
- •Тесттік тапсырмалар Тақырыбы: «Патофизиология пәні және міндеттері»
- •1. Патофизиологияның ғылым ретінде, негізгі мақсаты:
- •9. Жануарларға тәжірибе жасағанда зерттеу мүмкін емес:
- •Тақырыбы: «Жалпы нозология»
- •Тақырыбы: «Жалпы этиология. Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторларының адам организміне әсері»
- •Тақырыбы: «Алкоголизм, наркомания, токсикоманиялардың патофизиологиялық аспектілері»
- •Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің патологиядағы рөлі»
- •Тақырыбы: «Тұқымқуалаушылықтың патологиядағы рөлі»
- •20. Тұқым қуалайтын аурулар жиі кездесетін отбасының шежіресін зерттеу әдісі осылай аталады:
- •Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Зақымдануларға организмнің жалпы реакциясы»
- •3. Жасушалар зақымдалуының бейспецификалық көріністеріне жатады:
- •4. Жасушалар зақымдалуының бейспецификалық көріністеріне жатады:
- •Тақырыбы: «Шеткері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қабынудың патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Қызбаның патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Инфекциялық процестің патофизиологиясы»
- •13. Гонорея, сифилистің қоздырғышы үшін инфекцияның кіреберісі саналады:
- •14. Инфекциялық аурулар кезіндегі иммундық аутоагрессиялардың пайда болуының себебі болып саналады:
- •15. Инкубациялық кезең осы кезде байқалады:
- •17. Инфекциялық аурулардың толығымен сауығуы ең алдымен, осыны туындатады:
- •Тақырыбы: «Өспелердің патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Аллергиялардың патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Гипоксия»
- •Тақырыбы: «Су-элект алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қышқылдық-негіздік жағдайдың бұзылыстары»
- •28. Миокард инфаркты бар науқаста өкпе ісінуімен асқынған. РН 7,24; рСо2 50 мм. Сын.Бағ.; sb 18,0 ммоль/л; вв 42,5 ммоль/л; ве - 7,0 ммоль/л. Қышқыл-негіздік жағдайлар бұзылыстарының түрін анықтаңыз:
- •29. Бас миының өспесі бар науқаста ентікпемен қабаттасады. РН 7,48; рСо2 23 мм. Сын.Бағ.; sb 23,6 ммоль/л; вв 50,5 ммоль/л; ве - 1,8 ммоль/л. Қышқыл-негіздік жағдайлар бұзылыстарының түрін анықтаңыз:
- •Тақырыбы: «Көмірсулар алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Май алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Нәруыз алмасуының бұзылыстары. Ашығу»
- •Тақырыбы: «Қант диабеті мен атеросклероз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гипоксия»
1. Гипоксия – бұл:
A) Ауру
B) Дерттік серпіліс
C) Біртектес дерттік үрдіс
D) Дерттік жағдай
E) Дерттік үрдіс
2. Сыртқы дем алатын ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуінде дамитын гипоксия аталады:
A) Тыныстық (респираторлы)
B) Гипоксиялық (экзогенді)
C) Тіндік (гистотоксикалық)
D) Гемиялық (қандық)
E) Циркуляторлы (жүрек-тамырлық)
3. Экзогенді нормобариялық гипоксия байқалады:
A) Қан кетулерде
B) Тауға шыққанда
C) Ұшақ аппаратының бүтіндігі бұзылғанда
D) Желдетілмейтін бөлмеде болғанда
