Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пат.физ. тесты.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
583.68 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Жалпы этиология. Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторларының адам организміне әсері»

1. Этиология осыны зерттейтін ілім:

A) Ауру ағымының түрлерін

B) Ауру дамуының сатылары мен кезеңдерін

C) Ауру дамуының механизмдерін

D) Аурудың жіктелуі мен номенклатурасын

E) Ауру пайда болуының себебі мен жағдайларын

2. Аурудың дамуы үшін қажет:

A) Тек қана себептері

B) Аурудың дамуының қауіп-қатері

C) Оганизм реактивтілігінің ерекше бұзылыстары

D) Тек қана аурудың дамуын туындататын жағдайлар

E) Тек қана аурудың дамуын туындататын себептер мен жағдайлардың

3. Аурудың себебі – бұл ықпал:

A) Емдеу тәсілін анықтайтын

B) Аурудың аяқталуына әсер ететін

C) Аурудың реактивтілігін өзгертетін

D) Ауру қоздырғыштарының негізгі қасиеттерін өзгертетін

E) Белгілі жағдайда аурудың пайда болуына әсер ететін.

4. Аурудың арнайы белгілері ең алдымен, осымен байланысты:

A) Себеп организммен әрекеттескенде

B) Жағдай организммен әрекеттескенде

C) Организм реактивтілігінің ерекшеліктерімен

D) Оганизмнің тұқымқуалауымен

E) Науқастың жасымен

5. Тұқымқуалаушылықтың этиологиядағы рөлі:

A) Аурудың қауіп-қатер факторы

B) Тек қана аурудың себебі

C) Тек қана аурудың жағдайы

D) Этиологиялық фактор

E) Патогенездік фактор

6. Организм конституциясының этиологиядағы рөлі:

A) Тек қана аурудың жағдайы

B) Тек қана аурудың себебі

C) Этиологиялық фактор

D) Патогенездік фактор

E) Аурудың арнайы қауіп-қатер факторы

7. Аурудың механикалық себептеріне жатады:

A) Ауру тудыратын микроорганизмдер

B) Иондаушы сәулелену

C) Жоғары барометрлік қысым

D) Төменгі температура

E) Қысылу

8. Аурудың физикалық себептеріне жатады:

A) Соғылу

B) Қышқылдар

C) Бактериялар

D) Жануарлардың уы

E) Электр тогі

9. Жүрек бұлшықеті арқылы электр тогінің өтуі кезінде, ең алдымен дамиды:

A) Тыныстың тоқтауы

B) Қарыншалардың фибрилляциясы

C) Тыныс бұлшықеттерінің тарылуы

D) Коронарлық қанағыстың күшеюі

E) Кезбе нервтің тонусының төмендеуі

10. Гипотермияның орын толтыру сатысында жылу шығарудың азаюы байланысты:

A) Тер бөлудің азаюымен

B) Тыныс жиілігінің жоғарылауымен

C) Шеткі тамырлардың босаңсуымен

D) Жылуды реттегіш бұлшықет дірілімен

E) Тотығу мен фосфорилдену үдерістерінің күшеюімен

11. Жиырылу термогенезінің мәнінде жылу пайда болуының жоғарылауы жатыр – ол байланысты:

A) Гликогенолиздің артуына

B) Бұлшықеттердің жиырылуы мен тонусының күшеюіне

C) Физикалық термореттеу үрдерістерінің бұзылуына

D) Тотығу – тотықсыздану үдерістерінің жоғарылауына

E) Тотығу – тотықсыздану үдерістерінің жоғарылауына

12. Жиырылусыз өтетін термогенездің мәнінде жылу пайда болуының жоғарылауы жатыр – ол байланысты:

A) Тер бөлудің азаюына

B) Тері тамырларының босаңсуына

C) Перспирация үдерістерінің жоғарылауы

D) Бұлшықеттердің жиырылуы мен тонусының күшеюіне

E) Тотығу – тотықсыздану үдерістерінің белсендірілуіне

13. Гипотермияның декомпенсациялық сатысында болатын жағдайды көрсетіңіз:

A) Тері тамырлары жиырылады

B) Дене температурасы төмендеуді

C) Бұлшықет дірілі пайда болады

D) Алмасу үрдерістері күшейеді

E) Оттегіні пайдалану артады.

