
- •Астана медицина университеті патологиялық анатомия кафедрасы
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған тесттік тапсырмалар
- •1. Диcтрофиялар қандай процестің көрінііс болап табылады?
- •5. Амилоидоз қандай аурудың асқынуы болып табылады?
- •10. Қандай процеcc жалпы гемоcидероздың дамуына әкеледі?
- •А) жабын эпителиінен дамитын қатерлі ісік в) безді эпителийден дамитын қатерлі ісік
- •D) дәнекер тінінен дамитын қатерсіз ісік
- •61. Атеросклероз кезінде қандай тамырлар зақымданады:
- •Аралық бақылауға арналған тесттік тапсырмалар
- •Аралық бақылауға арналған ситуациялық есептер
- •Емтихан сұрақтары
- •Макропрепараттар тізімі
- •Микропрепараттар тізімі
Емтихан сұрақтары
1. Дистрофиялар – себептері мен патогенезі туралы заманға сай мәліметтер. Дистрофиялардың жіктелуі. Дистрофиялық процестердің жалпы даму механизмдері.
2. Паренхиматозды ақуыздық дистрофиялар: гиалин-тамшылық, гидропиялық (баллонды), мүйізгекті дистрофиялар.
3. Паренхиматозды майлы дистрофиялар. Бауырда, миокардта, бүйректерде майдың жиналу. Майларды анықтайтың бояу әдістері.
4. Стромалды-тамырлық ақуыздық дистрофиялар - мукоидты ісіну, фибриноидты ісіну. Морфологиялық сипаттамасы. Дәнекер тіннің өзгерістері (метахромазия реакциялары, ШИК-реакция). Нәтижелері.
5. Амилоидоз. Амилоидтың тегі. Амилоидты анықтайтын гистохимиялық реакциялар. Амилоидоздың этиологиясы мен патогенезі. Амилоидоздың жіктелуі. Нәтижелері.
6. Көмірсулы дистрофиялар. Гликоген алмасуның патологиясы. Қант диабеті, морфологиялық сипаттамасы.
7. Кальций алмасуының бұзылыстары. Морфологиялық сипаттамасы. Дистрофиялық әктену, метастатиқалық әктену, метаболиялық әктену.
8. Билирубин алмасуының бұзылуы. Сарғаюлар – түрлері, морфологиялық сипаттамасы.
9. Гемоглобиногендік пигменттер алмасуының бұзылыстары. Гемосидероз, сарғаюлар (жіктелуі, себептері, морфологиялық көріністері).
10. Жергілікті артериалды қан толу – себептері, түрлері, морфологиясы.
11. Жалпы венозды қан толу. Ағзалардағы өзгерістер. Венозды қан толу кезіндегі өкпенің морфологиясы, себептері. Мускатты бауырдың себептері мен даму механизмы.
12. Жүректің жедел және созылмалы жетіспеушілігінің морфологиясы.
13. Некроз – морфологиялық белгілері. Клиника-морфологиялық түрлері. Некроздың нәтижелері.
14. Инфаркт, оның себептері, түрлері. Инфаркттардың әр түрлі ағзалардағы ерекшеліктері (миокард, өкпе, бүйрек, көк бауыр). Инфаркттардың нәтижелері.
15. «Организмнің өлуі» туралы ұғым. Организм өлуінің негізгі кезеңдері. Клиникалық және биологиялық өлім. Өлімнің белгілері. Өлімнен кейінгі мәйіт өзгерістерінің морфологиясы.
16. Қан кету және қан төгілу. Түрлері мен себептері. Қан кету мен қан төгілудің организмдік мәнін белгілейтін факторлар.
17. Тромбоз.Тромбтардың морфологиясы, себептері мен даму механизмдері, тромбтардың түрлері, нәтижелері. Тромбоздың организмдік мәні.
18. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Тромбоэмболиялық синдром. ҚШҰ синдромы.
19. Эмболия – себептері, түрлері, нәтижелері, маңызы.
20. Тіндік эмболия туралы түсінік, себептері, морфологиясы, организм үшін маңызы. Майлы эмболия – себептері, морфологиясы.
21. Қабыну: этиологиясы және патогенезі. И.И. Мечниковтың қабыну патологиясының салыстырмалы түрде зерттелуі жөнінде жүргізген зерттеулерінің мәні.
22. Қабыну реакциясының компоненттері, олардың түрлері. Қабынулардың жіктелуі. Жедел және созылмалы қабыну.
23. Экссудативті қабыну: серозды, фибринозды қабыну. Себептері, морфологиясы, нәтижелері. Экссудаттың морфологиялық дифференциалдық-диагностикалық белгілері.
