Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
845.82 Кб
Скачать

8. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993

2. Әбсаттаров Р.Б. Әлеуметтану. Сұрақтар мен жауаптар. Алматы, 1999.

3. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. А., 2007.

4. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002.

5.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: Оқу қуралы. – А: Экономика 2004ж -208б

6. Тұрғанбаев Ә.Х. Социология (лекциялар курсы). Алматы, 1993

7. Кравченко А.И. Социология. М, 2003.

8. Бабосов Е. Практикум по социологии. Минск, 2003.

9. Казринова Н., Филатова О., Хренов А. Практикум по социологии. Астана, 2000.

10 Тажин М Cоциология: Оқулық / редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004. – 506 бет.

11. Социология: лекциялар курсы. – А: Білім, 2001, -160б.

12. Социология. Электронный учебник // Составитель Михнова С.А. Астана, 2003.

13. Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001.

14. Әлеуметтану. Оксфордық сөздік. А., 2002.

15 Радаев В.В. Экономическая социология. М., 1998.

16. «Саясат», «Мысль», «Социологические исследования», «Вестник МГУ, серия социология и политология» деген ғылыми басылымдар.

Қосымша әдебиеттер:

17. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: Демократическая модернизация общества переходного периода. А.: 1997

18. Қазақстан – 2030. Стратегиялық бағдарлама А.: 1997

19. Қалмырзаев Ә. Біз, қазақ ежелден еркіндік аңсаған. А.: 1998

20. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А.: 2001

21. Тасмағамбетов И.Н. Социально-политическое обновление Казахстана: тенденции и перспективы. А.: 1996

22.Гидденс Э. Социология. Чел. 1991.

23. Смелзер Н. Социология. М. ,1994.

24. Горшков М.К. Некоторые методологические аспекты анализа среднего класса в России // Социс, 2000 №3

25. Григорьев С.И. Смена научных картин мира и социология // Социс, 2000 № 9

26. Качанов Что такое социологическая теория // Социс, 2002 № 12.

27. Новикова С.С. Особенности развития социологической мысли в России // Социс, 2002 № 10.

28. Артемьев А.И. Тұлға социологиясы. Алматы, 2003

9.Курстың саясаты

  1. Сабаққа кешікпеу.

  2. Ұялы телефонды сөндіру және өзге жұмыстармен айналыспау.

  3. Сабақтан қалмау керек, қалған жағдайда себебін көрсететін құжат алып келуге тиіс.

  4. Оқу жағдайында белсенді болу керек.

10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат

Бақылаудың мазмұны:

1.Ағымды бақылау:

- Дәріс сабағына қатысу (6)

- Машықтану сабағына жақсы дайындықпен қатысу (15)

- Студенттің өзіндік жұмысын орындауы (танымдық жаттығуларды шешу және рефераттар қорғау) (18)

2. Аралық бақылау:

- ІІ бөлім арасындағы аралықты қарастыру;

- Ауызша және жазбаша түрде жүретін бақылау(20)

3. Қорытынды бақылау (40)

- Емтихан қабылдаумен өткізіледі.

11. Бағалау саясаты

Пән бойынша білімін бағалау сызбасы

Студенттің орындайтын жұмыс түрлері

балл саны

min/ max

I

Ағымды бақылау:

Дәріс:

ПЗС:

СӨЖ:

1 ұпай үздік оқыған студентке үстеме ретінде қосылады

20 / 40

3/ 6 0,4х15 = 6

7,5/15 1х15 = 15

7,5/ 15 1,2х15 = 18

1

II

Аралық бақылау:

1 аралық бақылау

2 аралық бақылау

10 / 20 10х2=20

Семестрде 2 рет аралық бақылау болады.

Барлығы:

10 / 20

III

Қорытынды бақылау:

Емтихан

20 / 40

Барлығы

50 / 100

Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы

Емтихан бағасы

балл бойынша бағасы (%)

1.

Ағымдық бақылау

Аралық бақылау

30 - 60

2.

Қорытынды бақылау

20 - 40

3.

Барлығы:

50 - 100

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

Балдардың пайыздық өлшемі

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

1-тақырып. Әлеуметтану ғылымы

1. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні

2. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі

3. Әлеуметтанудың категориялары

4. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы мен деңгейлері

«Әлеуметтану» термині - латынның «societas» қоғам және гректің «logos» ілім деген сөздерінен құралған. Демек, ол «қоғам туралы ілім» дегенді білдіреді. Қоғамды зерттейтін ғылымдар өте көп. Олардың қатарына тарих, экономика, саясаттану, этика, эстетика, психология, құқық, мәдениеттану, педогогика жатады. Бірақ олардың зерттеу объектісі бір болғанымен, зерттеу пәндері әртүрлі. Қоғамды зерттейтін жеке ғылым ретінде әлеуметтану тек ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қалыптасты және оның дамуы мен пайда болуы француз ойшылы, философ-позитивист Огюст Конттың есімімен байланысты. О. Конт бірінші болып ғылымға әлеуметтану ұғымын енгізген болатын.

