасушалық медиаторы:

A) Плазмин

B) Гистамин

C) Калликреин

D) Брадикинин

E) Комплемент

10. Жасуша мембранасының фосфолипидтері осы заттар түзілуінің көзі:

A) Кининдердің

B) Лимфокиндердің

C) Протеогликандардың

D) Простагландиндердің

E) Биогенді аминдердің

11. Қабынудың гуморальді медиаторларына жатады:

A) Лейкотриендер

B) Простациклин

C) Е2 простагландиндер

D) Оралымды нуклеотидтер

E) Комплементтің құрам бөліктері

12. Қабыну медиаторларының негізгі әсер ету механизмі осының жоғарылауымен байланысты:

A) Тамырлар өткізгіштігінің

B) Артериялық қысымның

C) Арнайы антиденелер титрінің

D) Қабыну ошағындағы зат алмасудың

E) Флогогендік фактордың патогендігі.

13. Қабыну ошағында зат алмасу:

A) Төмендейді

B) Өзгермейді

C) Жоғарылайды және бұрмаланады.

D) Флогогеннің табиғатына тәуелді

E) Қабыну модуляторларының құрамына тәуелді

14. Қабыну кезіндегі Нәруыздар, майлар мен көмірсулардың ыдырауы, осы органеллалар мембраналарының зақымдалуына байланысты:

A) Рибосоманың

B) Лизосоманың

C) Жасуша ядросының

D) Митохондрияның

E) Саркоплазмалық ретикулумның

15. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер осыған тән:

A) Ацидоз

B) Алкалоз

C) Тұздардың диссоциациясының төмендеуі

D) Полипептидтер санының азаюы

E) Нәруыз молекуласының дисперстігінің азаюы.

16. Қабыну ошағындағы гиперонкия осы заттар мөлшерінің жоғарлауымен анықталады:

A) Судың

B) Натрийдің

C) Полипептидтердің

D) Сутегі иондарының

E) Толық тотықпаған өнімдердің.

17. Қабыну кезіндегі қанайналым бұзылыстары сатыларының біртектес реті:

A) Веналық гиперемия, стаз, ишемия, артериялық гиперемия

B) Артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз, ишемия

C) Ишемия, веналық гиперемия, артериялық гиперемия, стаз

D) Стаз, артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия

E) Ишемия, артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз

18. Қабыну кезіндегі артериялық гиперемияның дамуы осыны туындатады:

A) Тамырдың рефлекторлық тарылуына

B) Симпатикалық әсерлердің белсенуі

C) Қабыну ошағынан қанның ағып кетуінің қиындауы

D) Қабыну медиаторларының әсерінен тамырлардың босаңсуы

E) Қышқыл өнімдерінің әсерінен тамырлардың тарылуы

19. Қабыну кезіндегі артериялық гиперемияға тән:

A) Қанағыстың жылдамдауы, зат алмасудың баяулауы

B) Қанағыстың жылдамдауы, қабынған ошақтың қызаруы

C) Қанағыстың баяулауы, температураның жергілікті төмендеуі

D) Қанағыстың баяулауы, қабынған ошақтың қызаруы

E) Қан ұюдың жылдамдауы, қабынған ошақтың цианозы.

20. Қабыну кезіндегі микроциркуляция және қанайналым бұзылыстарының негізгі және ең ұзақ сатысы саналады:

A) Артериялық гиперемия

B) Веналық гиперемия

C) Ишемия

D) Тромбоз

E) Стаз

21. Веналық гиперемия дамуының тамырішілік ықпалдары:

A) Қанның қоюлануы

B) Норадреналиннің әсері

C) Венаның экссудатпен қысылуы

D) Артериолалар тонусының жоғарылауы

E) Венула айналасындағы дәнекер тіндік талшықтардың бүліністері

22. Қабынулық веналық гиперемияға тән:

A) ламинарлы қан ағым

B) тубулентті қан ағым

C) антероградты қан ағым

D) итермелі қан ағысы

E) тербелмелі қан ағысы.

23. Қабынуда экссудация осылардың жоғарылауынан дамиды:

A) Қабыну ошағынан лимфаның ағып кетуі

B) Тамыр кемерінің өткізгіштігі

C) Қабыну ошағындағы гидростатикалық қысымы

D) Қанның онкотикалық қысымы

E) Қанның осмостық қысымы.

