Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
845.82 Кб
Скачать

Әлеуметтану пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий)

Агломерация – (латынша қосылу, толу деген мағынада) ортақ территориялық-өндірістік кешен негізінде қалыптасқан, өзара байланысқан қалалық және ауылдық тұрақтардың жиынтығы.

Аксиология – құндылық туралы ілім.

Альтернатива – (латынша екеуінің бірі деген мағынада) «немесе-немесе» принципі бойынша құрылған дамудың нұсқалары, бірақ бірі екіншісін жоққа шығаруы мүмкін.

Анкета – (французша ) ережелер бойынша жауап берушінің өз бетімен толтырған сұрақ парағы.

Аномия – (грекше а-жоққа шығару, nomos-заң деген мағынада) қоғамның құндылықты-нормативті жүйесіндегі ауытқушылықтың түрлерін білдіреді.

Антропология – адам туралы ілім.

Әлеуметтік динамика – (динамика грекше күш деген мағына береді) О.Конттың қоғамды даму, өзгеріс категорияларымен зерттеу бағыты.

Әлеуметтік денсаулық – адамның қоғамдық жағдайдың өзгеруіне икемдене алуы, және сол өзгерістерді өз пайдасына жарата білу жайы. Бұл ұғымды ғылымға Э. Дюркгейм енгізген.

Биография – (грекше өмірді сипаттау деген мағынада) индивидтердің өмір жолын зерттеуде қолданылады.

Бихевиоризм – (ағылшынша тәртіп деген мағынада) оқиғаны немесе әлеуметтік топтың тәртібін зерттегенде оған қатысты адамдардың тәртібін жекелеп зерттеу арқылы шындыққа көз жеткізуге болады деп дәлелдейтін әлеуметтанудағы ғылыми бағыт.

Буржуазия – (француз сөзі) еркін қалалықтардан шыққан қоғамның ортаңғы немесе жоғары табын құрайтын, негізгі құндылықтары индивидуализм, кәсіпшілдік, жеке пайда болып саналатын әлеуметтік топ.

Бюрократия – (французша бюро, кеңсе және грекше билік деген мағына береді) басқару құрылымының ерекше жүйесі. Негізгі белгілері: мемлекеттік қызметкерлердің жоғары мәртебені иеленуі, атқарушы биліктің заң шығарушы биліктен алшақтауы, басқарудың тұлғасыз жүйесі, іс-қимылдың маңыздылығын көрсететін қызметтке тәуелділік жүйесінің болуы.

Верификация – (латынша дәлелдеу деген мағынада) әлеуметтанулық гипотезада бағалау процедурасы.

Генетикалық әдіс – (грекше шығу тегі деген мағына береді) әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді олардың шығу тегіне сараптама жасай отырып зерттеу әдісі.

Гипотеза – (грекше негізі, алғашқы ой деген мағына береді) толық дәлелденбеген жағдайда немесе эмпирикалық және логикалық негізі жоқ кезде деректерді бекіту.

Демография – (грекше халық және жазамын деген сөздерден құрылған) халықтың өсімін зерттейтін ғылым, бағыт.

Демократия – (грекше халық және билік деген сөздерден шыққан) мемлекетті көпшіліктің мүддесін жоғары қоятын қазіргі таңдағы тиімді басқарудың түрі.

Идеал – (грекше идея, бейне деген мағынада) адамның топтың ұмтылысын анықтайтын жоғарғы мақсат, жетістік өлшемі, үлгі.

Идентификация – (латынша сәйкестендіру, тура сай қылу) әлеуметтік рөлдерді меңгері, адамның өзін басқа адаммен ұқсас қылдыруы. Қоршаған ортадағы құндылықтарға байланысты өзіндік бейнені қалыптастыру.

Иерархия – (грекше әулие билік деген мағынада) бағынуға негізделіп құрылған күрделі әлеуметтік жүйе, онда төменге деңгейдегілердің тәртібін жоғары деңгейдегілер бақылайды.

Индивид – (латынша бөлінбейтін, кісі) халықтың, қоғамның, топтың жеке мүшесі. Әлеуметтануда адам ұғымынан жоғары тұрады.

Интеграция – (латынша толығу немесе тұтас деген мағына береді) осыған дейін бір тәртіпке келмеген оптардың бірігкуі, жүйелене жинақталуы.

Интеллигенция – (латынша түсінетін, білетін, ақылды деген мағына береді) ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың әлеуметтік қабаты.