Әлеуметтанудың объектісін индивидтерден және олардың қарым-қатынастарынан құралған қауымдастық, яғни, біз өмір сүріп отырған тұтас қоғам құрайды.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, қызмет етуі және дамуы, әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік қауымдастықтардың заңдылықтары туралы ғылым. Бұл ғылым қоғамның тұтастық ретіндегі (бүкіл адамзаттық) даму заңдылықтарын, сондай-ақ тар мағынада, қоғамның өзін (белгілі бір елді) зерттейді. Әлеуметтану адамдардың еркінен тыс ұйымдасқан әлеуметтік қауымдастықтармен (ұлттар, әлеуметтік топтар, аумақтық қауымдастықтар) қатар, саналы түрде ұйымдастырылған (партиялар, діни конфессиялар, әр түрлі ұйымдар) қоғамдарды да зерттейді. Тұлғаны қоғамдық қатынастардың субъектісі және нәтижесі ретінде қарастыру, сонымен бірге, адамдардың іс-әрекетін, мінез-қылықтарының заңдылықтарын зерттеу де әлеуметтанудың пәні болып табылады.

Сонымен, әлеуметтану – қоғамның әлеуметтік құрылымын, оның элементтерін, әлеуметтік институттарды және осы құрылымдарда көрініс табатын әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін ғылым.

Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері қандай? Біріншісі – теориялық-танымдық қызметі. Әлеуметтану адамдарға олардың өмірін түсіндіруге міндетті.

Әлеуметтанудың екінші қызметі – көзқарастық-идеологиялық деп аталады. Әлеуметтанудың бұл қызметінің қазіргі жаһандану дәуірінде, заманауи, дамыған, ақпараттық қоғамда атқаратын маңызы зор.

Әлеуметтанудың үшінші қызметі – сынау. Әлеуметтанулық зерттеулер өмірдің белгілі бір саласын зерттеп, талдай отырып, сол салада не болып жатқанын және қаншалықты дәрежеде қоғамның мүдделеріне сай екенін көрсетеді. Әлеуметтанудың төртінші қызметі – адамгершілік. Әлеуметтану теориялық білім мен қолданбалы зерттеулер негізінде, қоғамға аса қажетті және сол қоғамды адам өміріне қолайлы, мейірімді етуге жетелейтін құндылықтарды анықтайды.

Әлеуметтанудың бесінші қызметіне – басқару, реттеу жатады. Әлеуметтік процестер мен олардың қоғамды басқарудың барлық деңгейлеріндегі даму заңдылықтарын зерттей отырып, әлеуметтану тұтас қоғамдық ғана емес, төменгі деңгейдегі (қала, ауыл, өнеркәсіп т.б) басқару бағыттарын да белгілейді. Әлеуметтік процестерді ұтымды басқару, реттеу қоғам дамуының басты мақсаты.

Әлеуметтанудың алтыншы қызметі – болжау. Болашақты болжау қоғамның, мемлекеттің, кәсіпорынның, отбасы мен адамның экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына қатысты дәл шешім қабылдауға, сөйтіп өмірімізді саналы және ғылыми тұрғыда басқаруға мүмкіндік береді.

Категориялар жүйесі - ғылыми зерттеудің зерделенетін эмпирикалық объектілерді сипаттау және түсіндіру үшін пайдаланылатын маңызды құрал. Әлеуметтану категорияларының қатарында жалпы ғылыми, жалпы ұлттық және ерекшелік категориялар бар. Жалпы ғылыми категориялар (құрылым, функциялар, процесс, механизм, элемент, байланыс, орнықтылық, құбылмалылық, заңдылықтар, даму және т.с.с.) жалпы әдістеме тілінен алынған. Басқа гуманитарлық ғылымдарда пайдаланылатын жалпы әлеуметтік категорияларды әлеуметтану осылардан алған. Ол, мысалы, философияның (қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, қоғам, құндылық), әлеуметтік психологияның (ұжым, тұлға, мінез-құлық, уәждеу, сәйкестендіру, бейімделу, конформизм, өзара әрекет) және бірқатар басқа да ғылымдардың категорияларын пайдаланады. Сонымен қатар, әлеуметтанушылардың өзіндік жеке аппараттары - әлеуметтену, девианттылық, делинквентті мінез-қылық, интеракция, т.б. және олар күн өткен сайын артып келеді.

Сөйтіп, әлеуметтанудың категориялары - қоғамдық өмір, әлеуметтік шынайылық туралы негізгі түсініктерді ұғыну мен жалпыландыру деңгейін сипаттайтын барынша әмбебап, іргелі ұғымдар, бұлардың маңызы зор және тәжірибелік білімді жүйелеуге және ұйымдастыруға көмектеседі.

Әлеуметтанудың әлеуметтік шынайылықты зерделеуде кеңінен пайдаланылатын басты түсініктері - қоғам, жеке тұлға, әлеуметтік рөлдер мен мәртебе, әлеуметтік өзара әрекеттер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік стратификация, әлеуметтік институттар және әлеуметтік ұйымдар.

Барлық ғылымдар тәрізді әлеуметтану ғылымы да парадигмаларға сүйене отырып, әр түрлі бағыттарға бөлінеді.