24. Қабыну кезінде қылтамырлар мен венулалардағы гидростатикалық қысым осылардың әсерінен жоғарылайды:

A) Ишемия

B) Веналық гиперемия

C) Артериялық гиперемия

D) Тамырлар кемерлері тікелей зақымданғанда

E) Венуланың эндотелиальді жасушалары жиырылуынан.

25. Тамырлардың тіректік мембранасы бұзылып,ауыр зақымданған кезінде осы экссудат пайда болуы мүмкін:

A) Іріңді

B) Хилёзді

C) Серозды

D) Фибринозды

E) Геморрагиялық.

26. Қабыну кезінде іріңдеткіш микробтармен шақырылған экссудат құрамында көп болады:

A) Эозинофилдер

B) Нейтрофилдер

C) Лимфоциттер

D) Моноциттер

E) Базофилдер.

27. Ірің жасушалары:

A) Өлген макрофагтар

B) Өлген микроорганизмдер және олардың улары

C) Қанның ыдыраған формалық элементтері

D) Зақымдану мен ыдыраудың әртүрлі сатысындағы лейкоциттер

E) Қабынған тіннің бұзылған паренхиматозды жасушалары.

28. Қабыну кезінде,гельминттермен шақырылған экссудат құрамында көп болады:

A) Нейтрофилдер

B) Эозинофилдер

C) Лимфоциттер

D) Эритроциттер

E) Моноциттер.

29. Экссудаттың теріс әсері:

A) Үдерістің орнығуы

B) Улар мен микробтарды жою

C) Жергілікті иммунитеттің жоғарылауы

D) Бактериялар уларын сұйылту

E) Ағза микроқанайналымының бұзылысы.

30. Қабыну ошағына лейкоциттердің ең көп шығуы осы сатыда көрінеді:

A) Стаз

B) Ишемия

C) Тромбоэмболия

D) Веналық гиперемия

E) Артериялық гиперемия.

31. Лейкоциттердің тамыр кемері арқылы шығуы осы жол арқылы жүзеге асады:

A) Лейкоциттердің бетіндегі L-селектиндер экспрессиясы

B) Псевдоподийлар түзілуі

C) Цитопемпсис

D) Хемотаксис

E) Фагоцитоз.

32. Қабыну ошағына бірінші болып шығады:

A) Моноциттер

B) Лимфоциттер

C) Эозинофилдер

D) Плазмоциттер

E) Нейтрофилдер.

33. Қабыну ошағында лейкоциттердің қозғалуы осылар арқылы іске асады:

A) Калий иондары

B) Фагоцитоз

C) Хемотаксис

D) Лейкоциттер бетіндегі интегриндер экспрессиясы

E) Лейкоциттердің және эндотелийдің селектиндерінің өзара әрекеті.

34. Пролиферация сатысында болады:

A) Жасушалар зақымдануы

B) Лейкоциттер эмиграциясы

C) Қабынудың медиаторлары мен модуляторларының түзілуі

D) Жасуша элементтерінің көбеюі

E) Фагоцитоз.

35. Тыртық тінінің бастапқы құрылымдық элементі болып табылады:

A) Коллаген

B) Фибрин

C) Эластин

D) Миозин

E) Актин.

36. Қабынудың жергілікті белгілеріне жатады:

A) Миалгия

B) Лейкоцитоз

C) ЭТЖ-ның жылдамдауы

D) Ағза қызметінің бұзылыстары

E) Жедел фаза нәруыздарын бөлуі.

37. Қабынудың классикалық жергілікті белгілеріне жатады:

A) Ауырсыну

B) Қызба

C) Бас ауруы

D) Гипоальбуминемия

E) Уыттану әйгіленімдері.

38. Қабыну кезінде организмнің организмнің жалпы реакциясына жатады:

A) Ауырсыну

B) Ісіну

C) Гиперемия

D) Ағзалар қызметінің бұзылыстары

E) Дене температурасының жоғарылауы.

39. Қабынудың жалпы белгілері осының әсерімен байланысты:

A) Цитокиндердің

B) Катехоламиндердің

C) Биогенді аминдердің

D) Бос радикалдардың

E) Глюкокортикостероидтардың.

40. Қабыну кезінде стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді қолдану осылардың мысалы болады:

A) Емдеудің этиологиялық негізінің

B) Емдеудің орын толтыратын негізінің

C) Емдеудің патогенездік негізінің

D) Емдеудің саногенетикалық негізінің

E) Емдеудің симтоматикалық негізінің