Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пат.анатомия Силлабус ОЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
763.39 Кб
Скачать

Макропрепараттарды зерттеуі мен суреттелуінің алгоритмі

1.Макропрепараттардың ағзасы мен пішінін көрсету (толық ағза, кесіндісі, пластинкасы)

2.Ағзадағы морфологиялық өзгерістерді көрсету:

Беткейінен: а) ағзаның көлемін

б) Оның пішінін (сақталған, деформацияланған)

в) тығыздалған

г) түсін

д) беткейінің сипатын (тегіс, әжімделген, кедір-бұдыр, түйіршікті)

кесіндіде: а) түрі, тіндік суреттің сақталуы (біртектес, па жоқ па, неге)

Ескерту: қуысты ағзаларда қабырғасының қалыңдығын, түсін, тығыздығын, пішіні мен қуыстың көлеміне көңіл аудару қажет.

  1. Мұқият түрде патологиялық ошақты суреттеу керек: а) оның

орналасуын, б) пішінін (түйін, қуыс, тіннің ақауы және т.б.), в) ошақтың сантиметрлік өлшемін, г) шекераларын (анық, анық емес), д) түсін, е) тығыздығын

4.Диагноз қою керек (патологиялық үрдісті немесе ауруды толығымен атап, оның түрі мен кезеңдерін көрсету керек)

5.Атау керек: а) аурудың себептері мен даму механизмін, б) үрдістің негізін, в) негізгі клиникалық көріністерін (симптомдарын), г) организм үшін маңыздылығын, д) асқынуларын, е) нәтижелері мен өлім себептерін

Микропрепараттарды зерттеу мен суреттеудің алгоритмі

Препаратты жалпы шолып шығу үшін оны ең алдымен микроскоптың кіші ұлғайтымында көру керек, ал оның жеке бөліктерін – үлкен ұлғайтымда көреді.

1.Ағзаны немесе тінді атап, бояу әдісін анықтау керек

2.Ағзаның негізгі құрылымдық элементтерін табу керек (паренхимасын, стромасын)

3. Патологиялық үрдісті анықтау керек (құрылысының өзгеруін, патологиялық құрылымдарының пайда болуын, қосындыларды т.б.)

4. Патологиялық өзгерістерді анықтағаннан кейін, көрсету қажет: а) паренхималық элементтердің өзгерісін (жасушалардың көлемін, жасушалардың цитоплазмасы мен ядросының ерекшеліктерін, патологиялық қосындылардың болуы және т.б.); б) стромадағы өзгерістерді (талшықты құрылымдардың жағдайын, тамырлардың қуысының енін, қабырғасының қалыңдығын, қосындылардың болуы және т.б.).

5.Альбомға қорытындысын жазу (микропрепарат бойынша аннотациясын)

6. Егер де микропрепараттың атауы макропрепаратпен сәйкес келмесе – этиологиясын, патогенезін, асқынуларын, нәтижелері мен функциялық маңыздылығын атап жазу керек. Микропрепараттағы негізгі өзгерістерді әріптермен немесе сандармен белгілеп көрсету қажет.

Студенттің ұстазбен бірге өзіндік жұмысы:

100-95 балл. Толық, дұрыс, жеткіілікті жауап. Студент бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең қамтыған. Күрделілігі

жоғары оқу материалын оңайлықпен түсініп, қолдана алады. Пән бойынша негізгі терминдерді орнықты және саналы түрде қолданып, спецификалық терминологияны біледі. Алған білімін басқа қажетті пәндермен интеграциялай алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеп, оларды дұрыс бағалап, қорытынды шығара алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 95% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

94-90 балл. Толық, дұрыс, жеткілікті жауап. Студенттің оқу бағдарламасы бойынша білімі жүйелі және терең. Негізгі әдебиеттерді тереңінен меңгеріп, қосымша әдебиеттермен танысқан. Күрделілігі жоғары оқу материалын оңайлықпен түсініп, қолдана алады. Білімін арнайы терминологияны қолдану арқылы жеңіл жеткізеді. Алған білімін басқа қажетті пәндермен интеграциялай алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, оларды дұрыс бағалап, қорытынды шығара алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 90-94% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

