
- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Семей 2009 ж
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
G-041.07.01.13-2007 |
2006ж – ЖМБС( семинарлық, тәжірибелік, зертханалық) сабақтардың әдістемелік кепілдемесі |
01.08.2007ж.№01тек. |
Бет
|
Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Мамандық: жалпы медицина
Пән: Ішкі аурулар пропедевтикасы
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
3 курс
№1 – 3 (қан түзуші жүйе)
Құрастырған: ішкі аурулар
пропедевтикасы кафедрасының
ассистенті Шалгумбаева Г.М.
Семей 2009 ж
Кафедра отырысында бекітілген
16.06.2009ж.
№ 11 хаттама
Кафедра меңгерушісі, проф.: Р.М.Жумамбаева
Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды
«____» ___________ 201__ж.
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201__ж.
№____хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________
Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды
«____» ___________ 201__ж.
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201__ж.
№____хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________
Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды
«____» ___________ 201__ж.
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201__ж.
№____хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________
Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды
«____» ___________ 201__ж.
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201__ж.
№____хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________
1. Тақырып №1: Қан түзуші ағзалар патологиясы бар науқастардың клиникалық тексеру әдістері
2. Сабақтың мақсаты: фундаментальді және клиникалық пәндер интеграциясы негізінде студенттерге қалыпты және патология жағдайында қан түзуші жүйені клиникалық тексеру негіздеріне үйрету, бұл негізгі клиникалық синдромдар қалыптасуының патофизиологиялық механизмі мен олардың жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді түсіну негізінде оқытылады.
3. Оқытудың міндеттері:
Студент білу керек: Қан түзуші ағзалар патологиясы бар науқастардың клиникалық тексеру әдістерін.
Студент үйрену керек: қан түзуші ағзаларын клиникалық тексеруді бір ізділікпен жүргізу мен физикалық тексерулер нәтижесін интерпретациялау және клиникалық симптомдарды анықтауын үйрету; қан түзуші жүйесі патологиясымен науқастарды сұрастырып тексеру; тері жабынын, көрінетін шырышты қабаттарды, лимфа түйіндерінің орналасу аймақтарын, ішті қарап тексеру; лимфа түйіндеріне, бауыр, көкбауыр, сүйектерге пальпация жасау; бауыр мен көкбауырға перкуссия жасау бойынша дағдыларын және білімдерін бекіту.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Сұрастырып тексеру. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, жүрек қағу, ентігу, тез шаршағыштық, тәбеттің өзгеруі (жоғалуы немесе бұрмалануы), иіс сезудің өзгерістері, қызба, глоссалгиялар, естен тану, тері қышуы, парестезиялар, жүрістің бұзылуы. Қызыл иектің қанағыштығы, мұрыннан, асқазан-ішек жолдарынан, жатырдан қан кету. Тамақтың ауырсынуы, оң және сол жақ қабырға доғасы астындағы ауырсыну және ауырлық сезімі. Алынған мәліметтердің диагностикалық маңызы. Қан түзуші жүйесі патологиясы кезіндегі аурудың даму тарихы және өмір тарихы ерекшеліктері. Антенатальды және постнатальды даму кезеңдерінің ерекшеліктері. Қарап тексеру. Жүрісін бағалау (спастикалық атаксия). Тері жабыны мен шырышты қабат түсінің өзгеруі (бозаруы, сарғаюы, тырнақ іздерінің болуы, Хантеров глосситі, ангулярлы стоматит, Лукин симптомы, хейлит, ойық жаралар, афталар). Геморрагиялық симптомдар (петехиялар, пурпура, экхимоздар және т.б.). Тырнақтардың патологиялық өзгерістері (сынғыштық, жолақтардың болуы, койлонихиялар және т.б.), шаштың өзгерісі (сынғыштық, түсуі, жұқаруы). Перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
2. Ішті қарап тексеру (оң жақ және/немесе сол жақ қабырға астының ұлғаюы).
3. Пальпация. Сүйектердің ауырсынғыштығының диагностикалық маңызы.
4. Перифериялық лимфа түйіндерін зерттеу әдісі. Ұлғайған лимфа түйіндерінің сипаттамасы: өлшемі, пішіні, консистенциясы, қозғалғыштығы, ауырсынғыштығы, жеке орналасқан түйіннің немесе конгломераттың беті, айналасындағы тіндермен және өзара жабысуы.
5. Бауыр мен көкбауырға пальпация жасау. Гепато-, спленомегалия. Жасына сай ерекшеліктер. Диагностикалық маңызы.
6. Перкуссия. Жалпақ сүйектерді ұрғылап тексергенде ауырсыну сезімінің байқалуы.
7. Кеңейген тамыр шоғырларының енін, үлкейген бауыр мен көкбауырды анықтау әдістері және диагностикалық маңызы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
8. Аускультация. Жүрек тондары өзгерісінің, жүрек ұшында және мойындырық көк тамырда систолалық шудың, тахикардияның диагностикалық маңызы.
9. Қан түзуші жүйесінің зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері.
10. Қанның жалпы анализіндегі, коагулограммадағы өзгерістердің диагностикалық маңызы.
11. Сүйек кемігі, лифа түйіндердің пункциясы, трепанобиопсия, шеткі қанда ретикулоциттердің пайда болуы, эритроциттер пішінінің және мөлшерінің өзгерістері (анизоцитоз, микроцитоз, макроцитоз, пойкилоцитоз), ЭТЖ жоғарылауы туралы түсінік. Шеткі қандағы лейкоциттердің саны мен сапасының маңызы (лейкоцитоз, лейкопения, токсикалық түйіршіктену).
12. Қан ағу, қанның ұю, жартылай тромбопластиндік уақыттардың, фибриноген деңгейінің, протромбин индексінің диагностикалық маңызы.
13. Сүйек кемігі, лимфа түйіндері пункциясы, трепанобиопсия туралы түсінік.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері: Тестілеу, ауызша сұхбаттасу, тәжірибелік дағдыларды меңгеру: жалпы қарау, лимфа түйіндерін, бауырды, көкбауырды қарау, пальпация және перкуссия жасау (шағын топта жұмыс жасау, жұптасып жұмыс істеу).