
- •Астана медицина университеті патологиялық анатомия кафедрасы
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған тесттік тапсырмалар
- •1. Диcтрофиялар қандай процестің көрінііс болап табылады?
- •5. Амилоидоз қандай аурудың асқынуы болып табылады?
- •10. Қандай процеcc жалпы гемоcидероздың дамуына әкеледі?
- •А) жабын эпителиінен дамитын қатерлі ісік в) безді эпителийден дамитын қатерлі ісік
- •D) дәнекер тінінен дамитын қатерсіз ісік
- •61. Атеросклероз кезінде қандай тамырлар зақымданады:
- •Аралық бақылауға арналған тесттік тапсырмалар
- •Аралық бақылауға арналған ситуациялық есептер
- •Емтихан сұрақтары
- •Макропрепараттар тізімі
- •Микропрепараттар тізімі
Аралық бақылауға арналған ситуациялық есептер
1. Жүректің митральді қақпақшаларын гистологиялық зерттелуі кезінде олардың жармаларының айқын базофилиясы анықталған. Толуидин көгімен бояғанда ол күлгін-қызыл түске боялған. Бұл процесс қалай аталады? Даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Өт қапшығын ашып қарағанда қуысында тығыз, көпбұрышты пішіндес, беткейі тегіс «фасеттелген» заттар анықталған. Кесінде олардың құрылысы қатпарлы болып келген. Осы заттарды атаңыз. Патогенезі бойынша түрлерін анықтаңыз.
3. Гистологиялық зерттеу кезінде бүйректердің иреленген өзекшелерінің дистальді бөліктерінің эпителий жасушаларында, бауыр жасушаларында, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларында гликогеннің жиналғандығы анықталған. Дистрофияның қандай түрі жайлы сөз қозғалып отыр?
4. Бауыр циррозымен ауыратын науқастың ішінің алдыңғы қабырғасының веналары ирелеңдеп «медуза басы», асцит дамығандығы анықталған. Іш қуысындағы артық жиналған сұйықтықты шығыру барысында ол есінен танған. Осы кезде қан айналымының қандай бұзылыстары дамығандығын атаңыз.
5. Жүректі гистологиялық зертегенде миокард стромасында лимфоидты жасушалардан, гистиоциттерден,, плазмалық жасушалардан, фибробласттардан тұратын жасушалық сіңбелер анықталған. Қабынудың түрін атаңыз.
6. Науқас миокард инфарктісінен кейін жүректің созылмалы жетіспеушілігінен қайтыс болған. Жүректің созылмалы жетіспеушілігі кезінде ішкі ағзаларда дамитын өзгерістерді атаңыз: а) бауырда, б) өкпеде, в) бүйректерде, г) көк бауырда, д) тері асты май қабатында.
7. Науқас әйел күн сәулесінің астында біршама уақыт болғаннан кейін жедел түрде науқастанған. Қан қысымы көтеріліп, нефротикалық синдром дамып, бетінде «көбелек» тәрізді дақтар пайда болған. Оған жүйелі қызыл жегі деген диагноз қойылған. Емдік шараларға қарамай бүйректердің жетіспеішілігінің белогілері өрістей берген. Ауру басталғаннан бір жыл өткеннен кейін қайтыс болған. Аутопсияда бүйректерде қандай өзгерістерді көруімізге болады: оның пішіні қалай өзгереді, тығыздығы, түрі, қыртысты мен милы қабаттары? ЖҚЖ аурулардың қандай тобына жатқызады?
8. Үдемелі тыныс алу жетіспеушілігінен қайтыс болған науқаста аутопсия кезінде келесі өзгерістер анықталған: оң өкпесінің жоғарғы бөлігі тығыздалған, кесіндідегі түрі ұсақтүйіршікті, түсі – сұр. Плеврасы бұлыңғыр, бетінде сұрлау түсті оңай алынатын жабындылар бар. Өкпеде мен плеврада дамыған қабыну түрін атаңыз.
9. Сол жақ ортаңғы ми артериясының туа пайда болған аневризмасы бар науқас кенеттен өлген. Аутопсияда сол жақ самай бөлігінде массивті түрде қан жиналып, оның ми тініне сіңгендігі анықталған. Қан кету себебі не? Қан төгілудің қандай түрі дамыған?