24. Іріңді қабыну: себептері, түрлері, морфологиясы, нәтижелері.
25. Экссудативті қабыну: катаралды қабыну. Себептері, морфологиясы, нәтижелері. «Аралас» экссудативті қабыну жөнінде түсініс.
26. Өнімдік қабыну. Түрлері. Интерстициалды қабыну. Морфологиялық сипатттамасы. Нәтижелері.
27. Өнімдік гранулематозды қабыну. Морфологиялық сипатттамасы. Нәтижелері.
28. Регенерацияның түрлері: репаративтік, патологиялық. Толық және толық емес регенерация. Регенераторлық гипертрофия және оның түрлері: жасушалық және жасушаішілік гиперплазия. Организмдік мәні.
29. Регенерация: регенерацияның жасушалық және жасушаішілік түрлері. Регенерацияға қажет жалпы және жергілікті жағдайлар.
30.Регенераторлық процестердің морфогенезі: пролиферация және дифференциация сатылары, олардың сипаттамасы. Камбиалды жасушалар, бағаналық (түбірлік) және ізашар жасушалар туралы ұғым.
31. Репаративті регенерация. Патологиялық регенерация және оның турлері. Метаплазия туралы ұғым, оның жеке түрлері.
32. Гипертрофия, гиперплазия. Түрлері, даму механизмдері, морфологиялық белгілері.
33. Гипертрофияның морфологиясы. Жіктелуі.
34. Жүректің гипертрофиясы. Себептері, түрлері, кезендері, нәтижелері. Жүрек қызметінің «Компенсациясы және декомпенсациясы» туралы ұғым.
35. Атрофия, Себептері, негізі, түрлері, организм үшін маңызы.
36.Жарақаттың біріншілікті және екіншілікті түрде жазылуы. «Грануляциялық тін» туралы ұғым. Тыртықтың қалыптасуы.
37. Ісіктер- анықтамасы. Жіктелу принциптері. Меланин түзуші тіндерден дамитын қатерлі және қатерсіз ісіктер. Невустер. Меланома.
38. Ісіктер- анықтамасы. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Морфологиялық сипаттамасы. Канцерогенез жөнінде заманға сай теориялар (химиялық, физикалық, вирусты-генетикалық, полиэтиологиялық).
39. Ісіктердің гистогенезі мен морфогенезі. Ісіктердің құрылысы, сыртқы көрінісі, ісіктердің өсу әдістері. «Метастаздық каскад» теориясы.
40. Ісіктер- анықтамасы. Қан тамырлардан дамитын қатерлі және қатерсіз ісіктер, морфологиялық белгілері.
41. Ісіктер- анықтамасы. Дәнекер тіннен дамитын қатерлі және қатерсіз ісіктер, морфологиялық белгілері.
42. Ісіктер- анықтамасы. Бұлшық еттер тінінен дамитын қатерлі және қатерсіз ісіктер.
43. Ісіктер- анықтамасы. Сүйек тінінен дамитын қатерлі және қатерсіз ісіктер.
44. Ісіктер- анықтамасы. Жіктелу принциптері. Жүйке жүйесінің және ми қабықшаларынан дамитын ісіктер, клиникалық-морфологиялық белгілері. Метастаздарының даму ерекшелектері.
45. Жатыр денесі мен мойыншасының обыралды процестері мен обырлары – гистологиялық түрлері, ағымының ерекшеліктері. Асқынулары.
46. Асқазан обыры – орналасуы, гистологиялық құрылысы. Асныуы, нәтижелері. «Обыр-жара» және «ажара-обыр» туралы түсінік.
47. Өкпе обыры - орналасуы, гистологиялық құрылысы, метастаздануы. Асқынуы, обыралды процестері.
48. Гемобластоздардың заманға сай жіктелуі. Лейкоздар – анықтамасы, гистогенетикалық жіктелуі. Жедел лейкоздар – түрлері, патологоанатомиялық сипаттамасы, аскынулары, нәтижелері.
49. Лейкоздардың гистогенетиқалық жіктелуі. Созылмалы лейкоздар – түрлері, патологиялық анатомиясы, асқынулары.
50. Қатерлі лимфомалар – аңықтамасы, түрлері, морфологиялық сипаттамасы. 53. Лимфогранулематоз (Ходжкин ауруы) – морфологиялық варианттары, патологиялық анатомиясы.
51. Атеросклероз. Этиологиясы мен патогенезі. Атеросклероздың морфогенезі, асқынулары.
52. Атеросклероздың клиникалық-морфологиялық түрлері, олардың сипатттамасы. Өлім себептері.
