Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пат.физ. тесты.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
583.68 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің патологиядағы рөлі»

1. Патогенез - бұл:

A) Аурудың даму механизмін зерттейтін, патофизиологияның бөлімі

B) Ауру дамуының себептерін зерттейтін, патофизиологияның бөлімі

C) Ауру дамуының жағдайларын зерттейтін, патофизиологияның бөлімі

D) Аурудың даму сатыларын зерттейтін, патофизиологияның бөлімі

E) Аурудың аяқталуын зерттейтін, патофизиологияның бөлімі

2. Патогенездің бастапқы тізбегіне жатады:

A) Түрлі деңгейдегі біріншілік бүліністер

B) Себеп-салдарлың арақатынастар

C) Патологиялық процесстің қалыптасуы

D) Патологиялық процесстің тұрақсыздығы

E) Қорғаныстық-орын толтырушы механизмдер

3. Субмолекулалық деңгейдегі бүліністердің мысалы ретінде қарастырылады:

A) Радиацияның әсерінен атомдар мен молекулалардың қозуы және иондалуы

B) Коллагеноздардағы дәнекер тіндердің бүлінуі

C) Ішкі секреция бездері қызметтерінің жойылуы

D) Мес жасушалардың дегрануляциясы

E) Рибосомалардың бүліністері

4. Патогенездің негізгі тізбегі деп, осыған қажетті процессті атайды:

A) Патогенездің басқа тізбектерінің іске асырылуына

B) Себеп-салдарлың арақатынастардың алмасуына

C) Саногенездік механизмдердің іске асырылуына

D) Аурудың құрылымдық көріністерінің қызметтікке алмасуына

E) Аурудың бейспецификалық даму механизмдерінің спецификалыққа алмасуына

5. Жіті қансыраудың патогенезінің бастапқы тізбегі болып табылады:

A) Айналымдағы қан көлемінің төмендеуі

B) Айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы

C) Қанағыстың минуттық көлемінің артуы

D) Қанағыстың соққылық сиымдылығының артуы

E) Жүректің көлемінің кішіреюі

6. Патогенездің басты тізбегін анықтау қажет:

A) Аурудың себептерін жою үшін

B) Зақымдаушы медиаторларға ықпал ету үшін

C) Салдарлық бүлінулерге ықпал ету үшін

D) Ауыр субъективті сезімдерді жою үшін

E) Себеп-салдарлық арақатынастардың тізбектерін үзу үшін

7. Аурудың патогенезіндегі кері айналып соғу шеңберінің пайда болуы осының айғағы:

A) Патогенездік тізбектердің бірінің оң кері байланыс механизмі бойынша әлсіреуінің

B) Патогенездік тізбектердің бірінің оң кері байланыс механизмі бойынша күшеюінің

C) Патогенездік тізбектердің бірінің теріс кері байланыс механизмі бойынша күшеюінің

D) Патогенездік тізбектердің бірінің оң тікелей байланыс механизмі бойынша күшеюінің

E) Патогенездік тізбектердің бірінің жойылуы

8. Күшті ауыру сезімі (өтте-тас ауруы, тіс ауруы кезіндегі) артериялық қысымның құбылуын, жүрек қағысының, тыныс алудың өзгеруін туындатады – бұл осының мысалы:

A) Патогенездің басты тізбегінің

B) Патогенездің кері айналып соғу шеңберінің

C) Патогенездің себеп-салдарлық арақатынастарының

D) Патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастарының

E) Патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдердің

9. Қансырау оттегі тасымалдануының қиындауы жүректің жіті жеткіліксіздігі оттегі тасымалдануының одан сайын қиындауы. Бұл осының мысалы:

A) Кері айналып соғу шеңберінің

B) Патогенездің басты тізбегінің

C) Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастардың

D) Патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастарының

E) Патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдердің

10. Организмнің шұғыл қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдеріне жатады:

A) Жөтел

B) Антиденелердің өндірілуі

C) Тіндердің гипертрофиясы

D) Тіндердің гиперплазиясы

E) Организмнің қордағы мүмкіндіктерінің іске қосылуы

11. Салыстырмалы тұрғыда тұрақты қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдерге жатады:

A) Құсу

B) Түшкіру

C) Көзден жас ағуы

D) Ағзалардың гипертрофиюсы

E) Жылу реттелуінің жоғары деңгейге көтерілуі

12. Тұрақты қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдерге жатады:

A) Сілекейдің ағуы

B) Ағзалардың гипертрофиюсы

C) Катехоламиндердің шығарылуы

D) Реактивті лейкоцитоз

E) Зақымданған ағзаның қордағы мүмкіндіктерінің іске қосылуы

13. Патогенездік емнің негізінде осыған әсер ету маңызды:

A) Аурудың себебіне

B) Аурудың симптомына

C) Ауру патогенезінің негізгі тізбегіне

D) Ауру туындатқан жағдайға

E) Аурудың спецификалық көріністеріне

14. Патогенездік емге жатады:

A) Вирустарға қарсы ем

B) Бактерияларға қарсы ем

C) Құрттарға қарсы ем

D) Паразиттерге қарсы терапия

E) Қабынуға қарсы терапия

15. Патогенездік алдын алу шараларына жатады:

A) Жол жүру ережелері

B) Инфекциясы бар науқастарды оқшаулау

C) Өндірітегі техника қауіпсіздігі

D) Дене шынықтыру мен спортпен айналысу

E) Саз батпақты құрғату және масалармен күресу (безгекті алдын алу ретінде)

16. Патогенездік алдын алу шараларына жатады:

A) Профилактикалық екпелер

B) Жол жүру ережелері

C) Тұмау кезінде маска киіп жүру

D) Өндірітегі техника қауіпсіздігі

E) Шыбындарды жою (ішек инфекциясын алдын алу ретінде)

17. Реактивтілік- бұл организмнің осындай қасиеті:

A) Өз тіршілігін өзгерте алуы

B) Ішкі ортаның әсерлеріне жауап қайтара алуы

C) Сыртқы ортаның әсерлеріне қарсы тұра алуы

D) Қоршаған орта әсерлеріне тіршілігін өзгертпей жауап беру қасиеті

E) Қоршаған орта әсерлеріне тіршілігін өзгерте отырып жауап беру қасиеті

18. Реактивтіліктің жалпы түріне жатады:

A) Түрлік

B) Топтық

C) Спецификалық

D) Даралық

E) Физиологиялық

19. Егеуқұйрықтар мен теңіз шошқаларына қарағанда, бақалар гипоксияға төзімдірек. Бұл мысалы:

A) Жыныстық реактивтіліктің

B) Түрлік реактивтіліктің

C) Топтық реактивтіліктің

D) Жас шамасына байланысты реактивтіліктің

E) Даралық реактивтіліктің

20. Жануарлардың қысқы ұйқысы- бұл мысалы:

A) Түрлік реактивтіліктің

B) Топтық реактивтіліктің

C) Жас шамасына байланысты реактивтіліктің

D) Спецификалық реактивтіліктің

E) Даралық реактивтіліктің

21. Қарт адамдар жастарға қарағанда, инфекцияларға, атеросклероз дамуына, өспелерге өте сезімтал. Бұл мысалы:

A) Түрлік реактивтіліктің

B) Топтық реактивтіліктің

C) Биологиялық реактивтіліктің

D) Спецификалық реактивтіліктің

E) Даралық реактивтіліктің

22. Қаны 1 топқа жататын адамдарда асқазанның ойық жара ауруының жиі кездесуі осы ерекшеліктермен байланысты:

A) Түрлік реактивтіліктің

B) Топтық реактивтіліктің

C) Биологиялық реактивтіліктің

D) Даралық реактивтіліктің

E) Бейспецификалық реактивтіліктің

23. Тұмаудың қоздырғышы барлығының организмінде бола тұра, кейбір адамдарда тұмау өте ауыр өтеді, басқасында жеңіл, ал үшіншілері мүлдем ауырмайды. Бұл мысалы:

A) Түрлік реактивтіліктің

B) Топтық реактивтіліктің

C) Жас шамасына байланысты реактивтіліктің

D) Спецификалық реактивтіліктің

E) Даралық реактивтіліктің

24. Патологиялық спецификалық реактивтіліктің мысалы болып табылады:

A) Аллергия

B) Иммунитет

C) Фагоцитоз

D) Наркоз кезіндегі реактивтіліктің өзгеруі

E) Жарақаттық шок кезіндегі реактивтіліктің өзгеруі

25. Спецификалық реактивтіліктің көрсеткіші болып табылады:

A) Тітіркенгіштік

B) Қозымдылық

C) Төзімділік

D) Сезімталдық

E) Антидене түзілуінің қарқындауы

26. Бейспецификалық патологиялық реактивтіліктің мысалы болып табылады:

A) Аллергия

B) Аутоиммундық аурулар

C) Эпилепсия кезіндегі реактивтілік

D) Иммундық тапшылықты жағдайлар

E) Зақымдаушы ықпалдарға антидене түзілуінің жоғарылауы

27. Бейспецификалық реактивтіліктің көрсеткіші болып табылады:

A) Тітіркенгіштік

B) Фагоцитоздың белсенділігі

C) Комплемент жүйесінің белсенділігі

D) Антидене түзілуінің қарқындауы

E) Антиген-антидене кешендерінің түзілуі

28. Резистенттілік – бұл организмнің осы қасиеті:

A) Қоршаған ортаның кез келген әсерлеріне жауап беру қасиеті

B) Қоршаған ортаның адекватты әсерлеріне жауап беру қасиеті

C) Қоршаған ортаның экстремальді әсерлеріне жауап беру қасиеті

D) Патогендік факторлардың әсерлеріне организмнің қарсы тұру қасиеті

E) Организмнің ішкі орта факторларының әсерлеріне тұрақтылығы

29. Енжар резистенттіліктің мысалы болып табылады:

A) Уларды бейтараптау процессі

B) Қабыну кезіндегі лейкоцитоз

C) Антиденелердің түзілуі

D) Сүйек тіні

E) Фагоцитоз

30. Белсенді резистенттіліктің мысалы болып табылады:

A) Жәндіктердің қатты қабықтары

B) Сілемейлі қабықтар

C) Фагоцитоз

D) Сүйек

E) Тері