14. Суық тигізіп ауырғанда іске қосылатын бастапқы тетікті көрсетіңіз:

A) Тамыр қимылдатқыш рефлекстер

B) Физикалық термореттеу тетіктерінің бұзылыстары

C) Жоғары тыныс жолдарына микроорганизмдердің енуі

D) Гуморальды иммунитет белсенділігінің төмендеуі

E) Иммундық жетіспеушілік

15. Гипертермияның декомпенсациялық сатысы сипатталады:

A) Қалтырау

B) Бұлшықет дірілі

C) Жылудың шығарылуының азаюы

D) Қан тұтқырлығының төмендеуі

E) Дене температурасының жоғарылауы

16. Гипертермия кезіндегі тердің аса көп бөлінуінің теріс салдары:

A) Гипероксияға

B) Сусыздануға

C) Ісінулердің пайда болуы

D) Қан тұтқырлығының төмендеуі

E) Дене температурасының төмендеуіне

17. Дененің жедел ысуы, дене температурасының 42 градусқа дейін және одан да көп градусқа тез жоғарылауы қалай аталады:

A) Қызба

B) Гипертермия

C) Жылулық соққы

D) Күн соққысы

E) Күйік ауруы

18. Күн соққысы осы кезде дамиды:

A) Организмге қоршаған ортаның жоғары температурасы әсер еткенде;

B) Күн сәулелерінің бүкіл организмге әсерінен;

C) Жалаң басқа күн сәулелерінің әсер етуі;

D) Арнайы дене температурасын жоғарылатын физикалық әсерлерден

E) Организмге күн сәулесінің ультракүлгін спектрлерінің әсерлерінен.

19. Жоғарғы температураның жергілікті әсері кезінде дамиды:

A) Күйік

B) Гипертермия

C) Қызу

D) Жылулық соққы

E) Күн соққысы.

20. Күйіктік антигендер себеп болады:

A) Уыттануларға

B) Сусыздануға

C) Септикотоксимияға

D) Аутоиммунизацияға

E) Күйіктік әлсіреуге

21. Адам осы кезде төменгі атмосфералық қысымның әсерін сезеді:

A) Тауға көтерілгенде

B) Суға сүңгігенде

C) Кессондық жұмыстарды атқарғанда

D) Су асты жұмыстарын жүргізгенде

E) Гипербариялық оксигенация сеансын қабылдағанда

22. Тау және биіктік ауруларындағы декомпрессиялық симптомдарды атаңыз:

A) Ішектердегі ауаның сығылуынан іш ауруы пайда болады

B) Маңдай қуыстары ауадан ұлғайып ауру сезімін тудырады

C) Құлақ ішіндегі дабыл жарғағы қысылғандықтан құлақ ауруы

D) Газдардың сатурациясы ойлау қабілетін нашарлатады және депрессия дамуына ықпал етеді

E) Барометрлік қысымның жоғарылауынан өкпе альвеолалары жарылады.

2 3.Тау ауруы патогенезінің жетіспейтін бөлігін жазыңыз: Ауадағы рО2 төмендеуі қандағы рО2 төмендеуі каротидті синус тамырларының хеморецепторларының тітіркенуі ? тыныс алу және жүрек жиырылуының жиілігі төмендеуі:

A) Тамыр қозғалтқыш және тыныс орталықтарының рефлекторлы түрде ынталандыру

B) Қыртыс және қыртыс асты орталықтарының тежейтін әсерін күшейтуі

C) Көмірқышқыл газының қысымының төмендеуі

D) Тіндік эмфизема

E) Газдық алкалоз

24. Биіктік ауруы кезіндегі теңгерілу - орын толтыру механизмі дамуында маңызды:

A) Гипоксия

B) Гипокапния

C) Эритроцитоз

D) Құрысудың дамуы

Е) Тыныстың тоқтауы

25. Гипербарияның негізгі симптомдарының себебін атаңыз:

A) Гипоксия

B) Сатурация

C) Десатурация

D) Гиперкапния

E) Организм сұйықтарының қайнау нүктесінің төмендеуі

26. Осы кезде кессон ауруы дамиды:

A) Төменгі қысымнан жоғары қысымға өткенде

B) Төменгі барометрлік қысымнан қалыпты қысымға өткенде

C) Жоғарғы барометрлік қысымнан қалыпты қысымға өткенде

D) Қалыпты қысымнан жоғары қысымға өткенде

E) Қалыпты қысымнан төменгі қысымға өткенде.

