Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пат.физ. тесты.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
583.68 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Аллергиялардың патофизиологиясы»

1. Парентеральді аллергендер организмге енеді:

A) Егулер кезінде

B) Терімен тікелей жанасқанда

C) Сілемейлі қабықтармен тікелей жанасқанда

D) Асқазан-ішек жолы арқылы

E) Тыныс жолдары арқылы.

2. Аутоаллергендер - бұл:

A) Экзоаллергендер

B) Эндоаллергендер

C) Өсімдіктер тозаңы

D) Жанамалы аллергендер

E) Трансплантаттың аллергендері

3. Табиғи (біріншілікті) эндоаллергендер:

A) Қалқанша бездің коллоиды

B) «Тін+уыт» кешені»

C) Өсімдіктер тозаңы

D) Бактериялар

E) Күйік

4. Жүре пайда болған (екіншілікті) эндоаллергендер:

A) Аталық бездер

B) Бас миы

C) «Тін+микроб» кешені

D) Қалқанша бездің коллоиды

E) Жұлынның сұр заты

5. Аллергия пайда болуына қолайлы әлеуметтік жағдайлар:

A) Вакциналарды егулердің кең таралуы

B) Тұқым қуалауға бейімділік

C) Биологиялық тосқауылдар өткізгіштігінің жоғары болуы

D) Аллергия медиаторларын залалсыздандыру жүйесінің бұзылуы

E) Микроорганизмдер әсерінен Нәруыз құрылымының өзгеруі.

6. Аутосенсибилизация және аллергияның дамуын туындататын факторларға жатады:

A) Аллергия медиаторларының өнімдерінің азаюы

B) Антигендердің әсеріне иммундық жүйенің реакциясының төмендеуі

C) Тіндік рецепторлардың аллергия медиаторларына сезімталдығының төмендеуі

D) Аллергия медиаторларын залалсыздандыратын ферменттер белсенділігінің жоғарылауы

E) Тері және сілемейлі тосқауылдардың өткізгіштігінің жоғарылауы

7. Организмге аллерген қайта енгенде алергиялық реакцияның дереу дамитын түрі дамиды:

A) 15-30 мин

B) 45-60 мин

C) 1-3 сағ

D) 6-8 сағ

E) 24-48 сағ

8. Аллергиялық рекцияның дереу дамитын түрі осылардың бар болуымен байланысты:

A) Аллергияның жасушалық медиаторлары

B) Антигенпрезентациялайтын жасушалар

C) Айналымдағы бос антиденелердің

D) Сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер

E) Аллергияның гуморальді медиаторлары.

9. Дереу дамитын аллергиялық реакцияның медиаторына жатады:

A) Плазмин, гепарин

B) Лимфокиндер, монокиндер

C) Гистамин, лейкотриендер,

D) Тромбоксан А2, простациклин

E) Комплемент жүйесінің құрамбөліктері, каллидин

10. Дереу дамитын аллергиялық реакцияға жатады:

A) Жанамалы дерматит

B) Туберкулинді реакция

C) Квинке ісінуі, сарысулық ауру

D) Гомотрансплантаттың ажырауы реакциясы

E) Гломерулонефрит, геморрагиялық васкулит.

11. Организмге аллерген қайта енгенде алергиялық серпілістің баяу дамитын түрі дамиды::

A) 15-30 мин

B) 45-60 мин

C) 1-3 сағ

D) 6-8 сағ

E) 48- 72 сағ

12. Аллергиялық серпілістің баяу дамитын түрі осылардың бар болуымен байланысты:

A) Лейкотриендердің

B) Нейтрофильді лейкоциттердің

C) Айналымдағы бос антиденелердің

D) Сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің

E) Айналымдағы иммунды кешендердің.

13. Аллергиялық серпілістің баяу дамитын түрінің медиаторы:

A) Гистамин

B) Брадикинин

C) Лимфокиндер

D) Лейкотриендер;

E) Тромбоциттерді белсендіретін фактор.

14. Баяу дамитын аллергиялық серпілістер:

A) Есекжем

B) Квинке ісінуі

C) Сарысулық ауру

D) Бактериялық аллергия

E) Атопиялық бронхиалды демікпе.

