Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пат.физ. тесты.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
583.68 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Нәруыз алмасуының бұзылыстары. Ашығу»

1. Гипопротеинемия - бұл

A) Нәруыздың жалпы мөлшерінің төмендеуі, көбіне глобулиндер арқасында

B) Нәруыздың жалпы мөлшерінің төмендеуі, көбіне альбуминдер арқасында

C) Альбумино-глобулиндік коэффициенттің төмендеуі

D) Қанда криоглобулиндердің азаюы

E) Қанда гамма-глобулиндердің азаюы.

88. Нағыз (гипосинтетикалық) гипопротеинемия осы жағдайда дамиды:

A) Физиологиялық ерітіндінің көп мөлшерін құйғанда

B) Бауыр жетіспеушілігінде

C) Бүйрек жетіспеушілігінде

D) Ісінулердің таралуында

E) Семіруде

3. Парапротеинемия- бұл сапалық өзгерісі:

A) Аальбуминдердің

B) Бета -глобулиндердің

C) Гамма-глобулиндердің

D) Альфа-1 глобулиндердің

E) Альфа-2 глобулиндердің.

4. Жалған гиперпротеинемия дамиды:

A) Ұзақ диареяда

B) Антидене түзілуінің күшеюінде

C) Бауыр жетіспеушілігінде

D) Иммуноглобулиндер көп өндірілгенде

E) Плазмалық жасушалардың саны көбейгенде.

5. Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі қанда осылардың азаюынан дамиды:

A) Альбуминдердің

B) 1- глобулиндердің

C) 2- глобулиндердің

D) β-глобулиндердің

E) γ-глобулиндердің.

6. Оң азоттық баланс осы кезде байқалады:

A) Қызба

B) Тіндердің ыдырауы

C) Организмнің өсуі

D) Ашығу

E) Кахексия.

7. Организмде оң азоттық баланс дамиды:

A) Альдостеронның тапшылығында

B) Адреналиннің тапшылығында

C) Норадреналин артығымен жиналғанда

D) Вазопрессин артығымен жиналғанда

E) Соматотропты гормонның артығымен жиналғанда.

8. Организмде оң азоттық баланс дамиды:

A) Инсулин артығымен жиналғанда

B) Тироксин артығымен жиналғанда

C) Адреналин артығымен жиналғанда

D) Инсулиннің тапшылығында

E) Адреналиннің жетіспеушілігінде

9. Организмде теріс азоттық баланс дамиды:

A) Инсулин артығымен жиналғанда

B) Жүктілікте

C) Қүйік ауруында

D) Соматотропты гормонның артығымен жиналғанда

E) Анаболикалық гормондар артығымен жиналғанда

10. Гиперазотемия – осының бұзылуының негізгі көрсеткіші болып табылады:

A) Ағзадағы нәруыз синтезінің

B) Ағзадағы нәруыз гидролизінің

C) Нәруыз алмасуының бастапқы сатысының

D) Нәруыз алмасуының соңғы сатысының

E) Нәруыз алмасуының аралық сатысының.

52. Бауырлық (өнімді форма) гиперазотемия көбінесе осы жағдайда пайда болады:

A) Нәруыз ыдырауы жоғарылағанда

B) Нәруыз түзілісі жоғарылағанда

C) Нәруыз ыдырауы төмендегенде

D) Нәруыз түзілісі төмендегенде

E) Қалыпты нәруыз түзілісінде.

53. Бүйрек зақымдануындағы гиперазотемия көбінесе осының жоғарылауымен шақырылады:

A) Зәр қышқылының

B) Өт қышқылдарының

C) Электролиттердің

D) Холестериннің

E) Мочевинаның.

56. Мочевина түзілуінің төмендеуі осыған әкеледі:

A) Қан мен тінде аммиактың жиналуына

B) Қанда аммиак концентрациясының төмендеуіне

C) Альдегидтер түзілуіне

D) Фенолдар түзілуіне

E) Қанда аммиак концентрациясының төмендеуіне.

14. Бауырлық патологияда қан мен тіндерде аммиак мөлшері:

A) Төмендейді

B) Ешқандай өзгермейді

C) Көптеп жоғарылайды

D) Фенилаланиннің бастапқы деңгейіне байланысты

E) Декарбоксилаза ферментінің белсенділігіне тәуелді.

15. Аммиак осы жасушаларға ең анық токсикалық әсер етеді:

A) Бас миының

B) Жүректің

C) Өкпенің

D) Бауырдың

E) Бүйректің.

16. Аминопуриндер алмасуының соңғы өнімі саналады:

A) Индикан

B) Мочевина

C) Зәр қышқылы

D) Билирубин

E) Фенол

17. Гиперурикемия – бұл осының мөлшерінің жоғарылауы:

A) Зәр қышқылы және оның тұздарының

B) Пирожүзім қышқылының

C) Биогенді аминдердің

D) Мочевинаның

E) Аммиактың.

18. Ағзада зәр қышқылы түзілуінің жоғарылауы байқалады:

A) Ет пен шоколадтың үлкен мөлшерін қабылдағанда

B) Аутоиммунды ауруларда

C) Бүйрек жетіспеушілігінде

D) Антибиотиктер қолданғанда

E) Артериялық гипертензияда.

19. Шеміршекте, бүйректе, теріде және бұлшықеттерде зәр қышқылы тұздарының жиналуы сипатталады:

A) Подаграда

B) Охронозда

C) Альбинизмде

D) Алкаптонурияда

E) Фенилкетонурияда.

20. Подагра патогенезінде осы бұзылыстар маңызды:

A) Мочевинаның ерігіштігі

B) Билирубиннің ерігіштігі

C) Үшглицеридтердің ерігіштігі

D) Өт қышқылдарының ерігіштігі

E) Зәр қышқылының ерігіштігі