27. Осының организмге әсері сәуле ауруының себебі болып саналады:

A) Қысылу

B) Температураның жоғарылауы

C) Төменгі барометрлік қысымның

D) Иондаушы сәуленің

E) Үдемелі жылдамдық

28. Иондайтын сәулелердің митохондрияның мембраналарын зақымдауы осыған әкеледі:

A) ДНҚ мутациялануы

B) Генетикалық аппараттың бұзылуы

C) Аномалиялық нәруыздардың өндірілуі күшейеді

D) Лизосомалды ферменттердің бөлінуі

E) Тотықтық фосфорилдену бұзылады

29. Иондайтын сәулелердің әсеріне өте тұрақты ағзаны атаңыз:

A) Тимус (төсасты безі)

B) Жүйке жүйесі

C) Тамырлардың эндотелиі

D) Қан түзуші тіндер

E) Терінің эпителиі.

30. Жедел сәуле ауруының сүйек-кеміктік түріне тән:

A) Қан түзу жүйесі зақымданады

B) Паринхиматозды ағзалар зақымданады

C) Тырысулар, термореттелу мен тамыр тонусының бұзылыстары

D) Ауыр гемодинамикалық бұзылыстар, жалпы уыттану

E) Ішек эпителиінің басым көпшілігі жойылып, қылшықтары түксіз болады.

31. Сәуле ауруының нағыз қызған кезеңіне тән:

A) Лейкоцитоз, эритроцитоз, тромбоцитоз

B) Лейкоцитоз, анемия, тромбоцитоз

C) Лейкопения, анемия, тромбоцитоз

D) Лейкопения, анемия, тромбоцитопения

E) Лейкопения, қанда көп мөлшерде жетілмеген жасушалардың пайда болуы.

32. Сәуле ауруындағы геморрагиялық синдромның дамуы байланысты:

A) Лейкоциттер санының жоғарылауына

B) Эритроцититер санының жоғарылауына

C) Тромбоциттердің азаюына

D) Антикоагуляндтардың азаюына

E) Плазминнің азаюына.

33.Шығу тегі биологиялық этиологиялық факторларға жатады:

A) Шу

B) Соққы

C) Вирустар

D) Радиация

E) Үдемелі жылдамдық

34. Ятрогенді ауруларды шақырады:

A) Организмге үдемелі жылдамдықтың әсері

B) Жұмыс пен демалыс тәртібін сақтамауы.

C) Медицина қызметкерлерінің моральді деонтологиялық қызметін бұзуы

D) Науқастың теріс тәртібі

E) Дұрыс тамақтанбау

35. Аурудың ішкі себептеріне жатады:

A) Климат

B) Дұрыс тамақтану

C) Иондаушы сәуле

D) Дерттік конституция

E) Барометрлік қысымның жоғарылауы

36. Жағдай дегеніміз бұл:

A) Аурудың ағымына әсер ететін фактор

B) Аурудың аяқталуын анықтайды

C) Ауруға ерекше, өзіне тән қасиетін беретін фактор

D) Ауру пайда болуының негізін қалаушы фактор.

E) Өздігінен ауру тудыра алмайтын, бірақ ауру пайда болуына ықпал ететін фактор

37. Аурудың пайда болуын туындататын сыртқы жағдайларға жатады:

A) Конституция

B) Тұқымқуалаушылық

С) Салауатты өмір салты

D) Организмнің резистенттілігі

E) жұмыс пен демалыс тәртібін сақтамауы.

38. Аурудың дамуына ықпал ететін ішкі жағдайларды атаңыз:

A) Ерте балалық шақ

B) Дұрыс тамақтанбау

C) Тұрмыс жағдайының нашар болуы

D) Кәсіби зияндықтар

E) Қолайсыз орта ықпалдарының әсері.

39. Этиотропты емге жатады:

A) Антибактериалды дәрілер

B) Тырысуға қарсы дәрілер

C) Қызуды басатын дәрілер

D) Қабынуға қарсы дәрілер

E) Дезинтоксикациялық дәрі-дәрмектер.

40. Өндірісте техника қауіпсіздігін сақтау шаралары, емнің келесі түріне жатады:

A) Этиотропты емге

B) Этиотропты алдын алуға

C) Патогенездік емге

D) Патогенездік алдын алуға

E) Симптоматикалық емге