Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЭТН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
806.91 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИИНИСТРЛІГІ

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» КАФЕДРАСЫ

КЕНЖЕБОЛАТОВА М.Ш.

МҰРСАЛОВА Х.Н.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ

пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(экономикалық емес мамандықтарға арналған)

Астана – 2009 ж.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ бекітемін

агротехникалық университетінің С.Сейфуллин атындағы Қазақ

оқу-әдістемелік кеңесінде агротехникалық университеті

Қаралып, мақұлданды оәк-нің төрағасы Хаттама № ____________________ ___________________________

______________________________ «____»_____________________

Авторлары: - Кенжеболатова М.Ш. - э.ғ.д., доцент, экономикалық теория және құқық кафедрасының меңгерушісі;

- Мұрсалова Х.Н., - экономикалық теория және құқық кафедрасының аға оқытушысы

ОӘК-не аннотация: Экономикалық теория пәні бойынша аталмыш оқу-әдістемелік кешен пәннің типтік бағдарламасына сәйкес дайындалған. Оқу-әдістемелік кешен барлық экономикалық емес мамандықтарында кредиттік жүйе бойынша оқитын студенттерге арналған.

Пікір жазғандар: - Мадиярова Д.М. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, э.ғ.д.;

- Қасқатаев Н.М. – С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Маркетинг» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к.

Экономикалық теория кафедрасының отырысында қаралып, мақұлданды. Хаттама № 4 « 21 » _ қараша 2008 ж.

Экономика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясында қаралып, ұсынылды. Хаттама № _5_ «_9_» _қаңтар__2009 ж.

© С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2009 ж.

Мазмұны

Бет

1. КІРІСПЕ..................................................................................................................3

2. СИЛЛАБУС............................................................................................................4

3. ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ.................................................................................. 20

3.1. Курстың түсіндірме сөздіктері (глоссарий).................................................... 20

3.2. Қысқаша дәріс конспектісі............................................................................... 35

3.2.1 Экономикалық теорияның пәні және әдістері............................................. 35

3.2.2 Қоғамдық өндіріс негіздері және оның құрылымы..................................... 37

3.2.3 Экономикалық жүйелердің түрлері мен олардың даму заңдылықтары.....39

3.2.4 Меншік қатынастары, кәсіпкерлік олардың экономикадағы ролі..............41

3.2.5 Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша..............43

3.2.6 Нарық және оны реттеу механизмдері. Нарық: түрлері, үлгілері...............45

3.2.7 Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері................................................47

3.2.8 Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні............................................49

3.2.9 Капитал (қорлар): Ауыспалы айналым мен айналым...................................52

3.2.10 Кәсіпорынның шығындары мен табыстары...............................................54

3.2.11 Өндіріс факторлар нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы..56

3.2.12 Ұлттық экономика жүйе ретінде қызмет ету заңдылықтары....................58

3.2.13 Жұмыссыздық пен инфляция және макроэкономикалық тұрақсыздық...60

3.2.14 Экономиканың циклдық дамуы және экономикалық өсу..........................63

3.2.15 Ақша – несие жүйесі, қаржы жүйесі.............................................................65

4. СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨОЖ).................................69

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАЛУ ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ)..........................................................................................................................82

6. СТУДЕНТТІҢ БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ..............................................................................................................92

7. АУЫЗША ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ............101

8. ЕСЕП-ЖАТТЫҒУЛАРЫ.....................................................................................103

9. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................106

КІРІСПЕ

Экономикалық теория пәні бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылымның бірі.

Курстың мақсаты: Экономикалық теориядағы нарықтық экономика мемлекеттің негізгі игілік факторына және қоғамның толық түрде алғанда дамуының негізгі ұғымдары, принциптері және заңдылықтарын оқу болып табылады.

Курстың міндеті: Экономикалық теорияны студенттің толық түрде түсінуі, оның әлемге көзқарасын қалыптастырады, экономикалық теория саласындағы теориялық және методологиялық бағыттарды бағалауға және алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, сонымен қатар экономиканы басқару, қаржы және арнайы пәндерді оқуға көп көмек береді.

Курс аяқталғанда студенттер төмендегі көрсетілген талаптарды білуі қажет:

  • экономикалық жүйелердің құрылымы және классикалық жүйелердің критерияларын;

  • экономикалық мектептердің негізгі даму бағыттары;

  • қазіргі жағдайдағы нарықтық экономиканың негізгі факторлары мен даму тенденциялары;

  • мемлекеттің экономикалық жүйесін басқару кезіндегі экономикалық саясаттың түрлері.

Оқу-әдістемелік кешен, ғылыми және статистикалық әдебиеттермен өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге дағдылайды. Оқу үрдісінде студенттерді өздігінен оқытудың маңызды нысандарының бірі – логикалық, ойлау іс-қимылдарын, қабілеттіліктерін арттыру.

Оқу-әдістемелік кешенінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • берілген тақырыптың нақты мағынасын зерттеудегі жүйелік тәсілдерді қолдана білуге бағыттар беру;

  • нарықтық экономиканың күрделі өзгерістерін жалпы теориялық аспектілерін салыстыру қабілеттілігін дамыту;

  • тақырып төңірегінде ғалым экономистердің еңбектерін, мемлекеттік құжаттарды студенттің терең білуіне үйрету;

  • тақырыптың сұрақтарын мемлекеттің ішкі және сыртқы өмірінің өзекті мәселелерімен байланыстыра алуға бейімдеу;

  • тесттік тапсырмаларды және есепті дұрыс шеше білуі тиіс;

  • студенттердің «Экономикалық теория және құқық» кафедрасы пәндерінен алған білімдерінің денгейін жоғарылату және т. б.

Аталмыш оқу-әдістемелік кешенде «Экономикалық теория және құқық» кафедрасының Экономикалық теория пәні бойынша қойылатын жалпы талаптар мен тапсырмалар қарастырылған.