
- •Астана медицина университеті патологиялық анатомия кафедрасы
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған тесттік тапсырмалар
- •1. Диcтрофиялар қандай процестің көрінііс болап табылады?
- •5. Амилоидоз қандай аурудың асқынуы болып табылады?
- •10. Қандай процеcc жалпы гемоcидероздың дамуына әкеледі?
- •А) жабын эпителиінен дамитын қатерлі ісік в) безді эпителийден дамитын қатерлі ісік
- •D) дәнекер тінінен дамитын қатерсіз ісік
- •61. Атеросклероз кезінде қандай тамырлар зақымданады:
- •Аралық бақылауға арналған тесттік тапсырмалар
- •Аралық бақылауға арналған ситуациялық есептер
- •Емтихан сұрақтары
- •Макропрепараттар тізімі
- •Микропрепараттар тізімі
Аралық бақылауға арналған тесттік тапсырмалар
1. Төменде көрсетілген белгілерді топтап, ауруларға жіктеңіз:
1) біріншілік амилоидоз 2) екіншілік амилоидоз
|
а) ешқандай аурудың нәтижесі болып табылмайды, б) белгілі бір аурудың нәтижесінде дамиды, в) түйіндер тәрізді жиналуға бейім, г) көбінесе мезодермальді тіндер зақымданады, д) көбінесе паренхималық ағзалар зақымданады |
2. Әктенулердің белгілерін жіктеп жазыңыз:
1) петрификациялар 2) ізбестік метастаздар
|
а) кәрілік инволюция кезінде жатыр тамырларының әктенуі, б) бауыр эхинококкының әктенуі, в) остемаляция кезінде миокардтың әктенуі, г) өкпедегі туберкулез ошақтарының әктенуі, д) созылмалы дизентерия кезінде тамыр қабырғаларының әктенуі, е) қалқанша маңы безінің ісіктері кезінде ішкі ағзалардағы әктену ошақтары |
3. Аталған пигменттерге тән белгілерді атаңыз:
1) гемосидерин 2) гематоидин
|
а) құрамында темір болады, б) құрамында темір болмайды, в) физиологиялық, г) патологиялық, д) сары түсті, е) қоңыр түсті, ж) 7 күннен кейін дамиды, з) 24 сағаттан кейін дамиды |
4. Аталған процестердің белгілерін топтастырып жазыңыз:
1) гиперкальциемия 2) гипокальциемия
|
а) қалқанша маңы безінің аденомасы, б) қалқанша маңы безінің гипофункциясы, в) некроздық колит, г) тетания, д) Д гипервитаминозы |
5. Аталған процестердің белгілерін топтастырып жазыңыз:
1) қабынулық тастар 2) зат алмасулық тастар
|
а) көбінесе ұсақ, көптеген, б) көбінесе ірі, бір-бірден, в) беткейі тегіс, г) беткейі кедір-бұдыр, д) кесіндіде қатпарлы, е) кесіндіде сәулелі |
6. Тамыр қабырғасындағы аталған морфологиялық өзгерістерді жіктеп жазыңыз:
1) жергілікті әктену 2) ізбестік метастаздар
|
а) атероклероздық табақшалардағы петрификаттар, б) созылмалы колит кезіндегі артериола қабырғаларындағы петрификаттар, в) кәрілік инволюция кезінде жатыр тамырларының әктенуі, г) гипервитаминоз кезіндегі өкпе артерияларының тармақтарыныңғ перификаты |
7. Тегі бойынша меланин алмасуын жіктеңіз:
1) туа пайда болған бұзылыстар 2) жүре пайда болған бұзылыстар
|
а) альбинизм, б) тоқ ішектің меланозы, в) невустар, г) лейкодерма, д) Аддисон ауруы, е) пигментті ксеродерма, ж) меланома, з) витилиго |
8.Құрамы бойынша қандай тромбтардың қай жерлерде орналасатынын көрсетініз:
1) қызыл 2) ақ
|
а) аяқ веналарында, б) митральді қақпақшалардың жармаларында, в) бас миының қатты қабықшаларының синустарында, г) қақпа венасында, д) қолқа атеросклерозында |
9. Төменде көрсетілген процесстер қандай ағзаларда дамитынын атаңыз:
1) гипертрофия 2) гиперплазия
|
а) миокард, б) көк бауыр, в) лимфа түйіндері, г) эндометрий, д) қуық қабырғасы, е) асқазан қабырғасы, ж) артерия қабырғасы |
10. Қандай ағзаларда төменде көрсетілген патологиялық процестер дамиды:
1) гангрена 2) инфаркт
|
а) бүйрек, б) ауыз қуысының шырышты қабығы, в) бас миы, г) жүрек, д) ішек, е) өкпе, ж) өт қапшығы, з) жатыр |
11. Тромбтардың түзілетін жерлерін көрсетіңіз:
1) дилятациялық 2) өршімелі 3) марантикалық 4) шар тәрізді
|
а) аневризмалар, б) қоңыр индурация кезіндегі өкпелерде, в) аяқ веналарында, г) сол жақ жүрекшеде |
12. Ісіктердің клиника-морфологиялық белгілерін жіктеңіз:
1) қатерсіз ісіктер 2) қатерлі ісіктер
|
а) ісікті алып тастағаннан кейін жиі тетастаз береді, б) жасушалар анаплазиясы, в) жасушалар полиморфизмі, г) жасушалардың жоғарғы дифференцировкасы, д) инфильтрациялық өсуі, е) сирек рецидив береді, ж) строма мен паренхиманың тепе-теңдігінің бұзылуы, з) патологиялық митоздар, и) экспансивті өсу |
13. Қатерлі ісіктерді атаңыз:
1) дәнекер тіннен дамитын 2) бұлшық ет тінінен дамитын 3) тамырлардан дамитын
|
а) лейомиосаркома, б) фибросаркома, в) полиморфты жасушалы саркома, г) гемангиоэндотелиома, д)рабдомиосаркома, е)лимфангиоэндотелиома |
14. Ісіктердің өсу белгілерін топтаңыз:
1) қатерлі 2) қатерсіз
|
а) жасушалар тамыр қабырғасына еніп өседі, б) қоршаған тіндерді бұзып өседі, в) қоршаған тіндерді басып өседі, г) пішіні дұрыс шар тәрізді, д) теттері айқын емес түйіндер түрінде, е) жасушалар қоршаған тіндерге енеді |
15. Ісіктерді жітеңіз:
1) қатерлі 2) қатерсіз
|
а) остеосаркома, б)каверналық гемангиома, в) астроцитома, г) спонгиобластома, д) хондрома, е) хорионэпителиома |
16. Атипизмнің морфологиялық белгілерін жіктеңіз:
1)тіндік 2) жасушалық
|
а) ісік жасушаларының алғашқы тіндерден күрт ерекшеленуі, б) строма мен паренхиманың тепе-теңдігінің бұзылуы, в) патологиялық митоздар, г) алғашқы тіндерге ұқсас, бірақ қалыпты емес құрылымдардың пайда болуы, д) ядролардың гиперхромиясы, е) жасушалар анаплазиясы |
17. Морфологиялық белгілерді топтаңыз:
1) гломерулонефриттің 2) пиелонефриттің
|
а) капиллярлардың базальді мембранасының қалыңдауы, б) бүйрек абсцестері, в) астаушалар мен тостағаншалардың шырышты қабықтарындағы лейкоциттік сіңбелер, г) шумақшалар капиллярларының эндотелийінің пролиферациясы |
18. Аталған ауруларға тән белгілерді жіктеп жазыңыз:
1)крупозды пневмония 2) бронхопневмония
|
а) бронх қуысында экссудат болады, б) плевропневмония, в) жедел бронхиолит, г) ошақты пневмония, д) бөліктік пневмония, е) ағымы кезеңді |
19. Бронхоэктаздардың морфологиялық белгілерін жіктеңіз:
1) ретенциялық 2) деструкциялық
|
а) цилиндрлік, б) қап тәрізді, в) іріңді бронхит, г) катаральді бронхит |
20. Аталған аурулардың қайсысы мына асқынуларға әкеп соқтырады:
1) бүйректердің біріншілік семуі 2) бүйректердің екіншілік семуі
|
а) гломерулонефрит, б) пиелонефрит, в) гипертониялық ауру, г) амилоидты нефроз |
21. Аталған өзгерістердің қайсысы қай ауруға тән:
1) жедел гломерулонефрит 2) созылмалы гломерулонефрит
|
а) шумақшалардың жеке ілмектерінің тромбозы, некрозы, б) шумақшалардың склерозы, в) шумақшалардың капсуласының қуысындағы фибринозды-геморрагиялық экссудат, г) мезангий жасушаларының пролиферациясы |
22. Цирроздардың этиологиялық факторларын атаңыз:
1) некроздан кейінгі цирроз 2) портальді цирроз
|
а) В гепатиті, б) созылмалы анемия, в) жүректің созылмалы жетіспеушілігі, г) бауырдың жедел токсикалық дистрофиясы |
23. ЖИА ауру кезіндегі миокардта дамитын морфологиялық өзгерістерді топтаңыз:
1) жедел ЖИА 2) созылмалы ЖИА
|
а) миокард инфарктісі, б) жүректің созылмалы аневризмасы, в) жүректің жедел аневризмасы, г) қайталанбалы инфаркт, д) кардиосклероз |
24. Гепатитерге тән морфологиялық белгілерді топтап жазыңыз:
1) А гепатиті 2) бауырдың токсикалық дистрофиясы
|
а) гепатоциттердің майлы дистрофиясы, б) ауқымды некроздар, в) баллонды дистрофия, г) бірең-сараң гепатоциитердің некрозы |
25. Гепатитерге тән морфологиялық белгілерді топтап жазыңыз:
1) вирусты гепатит 2) алкогольді гепатит
|
а) гепатоциттердің ақуыздық дистрофиясы, б) Маллори денешіктері, в) гепатоциттердің майлы дистрофиясы, г) Каунсильмен денешіктері, д) бұлыңғыр-шыны тәрізді гепатициттер, е) инфильтраттарда нейтрофильдә лейкоциттер |