Парадигма дегеніміз, ғылыми қауымдастықта зерттеу мәселелерін айқындау және оларды шешу үшін қолданылатын концепция (тұжырым). «Парадигма» ұғымын ғылымға енгізген америкалық тарихшысы әрі әлеуметтанушысы Томас Кун (1922-1994). Ол гректің «paradeigma – үлгі» деген сөзінен алынған.

Қазіргі кезде әлеуметтанудағы ілімдер мен тұжырымдамаларды, идеяларды, әдістерді екі үлкен топқа (макроәлеуметтану-тұтас қоғам немесе үлкен әлеуметтік құрылымдарды зерттеуге басты назар аударса, микроәлеуметтанудың негізгі талдау пәні - индивид) жіктейді.

Макроәлеуметтанулық парадигмаларға: құрылымдық-функциялық ілім-негізін салушы Толкотт Парсонс; неоэволюционизм ілімі; әлеуметтік өзгерістер ілімдері; әлеуметтік конфликт ілімі; құрылымдық ілім жатады.

Микросоциологиялық парадигмалар: әлеуметтік айырбас ілімі, символдық интеракциялық, феноменологиялық, әлеуметтік акционализм.

Әлеуметтану ғылымы негізінен іргелі және қолданбалы бағытта дамиды. Іргелі әлеуметтанудың мақсаты ғылыми теорияларды ұсыну, әлеуметтанудың негізгі принциптерінің дамуы болса, қолданбалы әлеуметтанудың міндеті тәжірибе жүзінде мақсатқа жетудің құралдарын іздеу. Сондықтанда әлеуметтанулық білім жүйесін теориялық және эмпириялық деңгейге бөлеміз. Теориялық әлеуметтану әлеуметтік құбылыстарды түсіндіретін ғылыми мәселелерді шешумен айналысады, яғни теорияларды ұсынады. Ал, эмпириялық әлеуметтану теорияларды тәжірибе жүзінде дәлелдеп, құбылыстарды зерттеу әдістерін пайдалана отырып, зерттеу жүргізеді. Теориялық пен эмпириялық деңгейді байланыстыратын орта деңгей ілімдері. Бұл ілімді енгізген Р.Мертон. Ол қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы адамның, әлеуметтік қауымдастықтардың және институттардың даму заңдылықтарын түсіндіреді.

2-тақырып. Әлеуметтану ғылымының даму тарихы

1.Әлеуметтануың дамуындағы классикалық кезең

2.Әлеуметтанудың модерн кезеңі

3.ХХ ғасыр әлеуметтануы

Батыс әлеуметтануының негiзiн салушы, француз философы және социологы Огюст Конт (1798-1857) болып табылады. Огюст Конт социология пәнiнiң пайда болуы мен пәндік аясының анықталуына зор үлес қосты. Ол ғылымға алғаш рет «социология» терминін енгізді.

Огюст Конт өзінің көзқарастарын «Позитивтi философия курстары» (1830-1842) деген еңбегiнде баяндады.

Конт іліміндегі тағы бір үлкен жаңалық – тарихи дамудың “Үш кезең заңы”. Әлеуметтік динамика туралы пікірін дамыта отырып ұсынылған бұл заңда “кезең” деп адам ақыл-ойының даму кезеңдері мен әлеуметтік ұйымның тарихи дамуы да айтылып отыр. Бірінші кезеңде адам да, қоғам да теологиялық (діни) сатыда тұрады. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл кезеңге рулық қоғамның авторитарлы жүйесі сәйкес келеді. Бұл саты «католиктік және феодалдық тәртіппен» аяқталады.

Екінші - метафизикалық кезең шындық ретінде қабылданатын абстракциялардың және мәнділіктердің үстем болатын сатысы. Тарихи тұрғыда бұл кезең 1300-1800 жылдарды қамтыды және ескі көзқарастардың тарих сахнасынан түсіп қалатын өтпелі дәуір болып табылады. Бұл кезеңнің аса маңызды оқиғалары – реформация, ағарту философиясы, француз революциясы.

Үшінші - позитивті саты ғылымдардың таралуы, олардың қоғамдық маңызының өсуі және позитивизм ілімінің жасалуынан басталады. Позитивті дәуірді Огюст Конт 1800 жылдан бастайды. Осы кезеңнен бастап адамзат абстракциялардан гөрі ғылыми тұжырымдарға көбірек көңіл бөле бастады. Қоғам дамуының шынайы заңдылықтарын ақыл-парасат таразына салып, бақылау арқылы зерттеуге тырысу, қоғамдық құбылыстардың ішкі себептерін айқындауға мүмкіндік береді. Позитивті саты – ең жоғары дамыған кезең. Бұл ілімді Конт әлеуметтік динамика деп атады. Әлеуметтік статикамен бірге ол социологияны құрайды.

Әлеуметтік статиканың мақсаты - әлеуметтік жүйе мен әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ететін факторлар арасындағы байланыстарды зерттеу.

Эволюциялық ойларды әлеуметтану ғылымында кеңірек дамытқан ағылшын ғалымы, философ әрі социолог Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Оның он томдыққа енген еңбектерінің арасында үш томдық «Социология негіздері», «Социология зерттеу пәні ретінде» деген еңбектері бар.

Спенсер бойынша қоғам құрылымдық-функциялық жүйе және функция құрылымның қызметін анықтайды. Оның қоғамды адам ағзасымен салыстыруы құрылым және әлеуметтік жүйе қызметін түсінуге мүмкіндік берді.