15. Организмнің сенсибилизациясы осы кезде дамиды:

A) Бұлтты жасушалардың дегрануляциясы

B) Организмге гаптеннің енуі

C) Аллерген алғаш түскенде

D) Аллергия медиаторларының түзілуі

E) Организмге аллергендердің парентеральді енуі.

16. Сенсибилизация жағдайына тән:

A) Арнайы иммуноглобулиндер титрінің жоғарылауы

B) Т-лимфоциттер қызметінің тежелуі

C) Аллергия медиаторларының түзілуі

D) Аллергияның клиникалық белгілері

E) Бұлтты жасушалардың дегрануляциясы.

17. Енжар сенсибилизация осыны енгізгенде дамиды:

A) Реципиентке емдік вакцинаны

B) Сенсибилизацияланған жануарға донордың сары суын

C) Сенсибилизацияланған жануарға реципиенттің сары суын

D) Сенсибилизацияланбаған жануарға реципиенттің сары суын

E) Реципиенттің сары суына басқа сенсибилизацияланған жануарлардың

18. Антидене жасушаның ажырамас бөлімі болып саналады:

A) Аллергиялық реакцияның реагинді түрінде

B) Аллергиялық реакцияның ынталандырушы түрінде

C) Аллергиялық реакциянгың цитотоксикалық түрінде

D) Аллергиялық реакцияның иммунды кешендік түрінде

E) Жасушалық – байланысқан түрінде.

19. Аллергиялық реакцияның реагинді түрінің дамуы кезінде қатысады:

A) А иммуноглобулиндері

B) M иммуноглобулиндері

C) G иммуноглобулиндері

D) D иммуноглобулиндері

E) Е иммуноглобулиндері

20. Аллергияның реагиндік түріндегі белсенді сенсибилизацияның жетіспейтін тізбегін көрсетіңіз: аллерген → макрофаг → Т-лимфоцит → ? → плазмалық жасуша → Е иммуноглобулині:

A) Бұлтты жасуша

B) Фибробласт

C) В-лимфоцит

D) Моноцит

E) Тромбоцит

21. Атопиялық синдром кезінде байқалады:

A) Реагиндер

B) А классының иммуноглобулиндері

C) G2 классының иммуноглобулиндері

D) Преципитиндер түріндегі антиденелер

E) Сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер.

22. Аллергиялық реакцияның реагиндік түріне жатады:

A) Жанамалы дерматит, туберкулез

B) Сары сулық ауру, Артюс феномені

C) Атопиялық реакциялар, анафилаксиялық реакция

D) Ажырау реакциясы, аутоиммунды аурулар

E) Инфекциялықо-аллергиялық бронхиалды демікпе, бактериялық аллергия.

23. Аллергиялық реакцияның реагинді түріне жатады:

A) Жанамалы дерматит

B) Сарысулық ауру

C) Бактериялық аллергия

D) Геморрагиялық васкулит

E) Атопиялық бронхиалды демікпе

24. Анафилаксия-бұл:

A) Бөгде нәруызды қайтадан парентеральді жолмен енгізгенде байқалатын организмнің спецификалық жоғарылаған

B) Анафилактогендерді қайтадан парентеральді жолмен енгізгенде байқалатын организмнің бейспецификалық жоғарылаған сезімталдығы

C) Антигендік қасиеттері бар заттарға жоғарылаған төзімділік

D) Аутоаллергендерге баяу дамитын жоғары сезімталдық

E) Қоршаған ортаның дерт туындататын ықпалдарына жоғарылаған реактивтілік.

25. Цитотоксикалық немесе цитолиздік түрге жататын аллергиялық серпілістерде:

A) Антиген жасушаның құрам бөлігіне кіреді

B) Антиген организмнің сұйық орталарында айналып жүреді

C) Гистоуытты иммундық кешендер түзіледі

D) Антиденелер нысана жасушаларының беткейінде тіркеледі

E) Сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің бласттрансформациясы өтеді.

26. Цитотоксикалық немесе цитолиздік түрге жататын аллергиялық серпілістерде антиденелердің келесі түрлері түзіледі:

A) Реагиндер

B) Преципитиндер

C) Сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттер

D) А иммуноглобулиндері

E) G1-3 класына жататын иммуноглобулиндер.