E) Тұншықтырғыш газымен уланғанда
4. Экзогенді гипобариялық гипоксия кезінде қанның газдық құрамының тән өзгерістері:
A) Гипероксемия
B) Нормоксемия
C) Нормокапния
D) Гиперкапния
E) Гипокапния
5. Артериялық қанның О2 парциялды кернеуі - 72 мм. сын.бағ., артериялық қанның СО2 парциялды кернеуі 50 мм. сын.бағ. тең болуы осыған тән:
A) Гипоксияның тіндік түрі
B) Гипоксияның циркуляторлы түрі
C) Гипоксияның гемиялық түрі
D) Гипоксияның тыныстық түрі
E) Гипоксияның аралас түрі
6. Қанайналымның жергілікті және жалпы бұзылыстарында дамитын гипоксия аталады:
A) Тіндік
B) Гемиялық
C) Субстраттық
D) Гипоксиялық
E) Циркуляторлы
7. Оттегі бойынша жоғары артерио-веналық айырмашылық осыған тән:
A) Гипоксиялық гипоксияға
B) Тіндік гипоксияға
C) Гемиялық гипоксияға
D) Аралас гипоксияға
E) Циркуляторлы гипоксияға
8. Гипоксияның циркуляторлы-гемиялық (аралас) түрі осыған тән:
A) Тау ауруына
B) Қан кетулерге
C) Миокард инфарктіне
D) Бронх демікпесіне
E) Тұншықтырғыш газымен улануларға
9. Қан жүйесі бұзылыстары кезінде дамитын гипоксия аталады:
A) Тіндік
B) Гемиялық
C) Гипоксиялық
D) Жүктемелік
E) Циркуляторлы
10. Нитриттармен улануларда дамиды:
A) Гемиялық гипоксия
B) Тыныстық гипоксия
C) Субстратты гипоксия
D) Гипоксиялық гипоксия
E) Циркуляторлы гипоксия
11. Гемоглобиннің осымен байланысынан метгемоглобин түзіледі:
A) Нитраттар, нитриттер
B) Алкоголмен, наркотиктермен
C) Никотинмен, дихлофоспен
D) Тұншықтырғыш газымен, көмір қышқыл газымен
E) Барбитураттармен, транквилизаторлармен
12. Гемоглобиннің дерттік түрлерінің түзілуінде байқалады:
A) Қанның оттегілік көлемінің жоғарлауында
B) Оттегі бойынша жоғары артерио-веналық айырмашылық
C) Веналық қанда оттегі құрамының жоғарылауы
D) Гемоглобиннің оттегімен қанығуының төмендеуі
E) Қанда көмір қышқыл газының парциалды қысымының төмендеуі
13. Оттегіні қолдану жүйесіндегі бұзылыстар нәтижесінде дамитын гипоксия аталады:
A) Циркуляторлы
B) Жүктемелік
C) Гипоксиялық
D) Гемиялық
E) Тіндік
14. Жасушада ферменттер жеткіліксіздігінен пайда болады:
A) Тіндік гипоксия.
B) Гемиялық гипоксия
C) Аралас гипоксия
D) Циркуляторлы гипоксия
E) Гипоксиялық гипоксия
15. Субстратты гипоксия түрі дамиды:
A) Цианидтармен уланғанда
B) Жүрек-тамыр жүйесінің зақымдануында
C) Жасушада глюкоза, май қышқылының жеткіліксіздігінде
D) Бос радикалдарының мембраналарды дезинтеграциясында
E) Биологиялық тотығу ферменттер белсенділігі төмендеуінде
16. Тіндік гипоксияға тән:
A) Гипоксемия
B) Гиперкапния
C) Оттегілік көлемнің төмендеуі
D) Оттегі бойынша артерио-веналық айырмашылықтың жоғарлауы
E) Оттегі бойынша артерио-веналық айырмашылықтың күрт төмендеуі
17. Гипоксияға жедел бейімделу тегершіктеріне жатады:
A) Сүйек кемігінің гиперплазиясы
B) Өкпе қан ағысының күшеюі
C) Митохондрилер санының жоғарлауы
D) Тыныс орталығы нейрондарының гиперплазиясы
E) Вазоконстрикторлы әсері бар заттардың жоғарлауы
18. Гипоксияға жедел бейімделудің гемодинамикалық тегершіктеріне жатады:
A) Қызметатқаратын қылтамырлар санының жоғарлауы
B) Қанайналымның орталықтануы
C) Миоглобиннің жоғарлауы
D) Эритропоэз белсенуі
E) Гликолиз белсенуі
19. Гипоксияға жедел бейімделудің гематологиялық тегершіктеріне жатады:
A) Қордан қанның шығарылуы
B) Сүйек кемігінің гиперплазиясы
C) Митохондри санынының жоғарлауы
D) Тыныс бұлшық еттерінің гипертрофиясы
E) Анаэробты гликолиздің белсенуі
20. Гипоксияға бейімделудің ұзақ уақытты тегершігі:
A) Тахикардия
B) Лейкоцитоз
C) Гипервентиляция
D) Қанайналымның қайта үлестірілуі
E) Өкпе альвеолалларының гиперплазиясы
21. Оттегіні қолдану жүйесінде гипоксияға бейімделудің ұзақ уақытты тегершіктеріне жатады:
A) Қанның соққы көлемінің жоғарылауы
B) Тыныс бұлшық еттерінің гиперфункциясы
C) Генетикалық аппаратының белсенуі
D) Митохондрилер биогенезінің тежелеуі
E) Гемоглобиннің оттегімен байланысуының жоғарылауы
22. Гипоксия кезінде көмірсу алмасуының бұзылысы сипатталады:
A) Бауыр мен бұшық еттерде гликогеннің жоғарлауы
B) Анаэробты гликолиз тежелуімен
C) Сүт қышқылының жиналуымен
D) Гликогеногенез жоғарлауымен
E) Глюконеогенез күшеюімен
23. Гипоксия кезінде май алмасуының бұзылысы осының жиналуымен сипатталады:
A) Аммиактың
B) Гликогеннің
C) Сүт қышқылының
D) Пирожүзім қышқылының
E) Ацетонның, ацетосірке қышқылының
24. Оттегі жеткіліксіздігіне ең сезімтал болады:
A) Сүйек
B) Бұлшық ет
C) Дәнекер тіні
D) Жүйке жүйесі құрлымдары
E) Паренхималық ағзалар тіндері
25. Жүйке жүйесі жағынан оттегілік жеткіліксіздіктің алғаш клиникалық көрінісі болады:
A) Тежелу
B) Қозу
C) Галлюцинациялар
D) Тоникалық-клоникалық тырыспалар
E) Қозғалыс координацияларының бұзылыстары
26. Гипоксия кезінде қайтымды бұзылыстарға жатады:
A) Жасуша апоптозы
B) Тіндер некробиозы
C) Ми қыртысындағы дегенеративті өзгерістер
D) Бауырлық бөліктердің ортасында гепатоциттер өлуі
E) Көлденең-жолақ бұлшық ет талшықтарының майлы тінге ауысуы
27. Экзогенді гипоксия емінің этиотропты ұстанымы:
A) Ацидоз деңгейінің төмендеуінде
B) Жасушада иондар дисбалансының төмендеуінде
C) Дем алатын ауада р02 қалыптануы
D) Кардио- және вазотропты заттарды тағайындауында
E) Биологиялық тотығу әсерінің жоғарлауы
28. Гипербариялық оксигенацияны қолдану осының ұлғаюына әкеледі:
A) Дезоксигемоглобиннің
B) Карбоксигемоглобиннің
C) Оттегі бойынша артерио-веналық айырмашылықтың өсуіне
D) Гемоглобинмен байланысқан оттегі фракциясының
E) Тіндер мен плазмада еріген оттегі фракциясының
29. Гипоксия емінің патогенетикалық ұстанымы бағытталады:
A) Макроэргтер шығысының жоғарлауы
B) Екіншілікті белгілердің жойылуына
C) Гипоксияға әкелетін ауруды емдеу
D) Жасушалық мембраналар зақымдану деңгейінің төмендеуі
E) Биологиялық тотығу әсерінің төмендеуі
30. Антигипоксанттар – бұл заттар:
A) АҮФ түзілуін тежейтіндер
B) Кальцилік каналдарын блокадалайды
C) Бос-радикалдық тотығуды белсендіреді
D) Тыныстық тізбекте электрондардың ауысуын белсендіреді
E) Плазмада физикалық еріген оттегі көлемінің жоғарлауы