Г. Спенсердің әлеуметтану пәніне берген анықтамасын ұғынуға оның әлеуметтік институттар жөніндегі ойлары көмектеседі. Дегенмен Спенсер ілімінің өзегі болып табылатын «әлеуметтік институт» ұғымына нақты анықтама берілмеді. Ол әлеуметтік институт терминімен қатар, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік жүйе және функция ұғымдарын да енгізді.

К.Маркс (1818-1883) – тарихи материализм ілімінің негізін салушы. Маркс еңбектерінің қатарында оның көзқарастарын анықтайтын «Капитал», «Философияның қайыршылығы», «Луи Бонапарттың он сегізінші брюмерасы», «Франциядағы азамат соғысы», «Саяси экономияның сынына» сияқты белгілі еңбектері бар.

ХIХ ғасырдағы әлеуметтік ой ағымдарынан марксизмнің негізгі айырмашылығы - батыс европалық қоғамның тарихи тағдырының мәселесін шешумен тығыз байланысты болды. Конт та, Спенсер де басқа социологтар сияқты қоғамды реформалау мәселесін қойса, Маркс және оның пікірлесі Фридрих Энгельс қалыптасқан жүйені түбегейлі жою жолдарын қарастырды. Маркс европалық қоғамды көне организм деп есептеп, оның даму ресурстары сарқылды деген көзқараста болды.

Әлеуметтану тарихында Карл Маркс алғаш рет қоғамға жүйелік баға беру қажет екенін ұсынған ойшылдардың бірі. Осы негізде ол өзінің қоғамдық-экономикалық формация ілімін жасады. «Формация» ұғымы арқылы Карл Маркс қоғамның барлық жақтары туралы әлеуметтанымдық тұжырымдарды жасамақ болды. Әрбір формацияның негізінде, Маркстің ойынша, өндірістің, материалдық игіліктердің белгілі бір тәсілі жатыр.

Маркс пен Энгельс бес қоғамдық – экономикалық формацияны бөліп көрсетеді: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік. Әрбір формация тарихи прогрестің жүйелі сатыларын қалыптастырады және олардың ішіндегі ең жоғары саты - коммунизм. Осы формациялардың бір-біріне ауысып отыруы сол жүйедегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштер арасындағы қарама–қайшылықтардан туындады. Осы қайшылықтарды жеңу революциялық жолмен жүзеге асады. Сонда әрбір қоғам өндіргіш күштер дамығанша өмір сүреді. Бірақ бұл революция автоматты түрде жүзеге асады деген сөз емес. Маркстің өзі қоғамның тек экономикалық саласы емес, сондай-ақ әлеуметтік және рухани салалардағы жағдайдың пісіп-жетілуінің қажетті екендігін айтады.

Карл Маркс өзінің формация туралы ұғымын әлеуметтік тұтастықты құрайтын барлық құрылымдық элементтердің күрделі жүйесі ретінде қарастырады. Кең мағынада әлеуметтік құрылым қоғамдық өмірдің негізгі салалары арасындағы тұрақты байланыстардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі: яғни экономика, саясат, мәдениет және т.б. сонымен қатар қызмет пен әлеуметтік ұйымның түрлері ретке келтірілген жиынтығы ретінде танылады. Оның элементтері ретінде қоғамдық өмірдің жеке салалары және оған сәйкес қоғамдық институттар аталады. Қоғамды құрайтын элементтер арасындағы тұрақты заңдық байланыстар экономикалық қатынастар негізінде пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіргіш күштер негізінде құралған өндірістік қатынастар, Маркс ойынша, оларды тұтас жүйеге біріктіру арқылы қоғамдық өмірдің барлық салаларына маңызды әсерін тигізеді. Маркс әлеуметтік құрылымды, тар мағынада, әлеуметтік топтарға бөлу және олардың арасындағы тұрақты байланыстар жүйесі ретінде түсінді.

Әлемдiк ой тарихында ерекше орны бар ғалымдардың бірі - Макс Вебер (1864-1920).

Макс Вебер - классикалық социологияның көрнектi өкiлi. Оның еңбектерi экономикалық социология, дiн социологиясы, әлеуметтiк мобильдiлiк iлiмiнiң маңызды қағидаларына арналған. М.Вебердiң “Протестанттық этика және капитализмнің рухы” деп аталатын зерттеуi - веберлiк социологияның тұжырымы. М.Вебердiң рационалдылық туралы iлiмi нарықтық қарым - қатынастар кезеңiнiң қалыптасуындағы әлеуметтiк ғадеттiң өзгерiсi табиғатына ғылыми талдау болып табылады.

Оның “идеалдық типтер” туралы көзқарастары, басқаша айтқанда “ұғыну социологиясы” қоғамға идеалистiк көзқарастың айқын көрiнiсi.

Макс Вебердің әйгілі еңбегінің бірі “Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы” 1916-1919 жылдары жарияланды. Оның іргелі еңбегі “ Шаруашылық және қоғам” автор дүниеден өткеннен кейін 1923 жылы жарық көрді.