89-85 балл. Жауабы айтарлықтай толық. Студент бағдарламаға сәйкес материалды игерген, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиетті түсінген, арнайы терминологияны қолданады. Белгілі бір патологиялық үрдістің маңызы мен ролін дұрыс, бірақ сенімсіздікпен түсіндіреді. Жауабы барысында бірең-сараң қателіктер жіберіп, кейіннен оларды өз бетінше түзей алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, оларды түйіндеп, қорытынды шығара алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 85-89% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

84-80 балл. Жауабы толық. Студент оқу бағдарламасына сәйкес материалды игерген, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиетті түсінген. Арнайы терминологияны дұрыс қолданып, оның жолы мен бағытын түсініп түсіндіре алады, бірақ білімі мен қимылында бірнеше үстіртін қателіктер жіберіп, оларды оқытушының көмегімен түзей алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, оларды түйіндеп, қорытынды шығара алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 84-80% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

79-75 балл. Жауабы дұрыс, бірақ толық емес. Студенттің оқу бағдарламасы бойынша игерген білімі айтарлықтай толық, негізгі әдебиетті қамтыған, арнайы терминологияны дұрыс қолданып, оның жолы мен бағытын түсініп түсіндіре алады, негізгі механизмдерін атай алады, бірақ оларды түсіндіруде қиыншылық туындатады. Жауабында бірнеше үстіртін қателіктер жіберіп, оларды оқытушының көмегімен түзей алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, бірақ оларға баға беруде қиындық туындатады. Өз білімін тесттік тапсырманың 79-75% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

74-70 балл. Жауабы толық емес, үстіртін қателіктері болады, бірақ оқытушы жетекші сұрақтар қойғанда оларды түзей алады. Студент келешектегі оқуына қажетті оқу бағдарламасындағы негізгі материалды меңгерген, негізгі әдебиттерді оқыған. Арнайы теримонологияны қоланады, негізгі механизмдерді атай алады, бірақ оларды кезеңдерге бөле алмайды және де тұрақты бір мысалдарды талдағанда алған білімін қолдана алмайды. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде негізгі дағдылары болады, бірақ оларды бағалап қорытындылауда қиындық көрсетеді. Өз білімін тесттік тапсырманың 74-70% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

69-65 балл. Жауабы оқу бағдарламасы бойынша білімін толық көрсетпейді, үстіртін және бірең-сараң айтарлықтай қателіктер жібереді, бірақ студент оларды оқытушының жетекші, яғни қосымша сұрақтары арқылы түзейді. Арнайы терминологияны қолдану дағдылары бар, бірақ күрделі механизмдерді түсіндіруде қынжылады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде негізгі дағдылары болады, бірақ оларды бағалап қорытындылауда қиындық көрсетеді. Өз білімін тесттік тапсырманың 65-69% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

64-60 балл. Бағдарламалы оқу материалын толық аша алмайды. Студент үстіртін және айтарлықтай қателіктер жібереді, бірақ оқытушының көмегімен оларды түзей алады. Арнайы терминологияны қолдану дағдылары бар, бірақ негізгі механизмдерді түсіндіруде қынжылады. Өз білімін басқа қажетті пәндермен интеграциялап, байланыстыра алмауы мүмкін. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде дағдалары болып, бірақ оларды бағалап, нәтижесін түсініп, қорытындылай алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың 64-60% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

59-55 балл. Жауабы толық емес, нақсыздықтары көп. Үстіртін және айтарлықтай қателіктері бар. Кей жағдайларда студент арнайы терминологияны қолданады, бірақ механизмдерін көрсетуде қиналады, өзара-байланыстарды анықтай алмайды, пән бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге дұрыс анықтама бере алмайды. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеудегі дағдылары толық емес және де оларды бағалап, нәтижесін түсініп, қорытындылай алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың 59-55% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

54-50 балл. Жауап бергенде көптеген айтарлықтай қателіктер жіберіп, оларды тіпті оқытушының жетекші қосымша сұрақтары арқылы түзей алмайды. Айтарлықтай қателіктер: терминологияны дұрыс қолданбайды, түсініктер мен терминдерге және де негізгі қағидалары мен үрдістерге анықтама бере алмайды, жіктелуін білмейді. Студент негізгі үрдістердің, механизмдердің негізін түсінбейді; материалды арнайы терминологияны қолдану арқылы жеткізе алмайды, өрескел қателер жібереді. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде жартылай дағдылар көрсетеді, оларды мүлдем бағалап, нәтижесін түсініп, қорытындылай алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың 54-50% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

49-0 балл. Студент жауап беруден бас тартады немесе жауап беруге талпынғанда оқу материалы бойынша білімін көрсете алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың 49-0% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.