10. Миокард инфарктісімен ауырған науқаста нәтижесінде жүректің созылмалы аневризмасы мен оның қуысының тромбозы дамыған. Кенеттен белінінің оң жағы ауырып, зәрінде қан анықталған. Оң жақ бүйректе қандай патологиялық процесс дамыған? Оның макроскопиялық сипаттамасы (аталуы)? Науқаста осы процесстің дамуының себебі?
11. 2 жыл бұрын науқастың бауырының 1/3 бөлігі алынып тасталған. Резекция шеті мен қалған тіндерде қандай өзгерістерді анықтауға болады? Компенсациялы-бейімделу процестердің қайсы жайлы айтуға болады? Процестің қай түрі?
12. Мишық бұрышы көпірінің маңындағы мидың қатты қабықшасының астында домалақ пішіндес, тығыз, айқын шектелген, есту нервімен жалғасқан, кесіндіде – ақшыл-сары түсті түйін анықталған. Микроскопияда – ісік таяқша тәрізді ядролары мен нәзік протоплазмалық өскіндері бар ұзарған жасушалар будақтарынан құралған. 1. Ісіктің жетілу деңгейін анықтаңыз. 2. Оның гистогенезін анықтаңыз. 3. Диагноз қойыңыз. 4. Көрсетілген орналасуын белгілеңіз.
13. 40 жастағы ер адам жүректің айнуы, құсу, ішінің ұлғаюы, бастың ауруы, әлсіздік симптомдарымен ауруханаға түскен. Зерттеу барысында оның ащы, тоқ және сигма тәрізді ішектерінің кеңейгендігі анықталған. Резекцияланған сигма тәрізді ішекті морфологиялық зерттегенде келесі өзгерістер анықталған: шырышты қабығында көптеген, домалақ пішіндес, диаметрі 0,5 см-ден 3,0 см-ге дейін жететін, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, түсі ақшыл-қызғылт түсті түйіндер анықталған. Микроскопияда – олардың құрылысы призмалық эпителийімен қапталған, стромада орналасқан көптеген бездерден тұрады. 1. Диагноз қойыңыз. 2. Дамыған асқынуды атаңыз. 3. Оның қатерлі аналогын атаңыз.
14. Етеккір циклі бұзылу себебімен гинекологтың зерттелуінен өткен әйелдің жатырын ампутациялау операциясы жүргізілген. Операциялық материалды зерттеуге алғанда келесі өзгерістер анықталған: жатырдың көлемі ұлғайған, беткейі ірі түйінді. Кесіндіде: диаметрі 0,5 см-ден 6,0 см-ге жететін, сыртында капсуласы бар, түсі сұр-қызғылт түсті, құрылысы қатпарлы көптеген интрамуральді, субмукозды, субмукозды ісіктік түйіндер анықталған. Микроскопияда – ісіктік түйіндер дәнекер тін мен бұлшық ет тіндерінен құралған бір-бірімен өріліп келген будақтардан құралған. 1. Диагноз қойыңыз. 2. Ісіктің орналасу мүмкіндігін атаңыз. 3. Ең жиі дамитын асқынуларын атаңыз.
15. 50 жастағы науқастың қанының анализінде лимфоциттік жасушалардың көбеюіне байланысты лейкоциттердің 135000 дейін жоғарлағандығы анықталған. Клиникалық симптомдардың ішінен мойын лимфа бездерінің, талақ пен байрының ұлғайғандығы байқалған. Бір жылдан кейін науқас келесі шағымдар бойынша ауруханаға түседі: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тамағындағы ауру сезімі. Қанда лимфоциттердің бластты түрлері анықталған. Лейкоздың түрін атаңыз. Қанда бласттардың пайда болуына қарай ауру ағымының ерекшелігі жайлы айтыңыз. Жұтынған кезде тамағында ауру сезімінің пайда болуын немен түсіндіруге болады? Лимфа бездерін микроскопиялық зерртеуде қандай өзгерістерді көруімізге болады?
