
- •Тесттік тапсырмалар Тақырыбы: «Патофизиология пәні және міндеттері»
- •1. Патофизиологияның ғылым ретінде, негізгі мақсаты:
- •9. Жануарларға тәжірибе жасағанда зерттеу мүмкін емес:
- •Тақырыбы: «Жалпы нозология»
- •Тақырыбы: «Жалпы этиология. Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторларының адам организміне әсері»
- •Тақырыбы: «Алкоголизм, наркомания, токсикоманиялардың патофизиологиялық аспектілері»
- •Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің патологиядағы рөлі»
- •Тақырыбы: «Тұқымқуалаушылықтың патологиядағы рөлі»
- •20. Тұқым қуалайтын аурулар жиі кездесетін отбасының шежіресін зерттеу әдісі осылай аталады:
- •Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Зақымдануларға организмнің жалпы реакциясы»
- •3. Жасушалар зақымдалуының бейспецификалық көріністеріне жатады:
- •4. Жасушалар зақымдалуының бейспецификалық көріністеріне жатады:
- •Тақырыбы: «Шеткері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қабынудың патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Қызбаның патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Инфекциялық процестің патофизиологиясы»
- •13. Гонорея, сифилистің қоздырғышы үшін инфекцияның кіреберісі саналады:
- •14. Инфекциялық аурулар кезіндегі иммундық аутоагрессиялардың пайда болуының себебі болып саналады:
- •15. Инкубациялық кезең осы кезде байқалады:
- •17. Инфекциялық аурулардың толығымен сауығуы ең алдымен, осыны туындатады:
- •Тақырыбы: «Өспелердің патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Аллергиялардың патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Гипоксия»
- •Тақырыбы: «Су-элект алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қышқылдық-негіздік жағдайдың бұзылыстары»
- •28. Миокард инфаркты бар науқаста өкпе ісінуімен асқынған. РН 7,24; рСо2 50 мм. Сын.Бағ.; sb 18,0 ммоль/л; вв 42,5 ммоль/л; ве - 7,0 ммоль/л. Қышқыл-негіздік жағдайлар бұзылыстарының түрін анықтаңыз:
- •29. Бас миының өспесі бар науқаста ентікпемен қабаттасады. РН 7,48; рСо2 23 мм. Сын.Бағ.; sb 23,6 ммоль/л; вв 50,5 ммоль/л; ве - 1,8 ммоль/л. Қышқыл-негіздік жағдайлар бұзылыстарының түрін анықтаңыз:
- •Тақырыбы: «Көмірсулар алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Май алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Нәруыз алмасуының бұзылыстары. Ашығу»
- •Тақырыбы: «Қант диабеті мен атеросклероз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Шеткері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
1. Артериялық гиперемияның себептері:
A) Жылудың және күн сәулелерінің әсерлері
B) Тамырлардың атеросклерозы
C) Тамырлардың тромбозы
D) Тамырлардың эмболияы
E) Ангиоспазм
2. Артериялық гиперемия осының әсерінен дамиды:
A) Допаминнің
B) Вазопрессиннің
C) Альдостеронның
D) Ацетилхолиннің
E) Норадреналиннің
3. Артериялық гиперемия дамуының негізгі механизмдеріне жатады:
A) Тамыр тарылтатын және тамырды кеңейтетін нервтер тонусының төмендеуі
B) Тамыр тарылтатын және тамырды кеңейтетін нервтер тонусының жоғарылауы
C) Тамыр тарылтатын нервтер тонусының төмендеп, ал тамырды кеңейтетін нервтер тонусының қозуы
D) Вазоконстрикторлық әсері бар заттектердің мөлшерінің жоғарылауы
E) Вазодилатациялық әсері бар заттектердің мөлшерінің азаюы
4. Артериялық гиперемия патогенезінің басты тізбегі:
A) Венулалардың жиырылуы
B) Веналардың кеңеюі
C) Артериолалардың жиырылуы
D) Артериолалардың кеңеюі
E) Қылтамырлардың кеңеюі
5. Артериялық гиперемия кезінде байқалады:
A) Тін бөлігінің қызаруы
B) Тіннің тығыздығының (тургоры) төмендеуі
C) Қанағыстың баяулауы
D) Тіннің температурасының төмендеуі
E) Тіннің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі
6. Артериялық гиперемиялардың белгісі:
A) Тіннің температурасының жоғарылауы
B) Қанағыстың баяулауы
C) Тіннің тығыздығының төмендеуі
D) Тіннің бозаруы
E) Цианоз
7. Артериялық гиперемиялардың салдары:
A) Тіннің ісінуі
B) Тіннің некрозы
C) Тамырлардың жарылуы
D) Тіннің ишемиясы
E) Тамырлардың тромбоэмболиясы
8. Артериялық гиперемиялардың жағымсыз салдарына жатады:
A) Сладж-феномені
B) Тіндердің гипоксиясы
C) Ағзаның гипотрофиясы
D) Инфекциялардың жайылып кетуі
E) Дәнекер тіннің өсуі
9. Веналық гиперемиялардың себебі болуы мүмкін:
A) Ангиоспазм
B) Веналардың өспемен қысылуы
