Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі. (орыс топтарында).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Отан туралы.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем,

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

(М. Мақатаев)

5 - тапсырма. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз және оларды пайдаланып сұрақ қойыңыз, жолдасыңыз жауап берсін.

Үлгі: площадь – жер көлемі. Қазақстанның жер көлемі қанша? – Қазақстанның жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады.

Площадь, суверенный, поселиться, численность населения, природа, расти, полезные ископаемые, появляться, кочевой, развиваться, превратиться, первый президент.

7 – сабақ.

Грамматикалық тақырып: Септік жалғау.

Лексикалық тақырып: Астана.

Септік жалғауы сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік бар.

кесте №19

Септіктер

(Падежи)

Сұрақтары

(Вопросы)

Жалғаулары

(Окончания)

1. Атау

(Именительный)

кім? не?

(кто? что?)

2. Ілік

(Родительный)

кімнің? ненің?

(чей? чья? чье? кого?чего?)

-ның, -нің, -дың

-дің, -тың, -тің

3. Барыс

(Дательно- направительный)

кімге? неге? қайда?

(кому? чему? куда?)

-ға, -ге, -қа, -ке

-а, -е, -на, -не

4. Табыс

(Винительный)

кімді? нені?

(кого? что?)

-ны, -ні, -ды,

-ді, -ты, -ті, -н

5. Жатыс

(Местный)

кімде? неде? қайда? қашан?

(у кого? в ком? у чего? в чем? на чем? где? когда?)

-да, -де, -та,

-те, -нда, -нде

6. Шығыс

(Исходный)

кімнен? неден? қайдан?

(от кого? у кого? от чего?

из чего? откуда?)

-дан, -ден, -тан,

-тен, -нан, -нен

7. Көмектес

(Творительный)

кіммен? немен? қалай?

(с кем? с чем? как?)

-мен (менне),

-бен (бенен),

-пен (пенен)

Жаңа сабақ жаттығулар.

1-жаттығу. Астана, қала, ғимарат сөздерін септеңіз.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жазыңыз.

  1. ... «Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі» делінген.

2. 1989 жылы 22 қыркүйек... «Қазақстан Республикасы... Тіл туралы» Заңы қабылданды.

3. Қазақстан Республикасы... «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шілде... екінші рет қабылданды. «Тіл туралы» Заң... 27 бап қамтылған, ол алты тарау... тұрады

3-жаттығу. Сұрақтарға жауабын келесі бағаннан тауып,, орыс тіліне аударыңыз.

  1. Бүгін кім кезекші? троллейбуспен

  2. Мынау кімнің анатомия кітабы? Айманда

  3. Студенттер қайда бара жатыр? кітапханадан

  4. Оқытушы нені түсіндірді? Санжардың

  5. Сабақ кестесі кімде? Болат

  6. Кітапты қайдан алдың? театрға

  7. Стадионға дейін немен баруға болады? сабақты

4-жаттығу. Септік жалғауларын пайдалана отырып, үлгі бойынша шағын сұхбаттар құрыңыз.

Үлгі:

  • Бүгін кешке сен Асқарға барасың ба?

  • Жоқ, Асқармен түсте жолыққанмын. Мен кешке М.Әуезов драма театрына «Шолпанның күнәсін спектаклін көруге барамын. Өзің бармайсың ба?

  • Мен ол спектакльді көргенмін№ Сәтті қойылым, маған өте ұнады. Бүгін мен Асқардан конспект алуым керек, ертеңгі семинарға өте қажет болып тұр.

  • Онда, көріскенше.

5-жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, қай септікте тұрғанын анықтаңыз.

1. Ажарлы әйелдің аяғына жығылғанына жібіді, әрі ол баланың қайсарлығына риза болды. 2. Арман менің пәтерімді көруге келді. 3. Сен кеше студенттер жиналысында болдың ба? 3. Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді. 4. Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер. 5. Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле. 6. Канал жұмыстары аяқталар кезде, Қызылорданың алыстағы еңбеккерлері машинамен, атпен, басқа көлікпен келді.