Вебер ілімінде ерекше орын алатын рационалдық, мәдени құндылықтардың экономикаға әсері жөніндегі ойлары Веберді мәдениет пен экономика арақатынасының жалпы шаруашылық дамуға ықпалын жүйелендіруді мүмкін етті. Осы тұрғыда зерттеулер әлеуметтік ғадет туралы, оның тарихи тұрғыда өзгерістеріне талдау жасау арқылы әлеуметтік ғадеттің өзгерісі сараланды. Макс Вебер әлеуметтік ғадеттің негізгі төрт тарихи түрін көрсетіп берді.

1. Аффективті ғадет - индивидтің табиғи, жыныстық табиғатына жақын, санадан тыс іс-әрекет.

2. Дәстүрлі ғадет. Топтағы қарым-қатынастар, салт-сана, дәстүр арқылы реттеледі.

3. Рационалды ғадет. Ғадеттің бұл түрін Макс Вебер екіге бөліп көрсетті. Ол: құндылықты-рационалды, мақсатты-рационалды. Әлеуметтік ғадеттің дәстүрлі түрі дәстүрлі қоғамға тән болса, рационалды ғадет нарықтық қарым-қатынастар кезеңіне тән. Олай болса шаруашылық қарым-қатынасы әлеуметтік мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес келіп отырады.

Макс Вебер айналысқан мәселелердің арасындағы маңыздыларының бірі - әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация. Макс Вебердің әлеуметтік стратификация ілімінің жалпы социология ғылымының дамуында зор үлесі бар. Вебер “әлеуметтік мәртебе”, “тап”, “топ”, “билік”, “бюрократия” ұғымдарына талдау жасады.

Эмиль Дюркгейм - социологияның негізін салушылардың бірі. Социологияның ғылым және пән ретінде дамуына зор үлес қосты. 1896 жылы ол Франциядағы бірінші социология кафедрасына меңгеруші болды. 1898-1913 жылдар аралығында «Социологиялық жылнама» журналын басқарды. Осы жылдары француз социологиялық мектебі пайда болды. Оның негізгі еңбектері:«Қоғамдық еңбектің бөлінісі туралы» (1893), «Социологиялық әдістің ережелері» (1895), «Өзін-өзі өлтіру » (1897), «Діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912).

Дюркгейм социологиясын түсіндіру үшін әдетте «социологизм» деген ұғымды жиі пайдаланады.

«Социологизм» қоғамдық сананы жеке әлеуметтік құбылыс дәрежесіне көтеретін сапалық қасиеттерді анықтайды. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтік өмір индивидтердің өзара қарым-қатынасы мен ассоциацияларының өзара әсері мен байланыстары нәтижесінде пайда болды. Осыған қарамастан Эмиль Дюркгейм индивидтерге қоғамда үстем ететін күш бар деп есептеді.

Субъектілерге тәуелсіз әлеуметтік фактілерді мойындау және объективті әдістермен зерттелуі тиіс «заттар» ретінде қарастыруды Дюркгейм жаратылыстану («позитивті») ғылымдарының принциптерін ұстану деп түсіндірді.

Кез-келген дәл анықталған немесе анықталмаған, бірақ индивидке сырттай қысым көрсететін және одан тәуелсіз өмір сүре алатын әрекет әлеуметтік факт болып табылады. Индивид дүниеге келгенде заңдар мен салт, ғадет ережелері, діни сенімдер мен дәстүрлер, тіл, ақша оның санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Осы ой, әрекет және сезім үлгілері тәуелсіз, объективті және индивидтерді белгілі бір әрекетке итермелеп қысым көрсетеді. Міне осылайша әрбір адам әлеуметтік қысымды сезінеді.

Әлеуметтік фактілер объективті түрде, мысалы объективті мәліметтер негізінде қаралуы тиіс. Айталық Эмиль Дюркгейм «Өзін-өзі өлтіру туралы» деген еңбегіндегі түйіндерді статистика негізінде жасайды.

Дюркгеймнің “социологизмі” қоғамдық ынтымақтастық идеясын негіздеуге мүкіндік берді. Механикалық ынтымақтастық архаикалық, дәстүрлі қоғамға тән. Жеке дамудағы шектеулік индивидтердің және олардың функцияларының ұқсастығымен ерекшеленеді. Органикалық ынтымақтастық қазіргі заманғы қоғамға тән және еңбек бөлінісіне негізделген. Адамдардың өз қызметі нәтижелерімен айырбас жасауы - олардың бір-біріне тәуелділік тудырады.

Дюркгейм қоғамның құндылықты-нормативті жүйесіндегі дағдарысты, ретсіздікті түсіндіру үшін әлеуметтануға «аномия» ұғымын енгізді. Аномия ұғымының тереңірек түсіндірілуі мен дамуы оның «Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтанулық этюд» еңбегінде айқын байқалады. Ол өзін-өзі өлтіруді зерттей келе оның төрт түрін бөліп көрсетті: эгоистік, альтруистік, аномиялық және фаталистік.

ХХ ғасырдағы жаңа әлеуметтану алдыңғы ілімдерге сүйене отырып, өзінің дамуы барысында, зерттеу аясын кеңейтті. Заманауи әлеуметтанудың негізгі бағыттары:

Символдық интеракция ілімі – Ч. Кули мен Дж. Мид. Зерттеу пәні - әлеуметтік өзара әрекет.