Интервью – ағылшын сөзі, мақсатты түрде бағытталған әңгімелесу. Оның мақсаты – алдын ала құрылған бағдарлама бойынша сұрақтарға жауап алу.

Инфрақұрылым – (төмен, асты деген мағынада) экономикалық және әлеуметтік қатынастардың нәтижесінен қалыптасқан, тұтынушыларға қызмет көрсетуге бағытталған мекемелердің, транспорттық құралдардың және т.б. жиынтығы.

Капитализм – (немісше басты деген мағына береді) маркстік ғылыми теорияда кездесетін қоғамды-экономикалық формация.

Контент-сараптама (анализ) – (ағылшынша мағына дегенді білдіреді) әлеуметтік ақпарат мазмұнын сандық әдіс арқылы зерттеу.

Латентті сараптама – (латынша көрінбейтін, жабық деген мағынада) эмпирикалық талдауда көзге көрінбейтін мәліметтің бар екеніне назар аудару. Бұл әдісті американдық әлеуметтанушы П. Лазарсфельд ұсынған, Әлеуметтік құбылыстардың сапалық жағынан өзгеруін сандық өлшеммен зерттеу.

Қызмет – тұтастықтың бір бөлшегі ретінде оның бөлшектерінің өз міндетін, рөлін атқаруы.

Респондент – (ағылшынша жауап беру деген мағына береді) анкета және интервью сұрақтарына жауап беруші адам.

Социометрия - (латынша ортақ және грекше өлшем деген сөздерден құрылған) кіші топтардағы тұлғааралық қатынастарды зерттеуге бағытталған әдіс.

Социум – (латынша біріккен, ортақ деген мағына білдіреді) өзара қарым-қатынастағы тұрақты адамдардың бірлестігі.

Статус – (латынша жағдай деген мағынада) әлеуметтік топтың немесе адамның қоғамдағы орнын анықтайтын категория.

Стереотип – (грекше қатты және қолтаңба деген сөздерден тұрады) әлеуметтік объект туралы схемалық, білімге негізделмеген түсініктердің қалыптасуы.

Стиль – (грекше сөзбе сөз түзу шыбық деген мағынада) тұрақты мінез-құлық, іс-әрекет, әдеттердің жиынтығы.

Стратификация – (латынша қабат және жасау деген сөздерден құрылған) қазіргі қоғамдағы теңсіздікті білдіретін категория.

Сциентизм - (латынша білім, ғылым деген мағына береді) мәдениетте ғылымның мәнін жоғары қоятын көзқарас.

Тест – (ағылшынша тексеру, зерттеу) тікелей зерттеуге келмейтін мәліметтерді алу үшін қолданылатын әдіс.

Технократия (грекше өнер, шеберлік және билік деген мағынада) техникалық мамандардың мемлекет басына келуін қалайтын бағыт.

Урбанизация (латынша қалалық деген мағына береді) қалалардың өсуін білдіретін әлеуметтік-экономикалық үрдіс.

Утопия – (сөзбе сөз тамаша жер деген мағынада) ғылыми-көркем шығармашылықтың бейнелі түрі, нақтылықты сынаудан пайда болған теория.

Футурология (латынша болашақ және грекше ілім, білім деген сөздерден құрылған) болашақты зерттейтін, болжам жасайтын ғылым.

Цивилизация (өркениет) – (латынша азаматтық, мемлекеттік) ғылыми және техникалық жетістікке жеткен қоғамның әлеуметтік және мәдени дамуын білдіретін даму сатысы.

Эксперимент – (латынша тәжірибе, байқап көру) бақылай және басқара алатын жағдайда жаңа мәліметтер алу әдісі.

Эмпиризм – (грекше тәжірибе деген мағынада) әлеуметтік құбылыстарды, үрдістерді объектілерді зерттегенді мәліметтерді жинау, сандық көрсеткіш категорияларымен зерттеу жүргізетін қолданбалы ғылым.

Эргономика – (грекше жұмыс және заң деген сөздерден құрылған) өндірісте, тұрмыста адамның техникалық құралдарды пайдалана отырып жұмыс жасау мүмкіндігін зерттейтін ғылым.

Этнос – (грекше тайпа, халық дегенді білдіреді) белгілі бір территорияда тарихи қалыптасқан, мәдениеті, тілі, психологиясы ортақ адамдар бірлестігі.

Этос – (грекше сипат, ғұрып деген мағына береді) белгілі бір әлеуметтік топтың мәдениетіне жалпылама сипаттама.