
- •Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы
- •Жұмыс бағдарламасы
- •Астана 2008
- •Оқытудың соңғы нәтижелері:
- •Пәннің алғы реквизиттері және кейінгі реквизиттері
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •0Қытушы басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысының (осөж) тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары (сөж)
- •Білімін бағалау:
- •Құралдар мен жабдықтар
- •Берілген әдебиеттердің тізімі
- •2008-2009 Ж. Арналған оқу бағдарламасының басқа пәндермен келісім хаттамасы
Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы
Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы
Оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы
жөніндегі проректор
_______________Г.А. Жақсылыкова
“_____”______________________2008 ж
Жұмыс бағдарламасы
« Ф А Р М А К О Л О Г И Я»
Дисциплина коды Far 2209
Мамандығы : 051102 ««Қоғамдық денсаулық сақтау»
Дәрістер 10 сағ
Тәжрибелік сабақтар 20 сағ
ОСӨЖ 30
СӨЖ 30 сағ
Барлығы 90 сағ
Курс 2
Семестр I I I
Емтихан I I I
Астана 2008
Оқу бағдарламасы 2007ж жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім мамандығы бойынша ҚазММА- оқу әдістемелік ұжымымен басылымға ұсынылған және бекітілген мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес типтік оқу бағдарламаның негізінде құрастырылған
№ 3 А хаттама «22» ақпан 2008 ж.
Оқу бағдарламасы медико-биологиялық пәндердің пәндік-әдістемелік мәжілісінің отырысында талқыланды.
3 маусым 2008 ж.
№ 9 хаттама Төрағасы ____________ М.У.Дусмагамбетов
ҚазММА Оқу-әдістемелік кеңесінде
«___» __________ 2008 ж.
Хаттама №___ Төрағасы ____________Г.М. Жақсылыкова
Кіріспе.
«Фармакология» пәні барлық мамандық студенттеріне оқуға міндетті, өйткені ол дәрілік заттардың тірі ағзаларға әсері мен өзара әсерін зерттейтін ғылым, бірақ дәрілік заттардың жоғары дозасымен әсер еткенде уландырушы әсерге негізделген мүшелер мен қызметтік жүйенің жұмысында жағымсыз өзгерістер болады. Бұл құбылысты фармакологиядан бөлініп шыққан токсикология зерттейді және онымен тығыз байланыста болады.
Фармакология теориялық және клиникалық пән арасындағы байланыстырушы жүйе болып табылады. Әсіресе фармакологияның тәжірибелі медицинада маңызы зор. Жоғары әсерлі дәрілік заттардың шығарылуы арқасында фармакотерапия көптеген ауруларды емдеуде әмбебап әдісі болды.Сондықтан фармакотерапия негізін білу барлық мамандық дәрігерлеріне өте қажет.
Пәннің мақсаты: дәрілік заттардың ағзаға тигізетін әсеріне негізделген жалпы заңдылықтырды студенттерге үйрету.
Пәннің міндеттері:
рецепт және рецепт жазбасын құрастырудың негізгі қағидаларымен таныстыру;
дәрілік зат түрін таңдау және дәрілік заттардың қолдану әдістерінің жалпы қағидаларымен таныстыру;
дәрілік заттардың фармакокинетикасымен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтыры туралы көзқарас қалыптастыру;
дәрілік заттардың қассиетіне негізделген пайдалануды үйрету.
патогенді микроорганизмдердің, қарапайымдылардың, гельминттердің тіршілігін басатын дәрілік заттарды таңдауды үйрету.
дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін табу және оны жоюды үйрету.
Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент:
Білуі тиіс:
фармакология пәні мен міндеттерін ;
дәрілік зат, дәрілік түр, дәрілік препарат түралы түсініктерді ;
әртүрлі дәрілік заттардың түріне рецепт жазу ережелерін;
дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын;
дәрілік заттардың негізгі жағымсыз және кері әсерлерін;
Істей алуы тиіс:
дәрілік заттардың жағымсыз және кері әсерлеріналдын – алу және жою;
фармакологиялық әсерлер туғызатын жүйелер мен мүшелер қызметтерінде болуы мүмкін өзгерістерді болжау;
тәжірибелік фармакологияда қазіргі заманға сай теориялық концепцияларды бағалау.
Дағдыларды меңгеру тиісті:
дәрілік заттардың қолайсыз әсерлерін түзету және улану болған жағдайда оларды пайдалана білу;
фармакология бойынша жаңа білімдерді өз бетімен ала білу және ғылыми әдебиеттерді рефераттау.