Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пат.физ. тесты.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
583.68 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Алкоголизм, наркомания, токсикоманиялардың патофизиологиялық аспектілері»

1. Алкоголизм- бұл:

A) Ауру

B) Патологиялық құбылыс

C) Патологиялық процесс

D) Патологиялық реакция

E) Патологиялық жағдай

2. Алкоголизмнің бастапқы сатысында дамиды:

A) Бауыр циррозы

B) Абстиненттік синдром

C) Иммундық тапшылық жағдай

D) Тұлғаның әлеуметтік дезадаптациясы

E) Алкогольге жоғары толеранттылық

3. Алкогольге организмнің патологиялық өзгерген реактивтілігі синдромының алкоголизмнің бастапқы сатысындағы көрінісі:

A) Алкогольдік психоздар

B) Абстиненттік синдром

C) Тұлғаның әлеуметтік деградациясы

D) Алкогольге толеранттылықтың жойылуы

E) Алкогольді қабылдау мөлшерін бақылаудың жойылуы

4. Абстиненция – бұл:

A) Маскүнемнің тұлғалық деградациясы

B) Есіл дерттің алкогольге ауып тұруы

C) Алкогольге жоғары толеранттылық

D) Алкогольді қабылдау мөлшерін бақылаудың жойылуы

E) Алкогольді қабылдауды доғарғаннан кейін, дамитын жағдай

5. Алкоголизмнің соңғы (декомпенсацияланған) сатысы сипатталады:

A) Алкогольге толеранттылықтың жоғарылауымен

B) Алкогольге сезімталдықтың бұрмалануымен

C) Ең алғаш абстиненттік синдромның туындауымен

D) ОЖЖ және ішкі ағзалардың органикалық бүліністерімен

E) ОЖЖ және ішкі ағзалардың қызметінің бұзылыстарымен

6. Алкогольдің мембранотропты әсері осымен негізделген:

A) Ацетальдегидтің жиналуымен

B) Ферменттер белсенділігінің жоғарылауымен

C) Зат алмасудың барлық түрінің өзгеруімен

D) Иондардың мембрана арқылы тасымалдануының бұзылуымен

E) ОЖЖ нейромедиаторлық жүйесіне тежеуші әсерімен

7. Алкогольдің әсерінен мембраналардың селдіреуі (флюодизациясы) осыған алып келеді:

A) Мембрана өткізгіштігінің жоғарылауына

B) Протеолиздік процесстердің артуына

C) Калий-натрий насостық қызметтің жылдамдауына

D) Иондардың мембрана арқылы тасымалдануының жасқсаруына

E) Мембранадағы липидтердің реттелуіне және тұрақталуына

8. Алкоголизм кезіндегі көмірсу алмасуы бұзылыстарының көріністері:

A) Гликолиздің тежелуі

B) Глюконеогенездің төмендеуі

C) Глюкоза тотығуының жылдамдауы

D) Гликоген түзілуінің артуы

E) Ішекте глюкоза сіңірілуінің күшеюі

9. Алкоголизм кезіндегі нәруыз алмасуы бұзылыстарының көріністері:

A) Қанда аммиактың жиналуы

B) Қанда нәруыздар мөлшерінің артуы

C) Нейрондарда нәруыз түзілуінің белсендірілуі

D) Аминопуриндер алмасуының тежелуі

E) Протеолиздік процесстердің тежелуі

10. Алкоголизм кезіндегі май алмасуының бұзылыстары сипатталады:

A) Лактацидоз дамуымен

B) Липогенездің тежелуімен

C) Холестерин түзілуінің тежелуімен

D) Үшглицеридтер түзілуінің белсендірілуімен

E) Липидтердің асқын тотығу процессінің белсендірілуімен

11. Алкогольді қабылдағандағы уытты әсерді шақыратын негізгі фактор:

A) Фенол

B) Аммиак

C) Ацетальдегид

D) Тотығулық өнімдер

E) Орта молекулалық масса

12. Мас болудың бірінші фазасындағы психомоторлық қозымдылыққа ықпал етеді:

A) Қанда серотониннің концентрациясының артуы

B) Бас миындағы нейромедиаторлардың алкогольмен ыдырауы

C) Мида липидтердің асқын тотығының жиналуы

D) Дофамин-бетта-гидроксилаза ферменті белсенділігінің артуы

E) Гипоталамустың пресинапстық құрылымдарынан катехоламиндердің босауы

13. Депрессиялық компонентпен және ОЖЖ тежелуімен өтетін, масаюдың екінші фазасында байқалады:

A) Ацетальдегидтің концентрациясының төмендеуі

B) ОЖЖ норадреналиннің концентрациясының төмендеуі

C) Мида серотониннің деңгейінің жоғарылауы

D) Мида ацетилхолиннің деңгейінің жоғарылауы

E) Мида липидтердің асқын тотығу өнімдерінің артуы

14. Алкогольді ұзақ уақыт қабылдағандағы, көңіл күйдің және еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі этанолдың осы қасиетіне байланысты болуы мүмкін:

A) Бас миында серотонин деңгейін арттыруна

B) Бас миында энкефалиндердің деңгейін арттыруна

C) Бас миында ацетилхолиннің түзілу деңгейін арттыруна

D) Бас миында норадреналин және дофаминнің деңгейін азайтуына

E) Бас миында липидтердің асқын тотығу өнімдерінің деңгейін азайтуына

15. Алкоголизм кезінде байқалады:

A) Гипервитаминоздар

B) Бауырда майдың жиналуы

C) Глюконеогенездің белсендірілуі

D) Қанда глюкозаның жоғарылауы

E) Қанда натрий мөлшерінің артуы

16. Наркомания және токсикоманияның дамуына ықпал ететін әлеуметтік факторларға жатады:

A) Адамның стрессорлық ықпалдарға бейімделу қабілеті

B) Тұқым қуалаушылыққа бейімділік

C) Өмірінің материалдық деңгейінің төмендігі

D) Зат алмасу ерекшелігі

E) Патологиялық конституция

17. Наркоманияның дамуына ықпал ететін, жеке тұлғаның-психологиялық ерекшеліктеріне жатады:

A) Тұқым қуалаушылыққа бейімділігі

B) Өмірінің материалдық деңгейінің төмендігі

C) Ақпараттық жүктемелер

D) Халықтың урбанизацисы

E) Жанұядағы дәстүрлер

18. Наркоманияның бастапқы сатысында дамиды:

A) Тұлғалық деградация

B) Организмнің есірткіге бейімделуі

C) Абстиненттік синдромның қалыптасуы

D) Ішкі ағзалардың органикалық зақымдануы

E) Қабылдаған заттектерге сезімталдықтың төмендеуі

19. Наркоманияның үшінші сатысы (зорығу сатысы) сипатталады:

A) Организмнің есірткілерге бейімделуімен

B) Есірткілерге төзімділіктің төмендеуімен

C) Организмнің жалпы реактивтілігінің жоғарылауымен

D) Есірткіге физикалық тәуелділіктің туындауымен

E) Абстиненцияның пайда болуымен

20. Наркоманияға тән:

A) ОЖЖ тек қызметтік бұзылыстары

B) Ішкі ағзаларда бүліністердің болмауы

C) Есірткі қабылдаудың бастапқы кезеңінде тұлғалық деградация дамуы

D) Есірткі қабылдауды доғарғаннан кейін абстиненцияның туындамауы

E) Есірткіге психикалық және физикалық тәуелділіктің дамуы