Индустриялық әлеуметтану. Э. Мейо атақты «Хоторон экспериментін» жүргізу арқылы «адамгершілік қарым-қатынас» доктринасын ұсынды.

Феноменологиялық әлеуметтану (ХХғ. 50 жылдары). Оның негізін салушы америкалық әлеуметтанушы Альфред Шюц. Феноиенологияның пәні – күнделікті өмір мен әрекет, әлем мен адам туралы көзқарас.

Этнометодология Г.Гарфинкельдің ілімі. Адам әрекетінің түрткісі күнделікті өмір тәжірибесінен туындайды.

Құрылымдық-функциялық (ХХғ. ІІ жартысы). Өкілдері Т.Парсонс, Р. Мертон.

Конфликт ілімі ХХғ. 60 жылдары кеңінен тарады. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері: Р.Миллс, Р.Дарендорф, Л.Козер

70 жылдары неміс әлеуметтанушысы Никлас Луман ұсынған жүйелік бағыт кең өріс алды.

Жалпы ХХ ғасыр әлеуметтануында ерекше орын алатын ол, Эммануил Валлерстайнның әлем жүйе ілімі.

3-тақырып. Эмпириялық әлеуметтану

1.Эмпириялық әлеуметтанудың даму тарихы

2.Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер

3.Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы

4.Әлеуметтанулық зерттеудің әдістері

ХIХ ғасырдағы әлеуметтанулық ағымдар жаңа ғылымның іргетасын қалады. Осы мектептердің бәріне тән ортақ белгі – теориялық мәселелерге көбірек көңіл бөлу болды. ХХ ғасырдың басында теориялық тым басым болуына қарсы эмпириялық ағым пайда болды.

Эмпириялық мектеп екі бағытта: академиялық пен қолданбалы бағытта дамыды. Біріншісі тікелей жеке салалардағы әлеуметтік мәселелерді зерттесе, екіншісі осы зерттеулерді белгілі бір мәселені шешуде пайдалануды ұйымдастыру керек болды. Осылайша ғылымда әлеуметтік инженерия деген ұғым пайда болды.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы америкалық әлеуметтану мен эмпириялық әлеуметтану ерекше орын алды. Америкалық эмпириялық әлеуметтануда айрықша орын алатын жұмыс – «Европа мен Америкадағы поляк шаруасы» деген еңбек. Оның авторлары – У.Томас пен Ф. Знанецкий.

Эмпириялық әлеуметтанудың дамуына үлес қосқан Чикаго мектебі деген атпен белгілі америкалық ғалымдар Смолл, Винсент, Хендерсон, Томас, Уорд, Самнер, Гидденгс, Росс, Кули. Бұл мектептің негізін салған – Р. Парк. Парктің әлеуметтік-экологиялық ілімі қоғамның жеке құбылыстарын, қоғамдастықтарын зерттеуге негіз болды. Мысалы, Эрнст Берджесс (1886-1966) дамытқан қала социологиясындағы қолданбалы зерттеулер күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның 1923-1924 жылдары жасаған Чикаго қаласының әлеуметтік зерттеулер «картасы» бойынша қала 75 «табиғи зонаға» және үш мың локальды қауымдастықтарға бөлінеді. Берджесс ішкі бақылау, талдау, құжаттарды талдау, сұқбат әдістерін пайдаланды.

Ал Гарвард университетінде Бизнес мектебінің профессоры Эльтон Мэйоның (1870-1949) арқасында индустриялық әлеуметтану дамыды. Оның өкiлдерi әлеуметтiк құрылымды, кәсiпорындағы еңбек ұйымдарындағы, фирмадағы адамдардың еңбек қатынастарын зерттеумен айналысады. Бұл зерттеулердiң негiзгi мақсаты – өндiрiстiң және еңбектiң тиiмдiлiгiн көтеру үшін тәжірибелiк кепiлдеме жасау болып табылады.

Индустриялық әлеуметтану ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басында бастапқы ғылыми менеджмент iлiмiнiң негiзiнде пайда болды. Ғылыми, менеджменттiң негiзiн әйгiлi американдық инженер – зерттеушi және өндiрiстi ұйымдастырушы Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915) салған.

Индустрияның дамуына байланысты өндірістегі шағын топтардағы қарым-қатынасты зерттеуде Я.Морено социометрия әдісін ұсынды.

Нақты социологиялық зерттеулер түрінің бірі – пилотаждық әлеуметтанулық зерттеу немесе барлау, басқаша айтқанда алдын-ала зерттеу.Оның мақсаты – алғашқы әлеуметтанулық мәліметтерді жинақтау әдістері мен құралдарын тексеруден өткізу. Тексеру адамдардың шағын тобында қарапайым бағдарламаға негізделіп ұйымдастырылады. Барлап зерттеудiң тағы бiр түрi – экспресс-сұрау салу. Бұл әдiс белгiлi бiр ақпарат жылдам қажет болған кезде қолданылады. Мысалы, өзектi де тосын оқиғалар туралы әлеуметтiң пiкiрiн бiлу керек болған кезде.