27. Серпілістердің цитотоксикалық түрі осының дамуы негізінде жатыр:

A) Сәйкес келмейтін қанды құйған кезіндегі шиеленістің

B) Ағзалардың жамауындағы шиеленістің

C) Аутоиммундық шиеленістің

D) Атопиялық синдромдардың

E) Жанамалы дерматиттің.

28. 3 түрге жататын (иммундық-кешендік) аллергиялық серпілістердің жиі себептері:

A) Вирустар

B) Еритін нәруыздар

C) Өсімдіктер тозаңы

D) Жануарлар мен өсімдіктер тозаңы

E) Тіректік мембрананың өзгерген бөліктері.

29. Иммундық кешендермен зақымдалу осының дамуы негізінде жатыр:

A) Поллиноздар

B) Туберкулез

C) Квинке ісінуі

D) Аллергиялық васкулит

E) Атопиялық бронхиалды демікпе.

30. 4 түрге жататын (жасушалар арқылы, туберкулиндік) аллергиялық серпілістердің жиі себептері:

A) Тіректік мембрананың өзгерген бөліктері

B) Жануарлар мен өсімдіктер тозаңы

C) Еритін нәруыздар

D) Өсімдіктер тозаңы

E) Бактериялар.

31. Аллергиялық серпілістердің баяу түріне осылардың пайда болуы тән:

A) Сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің

B) Жартылай тіркелген антиденелердің

C) Тосқауылдайтын антиденелердің

D) Преципитиндердің

E) Реагиндердің

32. Аллергиялық серпілістердің баяу түріне жатады:

A) Квинке ісінуі

B) Есекжем

C) Жанамалы дерматит

D) Анафилаксиялық сілейме

E) Аутоиммунды гемолиздік анемия.

33. Аллергиялық реакцияның бірінші сатысы аталады:

A) Анафилаксия

B) Сенсибилизация

C) Иммундық реакция

D) Патохимиялық бұзылыстар

E) Патофизиологиялық бұзылыстар.

34. Аллергияның патохимиялық сатысы түсіндіріледі:

A) Организм сезімталдығының жоғарылауымен

B) Аллергия медиаторларының бөлінуімен

C) Организмнің аллергияға жауап беру реакциясымен

D) Ағза қызметтерінің бұзылуымен

E) Тіндердің құрылысының өзгерістерімен.

35. Патофизиологиялық саты сипатталады:

A) Организм сенсибилизациясы дамуымен

B) Аллергия медиаторларының түзілуі және бөлінуімен

C) Аллергенмен қайта жанасқанда антиденелердің пайда болуымен

D) Ағзалар мен тіндердегі қызметтік және морфологиялық өзгерістермен

E) Нысана жасушалары беткейінде «аллерген+антидене» кешенінің тіркелуімен.

36. Спецификалық гипосенсибилизацияны іске асыру жолы:

A) Организм реактивтілігін өзгерту арқылы

B) Аллергияны шақырған аллергенді енгізу арқылы

C) Медиаторларға қарсы әсері бар препараттарды колдану арқылы

D) Иммуномодуляторларды қолдану

E) Иммундық супрессорларды қолдану.

37. Спецификалық гипосенсибилизацияның маңызы:

A) Аллергия медиаторларының бейтарапталуында

B) Айналымдағы бос антиденелердің титрі төмендеуінде

C) Аллергендерге организм төзімділігі төмендеуінде

D) Иммунитеттің жалпы тежелуінде

E) Тотальді иммундық депрессияда.

38. Арнайы гипосенсибилизация аллергиялық реакция үшін тиімді:

A) Ынталандырушы түрінің

B) Цитотоксикалық түрінің

C) Иммундық-кешенді түрінің

D) Жасушалар арқылы іске асатын түрінің

E) Реагиндік түрінің.

39. Бейспецификалық гипосенсибилизация осыларды енгізуімен іске асады:

A) Аллергеннің аз мөлшерін

B) Антигистаминдік препараттарды

C) G класына жататын тосқауылдайтын антиденелерді

D) А.М.Безредко әдісімен сары суды

E) Аллергияны шақырған аллергенді.

40. Бейспецификалық гипосенсибилизация осыларды енгізуімен іске асады:

A) Аллергеннің аз мөлшерін

B) Глюкокортикостероидтарды

C) G класына жататын тосқауылдайтын антиденелерді

D) А.М.Безредко әдісімен сары суды

E) Аллергияны шақырған аллергенді