53. Гипертониялық ауру – аңықтамасы, этиологиясы, патогенезі. Біріншіліктік және екіншіліктік гипертониялық синдромдар. Артериолаларда дамитын өзгерістердің фазалары.
54. Гипертониялық аурудың клиникалық-морфологиялық түрлері, олардың сипаттамасы, өлімнің себептері. Қатерлі және қатерсіз гипертониялық аурудың айырмашылықтары.
55. Гипертониялық ауру кезіндегі жүректің өзгерістері. Ортанғы жүйке жүйесінің және бүйректердің зақымдануы. Гипертониялық ауру кезіндегі өлім себептері. Гипертониялық криз. Гипертониялық аурумен атеросклероздың өзара қатынасы.
56. Иммунды бұзылыстармен сипатталатын дәнекер тіннің аурулары. Ревматизм – этиологиясы, патогенезі. Ревматизмнің морфологиясы.
57. Жүректің ишемиялық ауруы – анықтамасы, түрлері. Жедел мен созылмалы ИА морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері.
58. Миокард инфарктісі – анықтамасы. Жіктелуі. Некрозға дейінгі және некроздық кезеңдерінің өзгерістері. Жедел, рецидивтенетін, қайталанбалы миокард инфарктының морфологиясы.
59. Иммунды бұзылыстармен сипатталатын дәнекер тіннің аурулары: ревматоидты артрит – этиологиясы, патогенезі. Буындардың синовиалды қабықшыларының және буын айналасындағы дәнекер тіннің өзгерістері. Асқынулары, өлім себептері.
60. Иммунды бұзылыстармен сипатталатын дәнекер тіннің аурулары: жүйелі кызыл жегі – иммуно-морфологиялық сипаттамасы, қан тамырлардың, жүректің, бүйректердің өзгерістері. Жүйелі склеродермия – патологиялық анатомиясы, висцералды көріністері. Асқынулары.
61. Иммунды бұзылыстармен сипатталатын дәнекер тіннің аурулары. Ревматизм – этиологиясы, патогенезі. Ревматизмнің морфологиясы.
62. Ревматизм кезіндегі дәнекер тіннің зақымдануы. Ревматизмнің клиникалық-морфологиялық турлері, олардың көріністері, асқынулары.
63. Ревматизм кезіндегі жүректің зақымдануы. Эндокардит – жіктелуі, морфологиялық сипаттамасы. Ревматизм кезіндегі миокардит пен перкардит, олардың клиникалық-морфологиялық сипаттамасы. Асқынулары, нәтижелері, өлім себептері.
64. Ревматизмдік эндокардиттің нәтижесінде дамитын жүрек ақаулары. Ақауларға байланысты жүрек пішінніің өзгерүі. Компенсацияланған және декомпенсацияланған жүрек ақаулары. Жүрек қызметінің декомпенсациясының морфологиялық белгілері.
65. Крупозды пневмония. Этиологиясы, патогенезі, морфологиялық белгілері. Асқынулары (өкпелік және өкпеден тыс).
66. Бронхопневмония. Этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы, асқынулары. Қоздырғышына қарай (вирусты, пневмококкты, стрептококкты, стафилакоккты, саңырауқұлақты) бронхопневмониялардың ерекшеліктері.
67. Өкпелердің созылмалы обструктивтік аурулары. Өкпелердің аралық (интерстициалды) аурулары – патологиялық анатомиясы.
68. Созылмалы бронхит, бронхоэктаздар, созылмалы абсцесс, өкпелердің эмфиземасы – этиологиясы, патогенезі, түрлері, патологиялық анатомиясы. «Өкпелі жүрек».
69. Бронхиалды астма (өкпе демікпесі) – жіктелуі, патологиялық анатомиясы. Асқынулары, нәтижелері.
70. Жедел гастрит – себептері, морфологиялық түрлері. Созылмалы гастрит – процестің мағнасы, себептері, дамуына инфекциялық факторлардың әсер етуінің мәні. Этио-патогенетиқалық түрлері (созылмалы гастриттердің А,В,С типтері). Созылмалы гастриттердің морфологиялық түрлері, олардың сипаттамасы.
71. Асқазанның және 12-елі ішектің жаралы ауруы. Этиологиясы, патогенезі. Жеделдену және ремиссия кезендерінің патологиялық анатомиясы. Асқынулары.
72. Аппендицит – этиологиясы, патогенезі, жіктелуі. Жедел аппендициттің патологиялық анатомиясы. Асқынулары.