Сипаттаушы әлеуметтанулық зерттеу – зерттелiп отырған құбылыс пен оның құрылымдық элементтерi жөнiнде салыстырмалы түрде бiртұтас түсiнiктi құруға мүмкiндiк беретiн зерттеудiң күрделi түрi. Мәлiметтердi жан-жақты талдап, оны түйсiну қоғамдық, әлеуметтiк процестердi басқару түрлерi мен әдiстерi, құрылымдарды талдауды терең негiздеуге мүмкiндiк бередi.

Сипаттаушы зерттеу толық және тыңғылықты дайындалған, сынақтан өткен әдiстеме негiзiнде ғана жүргiзiледi. Көбiнесе бұл зерттеу сапалық сипаттамалары әртүрлi үлкен топтарды (мысалы, iрi кәсiпорын ұжымы, қала халқы және т.б.) зерттегенде қолданылады. Мұндай жағдайда объектiнiң құрылымында бiртектi топтарды анықтау қандай да болмасын белгiлердi бағалауға, салыстыруға және құруға, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкiндiк бередi.

Аналитикалық-әлеуметтанулық зерттеу – зерттелiп отырған объектiнi сипаттап ғана қоймайды, оның қызмет етуiнiң себептерiнiң сандық-сапалық өлшемдерiне терең талдау жасайды.

Аналитикалық зерттеу барысында құбылыстың мәндi, себептi байланыстары анықталады да, осыдан оның өмiр сүруiне ықпал ететiн негiзгi және негiзгi емес факторлар келiп шығады. Аналитикалық зерттеу бағдарламасы мен әдiстерi мұқият дайындалады. Осы зерттеу түрлерiне эксперименттiк, нүктелiк зерттеудi, қайталап зерттеудi және панельдiк зерттеудi жатқызамыз.

Нүктелiк (немесе бiр реттiк) зерттеу – объектiнi зерттеу кезiндегi оның күйi мен сандық көрсеткiштерi жөнiнде мәлiмет бередi. Бұл мәлiмет тұрақты сондықтан да объектiнiң дамуы жөнiнде ешбiр мағлұмат бере қоймайды. Объектiнiң даму тенденциялары жөнiндегi мәлiметтер белгiлi бiр уақыт аралығында бiр бағдарлама негiзiнде сол әдiстер арқылы жүргiзiп отыру арқылы жинақталмақ. Бұл зерттеулер қайталанатын зерттеулер деп аталады. Уақыттың ұзақтығы зерттеудiң мақсаттары мен алғышарттарына байланысты.

Қайталанатын зерттеулердiң ерекше түрi - панельдiк зерттеу.

Кез келген әлеуметтанулық зерттеудi бастамас бұрын оның бағдарламасы жасалуы тиiс. Зерттеу бағдарламасы тиянақты баяндалған екi бөлiмнен тұрады:

1. Әдiснамалық бөлiмде зерттелiнетiн мәселе, негiзгi объектi мен пәні анықталады, зерттеудiң мақсаты, мiндеттерi көрсетiледi, негiзгi ұғымдар түсіндіріледі, болжамдар жасалады.

2. Әдiстемелiк бөлiмде зерттелiнетiн жиынтық анықталып, мәлiметтердi жинау әдiстерi көрсетіледі. Алғашқы социологиялық мәлiметтердi жинақтаудың бiрнеше негiзгi әдiстерi бар.

Құжаттарды талдау. Бұл - бақылау мүмкiн емес тарихқа айналған өткен оқиғалар туралы мәлiмет алуға мүмкiндiк беретiн әдiс. Көбiнесе мұндай құжаттар ретінде: хаттамалар, шешiмдер, мақалалар, хаттар, өмірбаяндардың мәтiндерi алынады. Осы әдiстi алғашқы болып қолданғандар деп америкалық социологтар У.Томас пен Ф.Знанецкий ’’Европа мен Америкадағы поляк шаруасы’’ деген зерттеуді айтуға болады.

Контент талдау - құжаттарды талдаудың ерекше түрi. Бұл әдiс бұқаралық ақпарат құралдары материалдары арқылы мәндiк бiрлiктердің сандық есебiн көрсетедi.

Сұрау – алғашқы мәлiметтердi жинақтау әдiсiнiң ең кең тараған түрi. Сұрау барысында социолог әлеуметтiк процеске тiкелей қатысы бар тұлғамен жұмыс iстейдi. Арнайы дайындалған сұрау жүргізуші социолог интервьюер, ал ақпарат беруші респондент деп аталады. Бұл әдiс тiкелей бақылау қиындық туғызатын тұлғааралық қарым - қатынастарды зерттеуге мүмкiндiк бередi. Әлеуметтанулық зерттеудегi негiзгi мәселе – зерттелiнетiн жиынның репрезентативтiлiгiн қамтамасыз ету, себебi мәселенiң жан-жақты қаралуы үшiн саналуан әлеуметтiк топтардың өкiлдерi қатысуы тиiс. Алынған мәлiметтердi өңдеуде математикалық-статистикалық әдiстер қолданылады.

Социологиялық сұрау салудың екi негiзгi түрi бар: сауалнама және сұқбат.