16. Жас адам дәрігерге оң аяғына басқан кезде қатты ауру сезімі мазалайтындығы және оң жақ санының маңайында ісік тәрізді ісінудің пайда болғандығы жайлы шағымданып келді. Зерттеу нәтижесінде оң жақ сан сүйегінің метафизінің маңында орналасқан, шеттері айқындалмайтын, тығыздығы жұмсақ, түсі «балық етіне ұқсас» ісік анықталған. Микроскопияда – ол ісік остеобластты типтес, митоздары көп, атипиялық жасушалардан тұратын остеогенді тіннен құралғандығы айқын болды. Диагноз қойыңыз. Қандай ағзаларға метастаз береді? Осы ісік ісіктердің қандай тобына жатады? Оның қатерсіз аналогын атаңыз.
17. Науқаста көп уақыттан бері қан қысымының 180/200 дейін көтерілетіндігі байқалған. Кейінгі кездері әлсідік, тез шаршаушылық және полиурия пайда болған. Зерттеу кезінде зәрдің құрамында ақукыз бар екендігі, қанда креатинин мөлшері артқандығы анықталған. Бүйректердің өршімелі түрде түрде дамыған жетіспеушіліг есесінен науқас қайтыс болған. Бүйректерде дамыған процесс қалай аталады? Бүйректердің өршімелі түрде жетіспеушілігі дамыған кезде дамитын аутоинтоксикация жағдайы қалай аталады?
18. Науқас кенеттен қан құсып 2 сағатан қайтыс болады. Аутопсияда – бауыры кішірейген, беткейі ұсақтүйіршікті болып өзгерген, тығыздалған. Өңештің төменгі үштен бір бөлігінің веналарының варикозды кеңеюі анықталған. Асқазан қуысында көлемі 2 л-дей ұйындылары бар сұйық қан анықталған. Аурудың морфологиялық түрін атап, диагноз қойыңыз. Өңештің веналарының варикозды кеңеюі қандай патологияның белгісі болып табылады? Өлім себебін атаңыз.
19. Аутопсияда – оң өкпесінің жоғарғы бөлігі тығыздалған, ұлғайған, плеврасында фибринозды жабындар бар. Өкпе ауасызданған, түсі – сұр. Кесіндіде - өкпенің өзгеріске ұшыраған бөлігінде диаметрі 3 см, шеттері анық, ішінде сары-жасыл түсті сұйықтық бар қуыс анықталған. Қандай ауру жайлы сөз қозғалып отыр? Аурудың кезеңі мен асқануын атаңыз.
20. Аутопсияда – митральді қақпақшаның жармаларының склерозы мен жабысуы есінен атриовентрикулярлы тесіктің тарылғандығы анықталған. Сонымен қатар, перикард қуысы облитерацияланған. Митральді қақпақшаның деформациясын дамытқан ауруды атаңыз. Митральді қақпақшаның ақауы қалай аталады?
21. Бауырдың гистологиялық зерттелуінде бауыр бағандарының дискомплексациясы, гепатоциттердің баллонды дистрофиясы, жеке гепатоциттердің ошақты некроздары анықталған. Перипортальді жолдарда – лимфоциттер мен гистиоциттерден тұратын сіңбелер анықталған. Осы морфологиялық суреттеме қандай ауруға тән?
22. Резекцияға ұшыраған асқазанды сипаттау барысында дәрігер-патологоанатом асқазан қабырғасындағы қалың, склерозданған шеттері бар терең ақауды суреттеген. Ақаудың түбінде фибринозды-іріңді экссудат болған. Микроскопиялық зерттеуде – фибриноидты некроз ошақтары, грануляциялық тін анықталған. Ауру және оның кезеңін атаңыз.
23. Ұсақ буындардың буындық беткейінде грануляциялық тіннің қалыптасу лшақтары мен асныда жатқан шеміршектің бұзылу ошақтары анықталған. А) Осы өзгерістер қандай ауруға тән? В) Осы аурудың нәтижесінде қандай асқынулар дамиды?
24. Ұзақ мерзім бойы бронхоэктаздық аурумен найқастанған адам бүйректің үдемелі жетіспеушілігінен қайтыс болған. Секцияда- «үлкен майлы бүйрек» анықталған. Бүйректерде дамыған патологиялық процесті атаңыз.
25. Патологиялық-анатомиялық бөлімшеге келесі өзгерістері бар құрт тәрізді өсінді жіберілген. Оның дистальді бөлігі қалыңдаған, серозды қабықшасының бетінде фибринозды заттар бар, қуысында ірің бар. Жедел аппендициттің түрін атаңыз. Мүмкіндікң асқунуларын атаңыз.