
- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Семей 2009 ж
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау:
- •2. Сабақтың мақсаты:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
G-041.07.01.13-2007 |
2006ж – ЖМБС( семинарлық, тәжірибелік, зертханалық) сабақтардың әдістемелік кепілдемесі |
01.08.2007ж.№01тек. |
Бет
|
Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Мамандық: жалпы медицина
Пән: Ішкі аурулар пропедевтикасы
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
3 курс
№1 – 2 (жүйке жүйесі)
Құрастырған: ішкі аурулар
пропедевтикасы кафедрасының
ассистенті Мансуров Р. Ғ.
Семей 2009 ж
Кафедра отырысында бекітілген
16.06.2009ж.
№ 11 хаттама
Кафедра меңгерушісі, проф.: Р.М.Жумамбаева
Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды
«____» ___________ 201__ж.
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201__ж.
№____хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________
Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды
«____» ___________ 201__ж.
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201__ж.
№____хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________
Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды
«____» ___________ 201__ж.
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201__ж.
№____хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________
Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды
«____» ___________ 201__ж.
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201__ж.
№____хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________
1. Тақырып №1: Неврологиялық статусты тексеру әдістері. Бала шақта неврологиялық тексерудің ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: Балалық шақта неврологиялық тексеру ерекшеліктері мен неврологиялық статусты тексеру әдістерін үйрету.
3. Оқытудың міндеттері: Бала жасын есепке алып
Студент білу керек: Неврологиялық статусты тексеру әдістерін. Бала шақта неврологиялық тексерудің ерекшеліктері.
Студент үйрену керек: Науқасқа клиникалық тексеру жүргізуді.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Науқастың медициналық картасын толтыру жоспары. Мұқаба парағы. Паспорттық берілгендер. Науқасты сипаттау ережелері.
Жүйкесі зақымданған науқастарды сұрастыру..
Негізгі шағымдар: бас ауру, жүйке бағаналары мен түбіршіктер байындағы ауырсынулар, көрудің бұзылуы, қозғалыс, сезімталдылық және есте сақтау қабілетінің бұзыстары, нашар ұйқы, талу, тырыспалар және т.б. олардың пайда болу механизмдері.
Ауру анамнезі: аурудың басталу және ағымының ерекшеліктері.
Жүйке жүйесі патологиясы бар науқастарды жалпы және жергілікті қарау; балалар қарау ерекшеліктерімен.
Неврологиялық тексеру:
- Сүйек- бұлшықет жүйесін бағалау, бұлшықеттің тонусы мен күшін зерттеу.
- Аяқ-қол асимметриясы, олардың қозғалысы (салдану, парездер, гемиплегия, парапарез, гемипарез), аяқ-қол тонусы (спастикалық парапарез, гемипарез, бұлшықет ригидтілігі, контрактуралар, әлсіз парез).
-Санасын бағалау (ашық, ступор, сопор, кома, әртүрлі комалар). Глазго комасының шкаласы. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы. Демографизм түрі. Бет-әлпеті асимметриясының болуы немесе болмауы.
-Қарашықтар реакциясы (жарыққа реакциясы, конвергенциясы, ауырсыну тітіркендіргіші). Нистагм. Есту және көру жағдайы.
-Терең рефлекстерді зерттеу әдістері, жүйке бағандары және түбіршіктер бұзылған кезде пайда болатын рефлекстердің төмендеуі (гипорефлексия) және рефлекстердің жоғалуы (арефлексия). Терең рефлекстер: екі басты бұлшықетпен, үш басты бұлшықетпен, білек-шынтақ бұлшықет рефлексі, тізе рефлексі, ахилл рефлексі. Пирамидті рефлекстерді анықтау (Бабинский, Гордон, Оппенгейм, Шеффер).
-Сезімталдылықты зерттеу. Сезімталдылықтың бұзылыстары (беткейлік, ауырсынулық, температуралық, тактильді), терең (бұлшықет-байламдық, салмақ сезімі, вибрациялық). Сіңір рефлексін анықтау. Рефлекстер классификациясы: терең (сіңірлік және периостальді), беткейлік (терілік).
-Сөйлеу қабілетінің бұзылысы: моторлы афазия, сенсорлы афазия, дизартрия, ықылық, афония. Дәм және иіс қабілетінің бұзылысы. Жоғарғы ми қызметтерінің бұзылу синдромдары: афазия, апраксия, агнозия, амнезия, деменция.
-Қозғалыс координациясын зерттеу. Стато-координаторлы сынамалар: саусақмұрынды және тізе-табанды сынама, дисдиадохакинез сынамасы (жылдам альтернирлеуші қозғалыстардың бұзылуы), кері түрткі болмауының санамасы. Ромберг позасы.
-Менингеальді симптомдарды зерттеу. Мойын бұлшықеті ригидтілігін анықтау, Керниг симптомы, Брудзинский симптомы, жалпы гиперестезия.