Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пат.физ. тесты.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
583.68 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Инфекциялық процестің патофизиологиясы»

1. Қанда және организмнің басқа да биологиялық сұйықтықтарында микроорганизмдердің көбеюі осының патогенездік мәні болып табылады:

A) Сепсистің

B) Реинфекцияның

C) Бактериемияның

D) Септикопиемияның

E) Микстинфекцияның

2. Паразитизм – бұл макро- және микроорганизмдердің өзара әрекеттесуінің формасы:

А) Макроорганизм микроорганизмнің тіршілік етуін әлсіретеді

В) Микроорганизм және макроорганизм өзара тиімді өмір сүреді

С) Микроорганизм макроорганизм қоректің көзі ретінде пайдаланады

D) Макроорганизмде микробтардың тіршілік етуіне зиян келтірмейді.

Е) Макроорганизм өз мақсаты ретінде микроорганизмдерді көбейтеді.

3. Патогендігінің өлшемі саналады:

А) Жұқпалылығы

В) Вируленттілігі

С) Колонизациясы

D) Уыттығы

Е) Адгезивтілігі

4. Мкроорганизмдердің таралуы ықпалына жатады:

А) Шыбыртқылар

В) Қаптамалар

С) Колонизация

D) Адгезивті молекулалар

Е) Иммунитет реакциясын тежейтіндер

5. Қоздырғыштардың қорғаныс ықпалдарына жатады:

А) Қаптамалар

В) Экзотоксиндер

С) Эндотоксиндер

D) Адгезивті молекулалар

Е) Иммунитет реакциясын белсендіретін факторлар.

6. Эндотоксиндер осының негізгі құрылымдық құрамбөліктері болып саналады:

А) Рибосоманың грам теріс бактериялары

В) Жасуша ядросының грам теріс бактериялары

С) Цитоплазманың грам теріс бактериялары

D) Митохондрияның грам теріс бактериялары

Е) Грам теріс бактерияларының сыртқы мембранасы

7. Мембранаға уытты әсері осымен түсіндіріледі:

А) Цтокиндердің түзілуімен

В) Фагоцитоздың белсендірілуімен

С) Жасуша беткейінен эндотоксиндерді алып тастағанда

D) Жасуша цитолеммасы өткізгіштігінің жоғарылауымен

Е) СD 14-пен липопротеинді байланыстырушы нәруыздың байланысуы.

8. Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 1-ші кезеңінде байқалады:

А) Жасуша цитоплазмасына токсиннің жылжуы

В) Жасушалардың арнайы рецепторларымен токсиннің өзара әрекеттесуі

С) Токсин-рецепторлық кешеннің жасуша цитозоліне түсуі

D) Токсин-рецепторлық кешеннің ивагинациялануы мен везикуляциялануы

Е) Токсин субъбірлігінің жасуша құрылымын зақымдауы

9. Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 2-ші кезеңінде (интернализациясының) байқалады:

А) Нысана-жасуша некрозға ұшырайды

В) Токсин жасуша цитоплазмасына жылжиды

С) Токсиннің рецепторлық бөлімінің жасуша рецепторымен өзара әрекеттесуі

D) Токсин субъбірлігінің жасуша құрылымын зақымдауы

Е) Токсин-рецепторлық кешеннің инвагинациялануы мен везикуляциялануы және жасуша цитозоліне түсуі.

10. Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің (цитозолде транслокациялануы) 3-ші кезеңінде байқалады:

А) Токсин жасуша құрылымын зақымдайды

В) Токсин жасуша цитоплазмасына жылжиды

С) Токсин-рецепторлық кешеннің жасуша цитозоліне түсуі

D) Мембрананың токсиндері жасуша мембранасының өткізгіштігін жоғарылатады

Е) Экзотоксиннің субъбірлігі протеолиздік әсер етеді.

11. Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 4-ші кезеңінде (нысана құрылысының ферменттік модуляциялануы) байқалады:

А) Нейраминидаза және гиалуронидазаның түзілуі

В) Мембрананың липидті қабатына детергентті әсер етуі

С) Экзотоксин субъбірлігінің әсерінен ферменттердің белсенуі

D) Жасуша егесінің рецепторының В экзотоксин субъбірлігімен байланысуы

Е) Токсин субъбірлігінің жасуша құрылымын зақымдауы.

12. Тұмау, жәншау (скарлатина) қызылшаның қоздырғыштары үшін инфекцияның кіретін жері саналады:

А) Тері жамылғысы

В) АІЖ сілемейлі қабаты

С) Қантамырлар қабырғасы

D) Тыныс жолдарының сілемейлі қабаты

Е) Несеп-жыныс ағзаларының сілемейлі қабаты.