C) Артериялардың тромбпен бітелуі
D) Ацетилхолиннің тамырларға әсері
E) Тіннің қоректі заттектерге мұқтаждығының артуы
10. Веналық гиперемия осы кезде дамиды:
A) Симпатоадреналды жүйе белсендірілгенде
B) Тіннің оттегіге мұқтаждығы артқанда
C) Тамырлардың альфа-адренорецепторлары қозғанда
D) Тіндерде аденозин көптеп жиналғанда
E) Веналар клапандарының жеткіліксіздігінде
11. Веналық гиперемия патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз:
A) Қанағыстың көлемдік жылдамдығының артуы
B) Ағзаға қанның ағып келуінің жоғарылауы
C) Артерия-веналық шунттардың ашылуы
D) Қан ағып кетуінің қиындауы
E) Ангиоспазм
12. Тіндердің ісінуі әдетте дамиды:
A) Стаз кезіндее
B) Ишемия кезінде
C) Эмболия кезінде
D) Веналық гиперемия кезінде
E) Артериялық гиперемия кезінде
13. Веналық гиперемия кезіндегі тіндердің түсінің көкшіл тартуы осының мөлшерінің жоғарылауымен байланысты:
A) Метгемоглобиннің
B) Оксигемоглобиннің
C) Карбгемоглобиннің
D) Дезоксигемоглобиннің
E) Карбоксигемоглобиннің
14. Ұзақ веналық іркілудің салдары:
A) Ишемия
B) Атеросклероз
C) Зат алмасудың күшеюі
D) Жергілікті иммунитеттің белсендірілуі
E) Дәнекер тіндердің өсіп кетуі
15. Ишемия - бұл:
A) Қанағыстың тоқтауы
B) Ағзадан қанның ағып кетуінің күшеюі
C) Ағзаның қанмен қамтамасыз етілуінің күшеюі
D) Ағзадан веналық қанның ағып кетуінің баяулауы
E) Артериялық қанның ағзаға ағып келуінің азаюы
16. Компрессиялық ишемия дамиды:
A) Ангиоспазм кезінде
B) Атеросклероз кезінде
C) Артериялардың майлы эмболиясы кезінде
D) Артериялар тромбпен бітелгенде
E) Артериялар бөгде затпен қысылғанда
17. Ангиоспазмдық әсері бар заттек:
A) Азот оксиді
B) Калликреин
C) Тромбоксан А2
D) Простациклин
E) Простагландин Е
18. Ангиоспазмдық ишемия дамиды:
A) Артериялардың атеросклерозында
B) Артериялар эмболмен бітелгенде
C) Артериялардың тромбоэмболиясында
D) Артериялар бөгде затпен қысылғанда
E) Тамыр тарылтатын нервтер тітіркенгенде
19. Ишемияға өте сезімталы:
A) Сүйек
B) Бүйрек
C) Жүрек
D) Өкпе
E) Көкбауыр
20. Ишемия кезіндегі қанайналым бұзылыстарын орын толықтыру осының есебінен іске асырылады:
A) Артерия веналық анастомоздардың
B) Коллатералдық қанайналымның
C) Анаэробты гликолиз тежелуінің
D) Жасушаларда инозин және аденозин жойылуының
E) Сарколеммалық Са2+-АТФазаның тежелуінің
21. Ишемияның жағымсыз салдары:
A) Инфаркт
B) Ағзадағы веналық іркілу
C) Реперфузия
D) Артериялық гиперемия
E) Гликолиздің тежелуі
22. Ишемиялық стаз дамуы мүмкін:
A) Веналар қысылғанда
B) Артериялардың спазмы болғанда
C) Веналар тромпен бітелгенде
D) Тіндерге күшті қышқылдар әсер еткенде
E) Қанның реологиялық қасиеті бұзылғанда
23. Нағыз стаздың даму механизмі осыған негізделген:
A) Кребс циклының әсерлілігі жоғарылауына
B) Аэробты гликолиз қарқынының күшеюіне
C) Липидтердің асқын тотығу процессінің тежелуіне
D) Пентозды цикл қарқынының әлсіреуіне
E) Эритроциттердің капилляр ішілік агрегациясына
24. Ұзақ болған стаздың нәтижесінде дамуы мүмкін:
A) Тіндердің некрозы
B) Артериялық гиперемия
C) Ағзаның қызметінің күшеюі
D) Ағзада қанағыстың күшеюі
E) Тамырдың өткізгіштігінің артуы
25. Эндотелий зақымданғандағы тромб түзілуінің жоғарылауы эндотелийде осының өндірілуінің төмендеуімен байланысты:
A) Адреналиннің
B) Серотониннің
C) А2 тромбоксанның
D) Простациклиннің
E) Тромбоциттердің агрегациясы факторының
26. Тромб түзілуінің жасушалық сатысының (біріншілік гемостаз) дамуы осыған негізделген:
A) Тіндік тромбопластиннің белсендірілуіне
B) Фибриногеннің фибринге алмасуына
C) Тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясына
D) Белсенді тромбин түзілуіне
E) Қан ұйындысының ретракциясына
27. Тромбтың салдары:
A) Некроз
B) Инфаркт
C) Гангрена
D) Қанның іркілуі
E) Сепсистік ыдырау
28. Эмболия - бұл:
A) Тамырлардың констрикциясы
B) Капиллярларда қанның тоқтауы
C) Қанағыстың баяюлауы
D) Тамыр саңылауында қанның ұюы
E) Қанағыспен келген бөліктермен тамырлардың бітелуі
29. Үлкен қанайналым шеңберінде эмболия дамуына осы жерде болған өзгерістер ықпал етеді:
A) Үлкен қанайналым веналарында
B) Оң жақ жүрекшеде
C) Оң қарыншада
D) Сол қарыншада
E) Капиллярларда
30. Қарынша аралық қалқа бітелмегенде дамуы мүмкін:
A) Парадоксалдық эмболия
B) Антероградтық эмболия
C) Ретроградтық эмболия
D) Экзогендік эмболия
E) Эндогендік эмболия