
- •Силлабус Патологиялық анатомия бойынша
- •1.7 Кафедра оқытушылары туралы мәлімет:
- •1.8 Байланыс мәліметтері:
- •1.9. Пән саясаты:
- •2.2 Пәннің мақсаты
- •2.3 Пәннің міндеттері
- •2.4 Оқытудың қорытынды нәтижелері
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.7 Тақырыптық жоспар
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2.7.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.7.3. Студенттің оқытушының жетекшілігімен өз бетінше істейтін жұмыстарының тақырыптық жоспары
- •2.7.4 Ұстаздардың кеңес беру уақыты:
- •2.8. Студенттің өз бетінше істейтін жұмыстарының тақырыптық жоспары (сөж)
- •2.9 Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Орыс тілінде
- •Ағылшын тілінде
- •2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
- •Макропрепараттарды зерттеуі мен суреттелуінің алгоритмі
- •Студенттің ұстазбен бірге өзіндік жұмысы:
1.8 Байланыс мәліметтері:
Астана қаласы, Сары-Арка даңғылы, 33, «АМУ» АҚ
Патологиялық анатомия кафедрасы, тел. 8-717-2-237554
Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты
Патологиялық анатомия бойынша сабақтар Сары-Арка көшесі, 33үй мекен-жайында орналасқан «АМУ» АҚ оқу корпусының 3 қабатында, сонымен қатар Астана қаласының «Патологоанатомиялық бюросының» және «РНХҒО» АҚ негізінде өткізіледі.
1.9. Пән саясаты:
Кафедраның жалпы талаптары (оқу пәнінің саясаты)
Бірінші сабаққа студент өзімен дәріске арналған бір қалың дәптер, тәжірибелік сабаққа арналған альбом, түрлі түсті қалам, халат, медициналық қалпақ, ауысымдық аяқ киім әкелуі міндетті.
Кафедраның негізгі талаптарының бірі студенттің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмыстарына және тәжірибелік сабақтарға жүйелі қатысу. Себепсіз жіберілген сабақтар өтеледі, бірақ сабаққа 0 балл қойылады.
Сабаққа 15 минут кешіккен студент сабаққа кіргізілмейді, және оны себепсіз жіберген сабақ ретінде өтейді.
Академияның мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда (аудитория столы, орындықтар, макропрепараттар, микропрепараттар, микроскоп және т.б.) сәйкес көлемде айып пұл төленеді.
Себепті жіберілген тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау 4 аптаның ішінде, ал себепсіз жіберілген сабақтар 2 аптаның ішінде өтеледі.
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда: ұялы телефонмен қолдануға, сабақтан тыс тақырыпқа әңгімелесуге тиым салынады.
Емтихан түрінде өтетін білімді қорытынды бағалауға тәжірибелік сабақтар, ОЖСӨЖ, СӨЖ бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі.
Айып шаралары:
1.Студенттің аралық бақылауды дер кезінде өткізбегені үшін рейтинг баллы 10 баллға төмендетіледі және де әрбір себепсіз жіберген тәжірибелік сабақтарға 0 балл қойылады.
2.Егер студентттің рейтингі қорытынды бақылауға дейін 50% пайыздан кем болса, студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді, және пән бойынша ақылы қайта оқу курсын өтеді.
3.Емтиханнан қанағаттанарлық емес баға алып, оқушының пән бойынша жалпы бағасы «қанағаттанарлық» бағаға жетпей қалған жағдайда, студент пән бойынша академиялық қарыздары бар деп саналады да ақылы негізде қайта оқу курсын өтеді.
2.1 КІРІСПЕ
Патологиялық анатомия аурудың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді
Ол медицина теориясымен қатар, клиникалық жұмысқа да тікелей қатысы бар, сондықтан патологиялық анатомия клиникалық салаға жататын пән. Зерттеу объектісі аутопсиялық және операциялық биопсиялық материалдар болып табылады.
Жалпы медицина саласындағы мамандар үшін жалпыпатологиялық процестердің негізін, аурулардың құрылымдық көріністерін және олардың нәтижелерін білу денсалуық сақтау мекемелерінде профилактикалық, емдік диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аса қажет.
2.2 Пәннің мақсаты
Студенттерде жалпыпатологиялық процестер және адамның маңызды ауруларының морфологиялық негізі туралы ой қалыптастыру.
2.3 Пәннің міндеттері
ағзалар құрылымының (тіндер, жасушалар) өзгерістерін макро және микроскопиялық деңгейде анықтауға үйрету;
стереотипті жалпыпатологиялық процестердің құрылымдық негізін анықтауды үйрету;
адамның маңызды ауруларының морфологиялық көрінісін анықтауды үйрету;
патологиялық процестерді ажырату және гистологиялық препараттарды микроскопиялау дағдысын қалыптастыру;