
- •Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Танысу. Отбасы.
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Менің мамандығым
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Қазақстан Республикасының туы
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •Менің Отаным – Қазақстан.
- •Отан туралы.
- •Астана.
- •Жай септеу және тәуелді септеу.
- •Семей қаласы.
- •Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
- •Сын есімнің шырайлары кесте №24
- •Менің досым Мұрат.
- •Менің досым Марат.
- •Біздің академия
- •Сан есімнің мағыналық түрлері.
- •Есімдіктердің септелуі.
- •Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
- •3) Ауыспалы өткен шақ
- •Адам қаңқасы
- •Адам ағзасы
- •Ағзадағы аурулар.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
- •М.Д.Жороқпаева, ж.Ж.Қасенова, с.Б.Құлыспаева, ж.С.Құсайынова, а.Ш.Жылқыбаева, б.А.Жорғатаева
Менің Отаным – Қазақстан.
Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Халқының саны 15 миллионнан асады. Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр.
Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика жерінің үлкендігі соншалық – оның оңтүстігі мен солтүстігі батысы мен шығысындағы табиғаты бір-біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп, жер бетін астық жапқанда, солтүстігінде әлі қар жатады.
Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әр түрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады. Оның үстіне бұлардың барлығы да суды өте көп қажет етеді. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы – бұл аймақтың байлығы.
Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады.
Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, қорғаныс,қалайы, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер. Осыларды игеру барысында жаңа қалалар пайда болды. Олар: Арқалық, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау, Кентау, т.б.
Қазақтар бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысқан. Бүгінгі Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті де білімді елге айналды.
Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды.
______________
егеменді - суверенный
асу – превышать
мекендеу – населять
өкіл – представитель
ойпат – низменность
шың – пик
созылып жатыр – простирается
жер көлемі – площадь
өсірілу – выращиваться
аймақ – регион
жер шары – земной шар
асыл – драгоценный
мыс – медь
игеру барысында–во время освоения
пайда болу – появляться
мал шаруашылығы – скотоводство
айналысу – заниматься
дамыған – развитой
жоғары мәдениетті – высококультурный
айналу – превращаться
Мәтін тапсырмалары
1 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2 – тапсырма. Сызба арқылы өз Отаныңыз туралы әңгімелеңіз.
кесте
№18
3 – тапсырма. Мәтінге 10 сұрақ құрастырыңыз.
4 – тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттаңыз.