
- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •8. Әдебиеттер:
- •9. Бақылау:
- •1. Тәжірибелік дағдылар несеп шығару жүйесі бойынша алгоритмі
- •2. Жыныс жүйесі бойынша тәжірибелік дағдылардың алгоритмі
- •4. Тапсырманы орындау формасы:
- •8. Әдебиеттер:
- •9. Бақылау:
- •4. Тапсырманы орындау формасы:
- •8. Әдебиеттер:
- •9. Бақылау:
- •4. Тапсырманы орындау формасы:
- •8. Әдебиеттер:
- •9. Бақылау:
9. Бақылау:
СӨЖ сұрақтары емтихан сұрақтарына енгізілген.
1. «Жедел бүйрек жетіспеушілігі» туралы түсінік, классификациясы
2. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің клиникасы
1. Тақырып №3: Амилоидоздың клиника-лабораторды көріністері
2. Мақсаты: Амилоидоздың негізгі клиника-лабораторды көріністерін үйрету және білімдерін бекіту
3. Тапсырма: презентация, хаттама, альбом, ситуациялық есептер құрастыру.
- тапсырманың сұрақтары:
1. Амилоидоз туралы түсінік, клиникалық көріністері
2. Амилоидоздың құралдық-зертханалық диагностикасы
4. Тапсырманы орындау формасы:
Презентация:
1.Слайдтар көлемі: 10-нан кем емес, 20-дан көп емес.
2.Презентация 3 бөліктен тұруы қажет: 1) қойылым – бұл әсерлі де қызықты көрініс. Презентацияның бұл бөлігінің міндеті – көңілді аудару, ұсынылатын ақпаратқа деген жағымды көңіл-күй және қолайлы қабылдау жағдайын тудыру. 2) презентацияның ақпараттық бөлігі тапсырманың сұрақтарын ашатын схемалардан, суреттерден, қысқаша мәтіннен тұрады. 3) қорытындыда негізделген нәтижелер мен ұсыныстар болуы тиіс.
3.Презентацияның мақсаты мен міндеттері нақты көрсетіледі.
4.Осы сұрақ бойынша қажетті әдебиеттермен жүргізілген сараптама.
5.Презентацияда иллюстрациялар немесе мәтіндер шамадан тыс болмауы тиіс, иллюстрациялар негізделіп қолданылуы керек.
6.Аудио, бейне файлдар интеграциясын бір презентацияда көрсету
7.Түстер сәйкестігі – қараңғы фонда ашық түсті мәтін немесе ашық фонда қою түсті мәтін қолдану.
8.Соңында әдебиеттер тізімін көрсету.
Уақытымен тапсыру. СӨЖ уақытынан кешіктірілсе бағасы 1 балға төмендейді а снижается на 1 балл.
Науқасты тексеру хаттамасы.
1.Бөлімшеде науқасқа курация жүргізу. Науқасты курациялаудың қажетті мөлшері, сонымен қатар қосымша тексеру әдістері, емдеу, күту және т.б. оқу курсына байланысты және оқытушы тағайындайды.
2.Клиникалық синдромдарды/сырқаттарды анықтау.
3.Тексеру хаттамасын құру (оқу курсына байланысты жеке құрастырылады).
4.А4 форматта, Times New Roman шрифтпен, 14 қаріппен, бір жарымдық интервалда. Жиектері: сол жақ - 30 мм, оң жақ - 10 мм, жоғары, төмен - 20 мм.
5.Уақытымен тапсыру. СӨЖ уақытынан кешіктірілген болса, онда бағасы 1 балға төмендейді.
Альбом.
Альбом құру кезінде тақырыпты көрнекі құралдарды қолдана отырып ашу керек: суреттер, фотосуреттер түсініктемесімен. Жұмыс жоспары, қорытынды, ақпарат көздері жұмыста көрсетіледі. Жұмыс көлемі 7-10 бет.
Ситуациялық есептер
1.Науқастың сырқатнама тарихының схемасына сәйкес сауатты ситуациялық есеп құру (шағымдар, анамнез, ағзалар мен жүйелерді объективті тексеру, т.с.с.)
2..Медицина терминдерін дұрыс қолдану
3.Ситуациялық есептің соңында студенттің қойған диагнозының нақты тұжырымдалуы.
4.Студенттің ұсынған емдеу жоспары.
5.Қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету.
6.А4 форматта, Times New Roman шрифтпен, 14 қаріппен, бір жарымдық интервалда. Жиектері: сол жақ - 30 мм, оң жақ - 10 мм, жоғары, төмен - 20 мм.
7.Уақытымен тапсыру. СӨЖ уақытынан кешіктірілген болса, онда бағасы 1 балға төмендейді.
5. Орындау критерийлері: Сыртқы бетінде көрсетілуі тиіс: Семей қаласының ММУ, кафедра, кафедра меңгерушісі, пән, СӨЖ тақырыбы, студенттің аты-жөні, мамандық, топ, оқытушының аты-жөні.
6. Тапсыру мерзімі – Осы модуль бойынша 5-ші сабақ
7. Бағалау критерийлері – СӨЖ бағалау шакаласы бойынша бағаланады (орындау талаптарына сәйкес).