Сауалнаманы респонденттiң яғни жауап берушiнiң өзi толтырады немесе сауалнама алушымен отырып толтырады. Сауалнама түрлерiне қарай жеке және топтық болып бөлiнедi. Топтық сауалнама бiр мезгiлде көптеген адамның пiкiрiмен танысуға мүмкiндiк бередi.

Сауалнаманы сырттай жүргiзу әдiстерiне пошталық, телефонмен, БАҚ арқылы сұрау салу жатады.

Сауалнаманың негізгі құралы – анкета. Анкета дегеніміз орта есеппен отыз-қырық сұрақтан құралған, машинкамен немесе компьютермен көбейтілген жауап парағы. Анкетада қойылатын сұрақтардың түрлері:

- Білім туралы сұрақтар респонденттің ақпаратты иеленуі немесе зерттеліп отырған мәселе туралы білімін тексеру үшін қойылатын сұрақтар. Бұл сұрақтар «Сіз білесіз бе?» деп қойылады.

- Бағалау сұрақтарының міндеті респонденттің зерттелетін құбылыс, мәселе немесе жағдай туралы пікірін білу. Ол үшін «Сіз қалай бағалайсыз?», «Сіз қалай ойлайсыз?», «Сіздің пікіріңіз?» деген тіркестер қолданылады.

- Құрылымына байланысты: ашық, жабық, аралас.

Ашық сұрақтар дегеніміз респонденттің өз жауабы, ал жабық сұрақтарда жауаптың бірнеше нұсқасы көрсетіліп, респондент солардың ішінен біреуін таңдауы қажет болатын сұрақтар. Аралас сұрақтар берілген жауаптың нұсқаларымен қатар респонденттің өз ойын білдіруге мүмкіндігі бар сұрақтың түрі. Мұнда сұрақ жауаптарының соңында Басқасы деген жол қалдырылуы керек.

- Дихатомды сұрақтар “иә” және “жоқ” деген екі жауаптан тұрады.

- Бағалау шкалалары бойынша сұрақтар. Респондентке қандайда бір жағдайды немесе құбылысты өзі үшін маңыздылығына байланысты бағалауға тура келетін сұрақтар. Мұндай сұрақтар «Сіз үшін маңыздылығы?» «Сіз қалай бағалайсыз?» немесе «балдық жүйемен бағаңызды берсеңіз» деп қойылады.

Бағалау шкалалары:

  • Өте маңызды-маңызы бар-азғана маңыздылығы бар-маңызды емес.

  • Толық келісемін - келісемін деуге болады - келіспеймін деуге болады- мүлдем келіспеймін- жауап бере алмаймын

  • Өте жақсы-жақсы-қанағаттанарлық-нашар-өте нашар.

  • Он немесе бес балдық жүйе бойынша 1 ден (5) 10 дейін бағалаңыз. Бұл жерде 1 өте төмен, 5 немесе 10 өте жоғары.

- Жанама сұрақтар. Кейде тіке сұрақтарды қою қиындығы туындаған жағдайда немесе оларды тікелей сұрау арқылы нақты жауап алу мүмкін болмаса жанама сұрақтар қойылады. Сұрақтар келесідей жасалуы мүмкін. «Сіз осы пікірмен келісесіз бе?», «Қалыптасқан пікірге байланысты...», «Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз?»

- Жағдайлық сұрақтар. Респонденттің берілген жағдайдағы іс-әрекетін білу мақсатында қойылатын сұрақтар. Негізінен олар мынандай формада жасалады.“Егер сіз ... болсаңыз, Сіз не істер едіңіз?”, “Сіз бұл мәселені қалай шешер едіңіз”.

- Атқаратын қызметіне байланысты: сүзгіш сұрақтар, бақылау сұрақтары, қақпан сұрақтары.

Сүзгіш сұрақтар нақты жауап беретін респондентті таңдауға көмектеседі, басқаша айтқанда зерттеліп отырған мәселеден хабары жоқ адамды сұрастырудың мәні жоқ деуге болады.

Бақылау сұрақтары респондент жауабының шынайылығын тексеру мақсатында қолданылады. Бақылау сұрақтары негізгі сұрақтармен жұптасып қойылады және олардың арасында өзге бес-алты сұрақ болуы шарт. Себебі, респондент әрбір сұраққа жауап берген кезде алдыңғы сұрақтың ықпалында болады.

Қақпан сұрақтардың міндеті де алынған ақпараттың шынайылығын дәлелдеу. Бірақ бақылау сұрақтарынан айырмашылығы қақпан сұрақтарда берілген ақпараттың қателігінде.

Сұхбат өте тиiмдi де ұтымды әдiс. Бiрақ ол қымбат тұрады, себебi уақыт алады, сондықтан сұқбат көбiне iрi мамандар, басшылардың, сарапшылардың арасында ғана жүргiзiледi.

Бақылау – социологиялық мәлiметтердi жинақтаудың әдiстердiң iшiндегi ең қарапайым түрi. Ол iштей және сыртқы болып екiге бөлiнедi.

Социологиялық зерттеудiң тағы бiр түрi – эксперимент. Ол объектiнiң қалыпты күйiн эксперименттi, яғни белгiлi бiр әлеуметтiк ортаны жасау арқылы өзгерту.

4-тақырып. Қоғам жүйе ретінде

1.«Қоғам» ұғымының мәні және түсінігі.