73. Бауырдың токсиқалық дистрофиясы - этиологиясы, патогенезі. Сары және кызыл дистрофия кезеңдері. Нәтижелері.
74. Вирусты гепатит – этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі. А мен В гепатитінің салыстырмалы клиника-морфологиялық сипаттамасы.
75. Вирусты гепатит. Жедел: циклдік, массивті некроздық, перхолангиолитикалық түрлері. Нәтижелері.
76. Алкогольді гепатит. Алкогольді кардиомиопатия.
77. Бауыр циррозы – аңықтамасы, жіктелуі. Порталды гипертензия және қан ағысының коллатералды жолдары. Цирроздардың нәтижелері.
78. Жедел гломерулонефрит – анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы.
79. Жеделдеу гломерулонефрит. Морфологиялық сипаттамасы. Асқынулары, нәтижелері.
80. Пиелонефрит. Этиологиясы, жедел және созылмалы пиелонефриттердің морфологиялық сипаттамасы. Асқынулары, нәтижелері.
81. Бүйректердің жедел жетіспеушілігі. Себептері, патогенезі. Даму кезеңдері және олардың морфологиялық сипаттамасы.
82. Нефросклероз – себептері, патогенезі, морфологиялық сипаттамасы. Уремия. Экстрареналды өзгерістер.
83. Струма – жіктелуі. Патологиялық анатомиясы.
84. Қант диабеті. Этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы. Макро мен микроангиопатия. Диабеттік гломерулосклероз. Асқынулары, өлім себептері.
85. Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері. Жіктелу принциптері. ДНК мен РНК вирусты инфекциялардың жалпы морфологиялық сипаттамасы. Респираторлы вирусты инфекция – парагрипп, аденовирусты, РС-инфекция.
86. Тұмау – патогенезі, патологиялық анатомиясы. Түрлері, асқынулары, нәтижелері.
87. Қызылша. Экзантема, энантема (Филатов-Коплик дақтары). Қызылшалық бронхит пен пневмония. Өкпеден тыс зақымданулары. Асқынулары.
88. Полиомиелит – этиологиясы мен патогенезі. Клиника-морфологиялық түрлері. Асқынулары.
89. Дифтерия - этиологиясы мен патогенезі. Аран, бадамша бездер, жоғарғы тыныс ағзаларының жергілікті өзгерістері. Дифтерия кезіндегі миокардит. Жүйке жүйесінің зақымдануы. Шынайы мен жалған круптың дифференциальді диагностикасы.
90. Скарлатина. Біріншілік зақымданулар, олардың асқынулары. Скарлатинаның екіншілік кезеңі жайлы түсінік, скарлатиналық нефрит, миокардит.
91. Іш сүзегі - этиологиясы мен патогенезі. Аш ішек пен мезентериальді лимфа түйіндеріндегі морфологиялық өзгерістер: ми тәрізді ісінуі, некро, жара, тыртықтану кезеңдері.
92. Дизентерия - этиологиясы мен патогенезі. Тоқ ішектегі морфологиялық өзгерістер. Асқынулары.
93. Сепсис – этиологиясы мен патогенезі. Сепсистік ошақтың морфологиялық сипаттамасы мен жалпы өзгерістері. Этиологиясы мен кіру қақпасына байланысты жіктелуі.
94. Сепсистің клиника-морфологиялық түрлері. Морфологиялық сипаттамасы. Септицемия, септикопиемия, сепсистік эндокардит.
95. Мерез - этиологиясы мен патогенезі. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік кезеңдері. Патологиялық анатомиямя, асқынулары, өлім себептері.
96. АИВ-инфекциясы - этиологиясы мен патогенезі, эпидемиологиясы. АИВ-лимфаденопатия, АИВ-энцефаломиелит. Аурудың кезеңдері мен түрлері, олардың сипаттамасы. ЖИТС кезеңдері. Өлім себептері.
97. Біріншілік туберкулез. Біріншілік туберкулезді кешен (құрылысы, орналасуы). Ағымының түрлері.
98. Гематогенді туберкулез – морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, нәтижелері.
99. Екіншілік туберкулез. Морфологиялық түрлері: ошақты, туберкулома, инфильрациялық, казеозды пневмония. Асқынулары.
100. Әйел жыныс ағзаларының аурулары. Эндоцервикоз. Эндометрийдің безді гиперплазиясы – морфологиялық сипаттамасы. Жедел эндометрит. Созылмалы эндометрит – морфологиялық сипаттамасы.
101. Церебро-васкулярлы аурулар – атеросклероз бен гипертониялық аурумен байланысы, патогенезі, жіктелуі. Морфологиялық сипаттамасы.