Студенттің өзіндік жұмысы:

Дифференциалды диагностика кестесін толтыру бойынша тапсырмалардың бағалануы:

100-95 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша кестені толтыру барысында толық, қамтымалы және дұрыс жауап берсе. Өз жауаптарын дұрыс түсініп, олардан дұрыс тұжырым шығара алса. Материал ретті және қисынды жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылған.

94-90 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша кестені толтыру барысында толық, қамтымалы және дұрыс жауап берсе. Өз жауаптарын дұрыс бағалап, олардан тұжырым шығара алса. Материал ретті және қисынды жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылған.

89-85 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша кестені толтыру барысында толық, қамтымалы және дұрыс жауап берсе, бірақ жауабы барысында үстіртін бірең-сараң қателіктер жіберсе. Материал ретті және қисынды жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылса.

84-80 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша кестені толтыру барысында толық, қамтымалы және

дұрыс жауап берсе, бірақ жауабы барысында үстіртін бірнеше қателіктер жіберсе. Материал ретті және қисынды жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылса.

79-75 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша кестені толтыру дұрыс жауап берсе, бірақ жауабы айтарлықтай толық болмаса. Материал ретті және қисынды жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылған. Жауабы барысында үстіртін бірнеше қателіктер жіберсе. Материал ретті және жүйелі жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылса.

74-70 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша кестені толтыру дұрыс жауап берсе, бірақ жауабы айтарлықтай толық болмаса. Жауабы барысында үстіртін қателіктер жіберіліп, жұмысы қажетті мерзімде тапсырылса.

69-65 балл қойылады, егер де студенттің дифференциалды диагностика кестесінің толтыруы бойынша жауабы айтарлықтай толық болмаса. Жіберілген қателіктері үстіртін немесе бірең-сараң айтарлықтай болса. Жұмысы қажетті мерзімде тапсырылса.

64-60 балл қойылады, егер де студенттің дифференциалды диагностика кестесінің толтыруы бойынша жауабы айтарлықтай толық болмаса. Жіберілген қателіктері үстіртін немесе бірең-сараң айтарлықтай болса. Жұмысы қажетті мерзімнен кеш тапсырылса.

59-55 балл қойылады, егер де студенттің дифференциалды диагностика кестесінің толтыруы бойынша жауабы толық болмаса және де дәлсіздіктері болса. Жіберілген қателіктері үстіртін немесе айтарлықтай болса. Жұмысы қажетті мерзімнен кеш тапсырылса.

54-50 балл қойылады, егер де студенттің дифференциалды диагностика кестесінің толтыруы бойынша жауабы көптеген айтарлықтай қателіктермен болса және дәлсіздіктері көп болса. Кестенің жүйесі мен логикасы бұзылса. Жұмысы қажетті мерзімнен кеш тапсырылса.

49-0 балл қойылады, егер студентт дифференциалды диагностика кестесін толтырмаса.

Презентация материалы, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер бойынша тапсырмалардың орындалуын бағалау:

100-95 балл қойылады, егер презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы таңдап алынған тақырыптың көлеміне сәйкес келіп, тақырыпты толық ашса. Оларды дұрыс интерпретациялап, дұрыс шешім шығара алса. Материал әдеби тілмен ретті, қисынды, дәлелденбелі жеткізіліп, студенттің өзінің орындағаны көрінсе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

94-90 балл қойылады, егер презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы қойылған сұрақтарға толық және ауқымды жауап берсе. Тақырыптың негізгі қағидалары ашылса. Материал әдеби тілмен ретті, қисынды, дәлелденбелі жеткізілсе. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

