Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод. рекомендации ССС каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
266.24 Кб
Скачать

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • Пікірталас, жұптасып жұмыс істеу, тәжірибелік дағдыларды тексеру: жалпы қарау, жүрек тұсын қарап, сипап тексеру, перкуссия және аускультация (тренажермен және шағын топта жұмыс жасау). Жүрек-қан тамыр жүйесі ауыратын науқастарды, сонымен қатар балаларды сұрастыру, объективті зерттеу, клиникалық жағдайларды талдау.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. - Алматы, 2005.

  2. Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.–Астана,«Фолиант», 2007.–600 б

  3. Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы. – Ақтөбе, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней: учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 848 с.

  2. Лиссауэр Т., Клейден Г. Пропедевтика детских болезней, иллюстрированный учебник/ пер. с англ. под ред. Н.А.Геппе. – 3-е изд. – М., 2008. – 350 с.

  3. Геппе Н.А. Пропедевтика детских болезней: учебник + СД.–М., 2008.– 464 с.

7. Бақылау – ауызша сұрау, тәжірибелік дағдыларды қабылдау.

  1. Сұрастыру. Негізгі шағымдар.

  2. Жүрек тұсының ауырсынуы

  3. Симптомның сипаты: орналасуы, мінездемесі, тарауы, ұзақтығы, физикалық жүктемеге, қобалжуға байланысты, ауырсынуды тоқтату әдістері

  4. Диагностикалық маңызы

  5. Ентігу. Ентігудің физикалық жүктемеге байланысты болуы.

  6. Тұншығу (жүрек астмасы). Уақыты және пайда болу шарттары, ұстаманың ұзақтығы және басылуы.

  7. Диагностикалық маңызы

  8. Жүрек қағуы, ретсіз соғуы. Себептері.

  9. Диагностикалық маңызы

  10. Жөтел, қан түкіру. Сипаты, пайда болу себептері, диагностикалық маңызы.

  11. Ісіктер. Орналасуы және сипаты.

  12. Балалардағы ерекшеліктері

  13. Жүрек патологиясымен науқасты қарап тексеру: сана сезімі, төсектегі жағдайы, дене құрылысы, тері жабындыларының түсі. Ісіктер. Анасарка. Диагностикалық маңызы.

  14. Теріс жүрек ұшының соққысы. Систолалық және диастолалық дірілді анықтау.

  15. Ірі перифериялық қан тамырларын қарап тексеру, ұйқы артериясының, басқа тамырлардың пульсациясы.

  16. Балалардағы ерекшеліктері

  17. Жүрек тұсын қарап тексеру. Жүрек шекараларының өзгеруінің диагностикалық маңызы.

  18. Жүрек ұшының, жүрек соққысының пальпациясы. Систолалық және диастолалық дірілді анықтау әдісі.

1. Тақырып №5: Жүректің аускультациясы: патологияда жүректің тоны. Жүрек шулары, диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері.

2. Сабақтың мақсаты:

Жүрек аускультациясын үйрету. Жүрек шуларын ажыратуға үйрету, олардың диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері.

3. Оқытудың міндеттері:

  • студент білуі керек: Жүрек аускультациясының әдістерін. Патологиядағы жүрек тондарын. Жүрек шуларын. Балалардағы ерекшеліктерін.

  • студент үйренуі керек: Жүрекке аускультация жүргізуді.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аускультация. Тондардың өзгеруі: күшеюі, әлсіреуі, екі естілуі, жарықшақтануы, қосымша тондар.

  2. Үш тондық ырғақтар: «бөдене», «шоқырақ» ырғақтары.

  3. Жүрек шулары. Шулардың жіктелінуі. Жүрек жұмыс фазасына шулардың қатынасы.

  4. Систолалық және диастолалық шулар. Шулардың қасиеттері: тембірлік, ұзақтылық, қаттылық.

  5. Шулар ең жақсы тыңдалатын нүктелер

  6. Функциональды шулардың органикалық шулардан айырмашылығы

  7. Қан тамырларының аускультациясы. Екі естілетін Траубе тоны, екі естілетін Виноградов-Дюрозье шуылы.

  8. Шулардың диагностикалық маңызы

  9. Балалардағы ерекшеліктері