
- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Семей 2009 ж
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
3. Оқытудың міндеттері:
Студент білу керек: Анемиялық синдромының клиникалық-зертханалық сипаттамасын
Студент үйрену керек: қан түзуші ағзаларға анемиялық синдром кезінде клиникалық тексеруді бір ізділікпен жүргізу мен физикалық тексерулер нәтижесін интерпретациялау және клиникалық симптомдарды анықтауды үйрету; анемиялық синдром кезінде науқастарды сұрастырып тексеру, қарау, пальпация және перкуссия жасау бойынша дағдыларын және білімдерін бекіту. Қан түзу жүйесінің анемиялық синдром кезінде зертханалық және аспапты тексеруден алынған мәліметтерін интерпретациялауды үйрету;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Анемиялық синдром. Себептері.
Негізгі клиникалық белгілері.
Негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері: Тестілеу, ауызша сұхбаттасу, тәжірибелік дағдыларды меңгеру: анемиялық синдром кезінде науқастардан, сонымен қатар балалардан шағым жинау және физикалық тексеру жүргізу (шағын топта жұмыс жасау), қан түзу жүйесі патологиясы бойынша ситуациялық есептер шешу, шағын топтарда жұмыс атқару, клиникалық жағдайларды талдау, іскер, рольдік ойындар, ситуацияларды модель түрінде құрастыру.
6. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. - Алматы, 2005.
Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.–Астана,«Фолиант», 2007.–600 б
Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы. – Ақтөбе, 2007.
Қосымша әдебиеттер:
Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней: учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 848 с.
Лиссауэр Т., Клейден Г. Пропедевтика детских болезней, иллюстрированный учебник/ пер. с англ. под ред. Н.А.Геппе. – 3-е изд. – М., 2008. – 350 с.
Геппе Н.А. Пропедевтика детских болезней: учебник + СД.–М., 2008.– 464 с.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Тесттер:
1. Терi жабындыларында және кiлегей қабықтарында геморрагиялық ошақтардың пайда болу қай аурудың белгiсi:
1. эритремия
2. лимфогранулематоз
3. тромбоцитопениялық пурпура
4. миелом ауруы
5. псотгеморрагиялық анемия
Созылмалы миелолейкоз ауруына қан анализiнде көбiнесе қандай өзгерiстер тән:
1. шамалы лейкоцитоз, солға ауытқуымен сипатталатын нейтрофилез
2. лейкоцитоз және лимфоцитоз
3. лейкопения, лимфоцитоз
4. гиперлейкоцитоз, миелоцитоз, промиелоциттерге дейiн солға ығысуымен сипатталатын гранулоцитоз
5. лейкопения, гранулоцитопения
Мына төмендегiлердiң қайсысы жедел лейкозға тән емес
1.анемия
2.лейкопения
3.тромбоцитопения
4.бластемия
5.эритроциттардың тұну жылдамдығының артуы
Көк бауырдың шамадан тыс ұлғаюы байқалады
1.жедел лейкозда
2.созылмалы миелолейкозда
3.темiржетiспеушiлiгiнен болған анемияда
4.витамин В12(фолиево қышқылы)дефициттi анемияда
5.бауыр циррозында
Темiржетiспеушiлiгiнен болған анемияға тән емес
1.дисфагия
2.дәм сезуiнiң бұрмалануы
3.койлонихия
4.тәлтiректеп басу
5.шаш сынғыштығы және шаш түсуi
Жедел лейкозда қанда
1.жас(бласты)клеткалар және жетiлген клеткалар бар
2.жас(бласты)клеткалар,аралық және жетiлген клеткалар бар
3.тек жетiлген клеткалар ғана бар
4.аралық және жетiлген клеткалар бар
5.тек аралық клеткалар бар
Сыртқы пiшiнi әр түрлi эритроциттер қалай аталады
1.анизоцитоз
2.пойкилоцитоз
3.микроцитоз
4.макроцитоз
5.мегалоцитоз
В 12-фолий-дефициттi анемияға тән емес белгi
1.тiл ұшының құырылуы (тiл күйiп қалғандай сезiлуi)
2.-хантер глосситi-белгiсi
3.жалпақ сүйектердi соққылағанда пайда болатын ауырсыну
4.қан анализiнде мегалоцитоз
5.эритроциттердiң гипохромиясы
Ауыз дәмiнiң бұрмалануы (бор, көмiр жеуге құмарлық) қай ауруға тән
1.жедел постгеморрагиялық анемия
2.темiрдефициттi анемия
3.В 12-фолий-дефициттi анемия
4.жедел лейкоз
5.созылмалы лейкоз
Макроцитоз, мегалоцитоз, түстi көрсеткiш 1.2-1.5, Жолли денешiктерi, Кебот сақиналары сияқты қан анализiндегi белгiлер қай аурудың көрiнiстерiө
1.жедел постгеморрагиялық анемия
2.темiрдефициттi анемия
3.В 12-фолий-дефициттi анемия
4.жедел лейкоз
5.созылмалы лейкоз
1. Тақырып №3: Геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромдарының клиникалық-зертханалық сипаттамасы. Аралық бақылау.
2. Сабақтың мақсаты: фундаментальді және клиникалық пәндер интеграциясы негізінде студенттерге геморрагиялық, миело- және лимфопролиферация синдромдары кезінде науқастарды клиникалық тексеру негіздеріне үйрету, бұл геморрагиялық, миело- және лимфопролиферация синдромдар қалыптасуының патофизиологиялық механизмі мен олардың жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді түсіну негізінде оқытылады.