89-85 балл қойылады, егер презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы тапсылырған көлемге сәйкес келіп, алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

84-80 балл қойылады, егер презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы қойылған сұраққа жан-жақты жауап берсе және алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

79-75 балл қойылады, егер презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы қойылған сұраққа жан-жақты жауап берсе және алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Жауабы нақты құрастырылған, қисынды және ғылыми терминдердің қолданылуымен берілген. Бірақ, азғана қателіктер болып, оларды студент оқытушының көмегімен түзей алса. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

74-70 балл қойылады, егер презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы толық, бірақ қойылған сұраққа жеткілікті ретті жауап берілмесе. Жауабы қисынды және ғылыми терминдердің қолданылуымен берілген. Негізгі түсініктерді анықтауда студент 1-2 қателік жіберіп, оларды өз бетінше түзеуде қиындық туындатса. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

69-65 балл қойылады, егер презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы ойдағыдай толық болмаса және алынған тақырып бойынша жауабы қажеттігінше ашылмаса. Логикасы мен реттілігі бұзылса. Терминдер дұрыс қолданылмаса. Студент өз бетінше маңызды және маңызсыз белгілер мен себеп-салдарлық байланысын анықтай алмаса. Алған білімін тек қана оқытушының көмегімен ғана жеткізе алады. Сөйлемдер дұрыс құрастылмай, түзеулерді қажет етсе. Бірақ тапсырма дер кезінде тапсырылса.

64-60 балл қойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалына толық жауап берілмесе, логикасы мен реттілігінде айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Студент материалды түсінбегендіктен тұрпайы қателіктер жіберіліп, терминдер дұрыс қолданылмаса. Сөйлемдер дұрыс құрастылмай, түзеулерді қажет етсе. Тапсырма дер кезінде тапсырылмаса.

59-55 балл қойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалына толық жауап берілмесе, тақырыптың ашылуында айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Сөйлем құрастыруы сауатсыз, материалдың жеткізілуінде жүйе мен логика болмаса. Тапсырма дер кезінде тапсырылмаса.

54-50 балл қойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалына толық жауап берілмесе, тақырыптың ашылуында айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Сөйлем құрастыруы сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылаушы сұрақтарына студент жауап бере алмаса. Тапсырма қажетті мерзімнен кеш тапсырылса.

49-0 балл қойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы өзінің мазмұны бойынша берілген сәйкес келмесе немесе тақырыптың негізін ашпаса және дер кезінде, яғни аралық бақылауға дейін тапсырылмаса.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.

Оқушының оқудағы жетістіктері келесі жолмен анықталады:

ҚБ= ЖРБ Х 0,6 + ҚББ Х 0,4

ҚБ- қорытынды баға

ЖРБ- жіберу рейтингінің бағасы

ҚББ- қорытыныды бақылаудың бағасы

Жіберу рейтингінің бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 60% пайызын құрайды.

Қорытынды бақылаудың бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% пайызын құрайды.

Жіберу рейтингінің бағасы келесі жолмен анықталады:

ЖРБ= (АББ Х 0,3 + АрББ Х 0,5 + СӨЖ Х 0,2) :

АББ- тәжірибелік сабақтар мен студенттің ұстазбен өз бетінше жұмыстарының орташа бағасы

АрББ - аралық бақылаулардың қорытынды бағасы

СӨЖ - студенттің өз бетінше жұмыстарының орташа бағасы

Жіберу рейтингінің пайызы келесі жолмен анықталады:

ЖРБ Х 100%

5

Жіберу рейтингі 50% пайызқорытынды баға есептелмейді.

Қорытынды баға келесі кестеге сәйкес қойылады:

№ р\н

Әріп

Сандық эквиваленті

Рейтинг (%)

Баға

1

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

2

А-

3,67

90-94

«жақсы»

3

В+

3,33

85-89

4

В

3,0

80-84

5

В-

2,67

75-79

6

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

7

С

2,0

65-69

8

С-

1,67

60-64

9

D+

1,33

55-59

10

D

1,0

50-54

11

F

0

0-49

«қанағаттандырарлықсыз»