
- •Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Танысу. Отбасы.
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Менің мамандығым
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Қазақстан Республикасының туы
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •Менің Отаным – Қазақстан.
- •Отан туралы.
- •Астана.
- •Жай септеу және тәуелді септеу.
- •Семей қаласы.
- •Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
- •Сын есімнің шырайлары кесте №24
- •Менің досым Мұрат.
- •Менің досым Марат.
- •Біздің академия
- •Сан есімнің мағыналық түрлері.
- •Есімдіктердің септелуі.
- •Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
- •3) Ауыспалы өткен шақ
- •Адам қаңқасы
- •Адам ағзасы
- •Ағзадағы аурулар.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
- •М.Д.Жороқпаева, ж.Ж.Қасенова, с.Б.Құлыспаева, ж.С.Құсайынова, а.Ш.Жылқыбаева, б.А.Жорғатаева
Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
Ұлттық байлық дегеніміз-елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти есептеп шығарған. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та – 1805, Ресейде 1864 жылдан бастап жүргізіле бастады.
Ұлттық байлық, негізінен, мынандай салалардан тұрады: ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған барлық мұрасы, табиғат және жер асты байлығы, әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады.
Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады. Барлық ұлттық байлық мемлекеттік байлық болып табылады.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Ұлттық валютамыз 1993 жылы қарашаның 15-інен бастап айналымға енгізілді.Теңге – Қазақстан Республикасының бірден-бір заңды төлем құралы.
Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
___________________
ұлттық байлық– национальное богатство
көрсеткіш – показатель
есептеп шығарған – высчитал
бағалау – оценка
мұра – наследие
жер асты байлығы – подземное богатство
бір бетінде – на одной стороне
күш-қуат - сила
құпия белгі – секретный знак
ұлы перзенттері - великие личности
басыбайлы болу–быть
зависимыми
дербес ел – суверенное государство
қамтамасыз ететін –
обеспечивающий
ықпал жасайтын – влияющий
қасиетті – святое
Мәтін тапсырмалары
1–тапсырма. Мәтіннен көптік, жіктік жалғаулы сөздерді теріп жазып, орыс тіліне аударыңыз.
2 – тапсырма. Бірінші бағанадағы сөздердің орыс тіліндегі
баламасын тауып, бағдар сызықпен көрсетіңіз.
бейнеленген богатство
басыбайлы болу власть
айрықша самостоятельный
қазына
секрет
дербес изображен
теңелу особенный
құпия соответствовать
билік зависимый
3 – тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтап, мағынасын түсіндіріңіз.
Уәде – алтыннан ......
Теңге үнемді .......
Тиыннан теңге .......
4 – тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз.
Защитные знаки, золотые монеты, мелочь, торговля, наличные деньги.
5 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мұрағат материалдары ұлттық байлыққа жата ма?
Қазақстанда археологиялық қазбалардан табылған
дүниежүзілік кереметке жататын байлықтар бар ма?
Өз отбасыңда ата-бабаларыңнан қалған қасиетті мұра бар ма?
Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма?
Кітапхана ұлттық байлыққа жата ма?
Көне кітаптар ұлттық байлық болып есептеле ме?
6 – сабақ.
Грамматикалық тақырып: Тәуелдік жалғау.
Лексикалық тақырып: Менің Отаным – Қазақстан.
Тәуелдік жалғау заттың белгілі біреуге тән екендігін білдіреді.
кесте №17
Жекеше түрі.
Жақ |
Тәуелді заттың иесі |
Тәуелдік жалғаулы сөздер |
Жалғаулары |
|
Жекеше |
Жекеше |
Көпше |
||
І |
менің |
балам |
балаларым |
-м, -ым, -ім |
П сыпайы түрі |
сенің сіздің |
балаң балаңыз |
балаларың балаларыңыз |
-ң, -ың, -ің -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңыз |
Ш |
оның |
баласы |
балалары |
-сы, -сі, -ы, -і |
Көпше түрі.
Жақ |
Тәуелді заттың иесі |
Тәуелдік жалғаулы сөздер |
Жалғаулары |
|
Жекеше |
Жекеше |
Көпше |
||
І |
біздің біздердің |
баламыз |
балаларымыз |
-мыз, -міз, -ымыз, -іміз |
П сыпайы түрі |
сендердің сіздердің |
алаларың балаларыңыз |
балаларың балаларыңыз |
-ың, -ің -ңыз, -ңіз |
Ш |
олардың |
баласы |
балалары |
-сы, -сі, -ы, -і |
Жаңа сабақ жаттығулары
1- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жазыңыз.
1. Менің дос... бүгін академияға келмеді. 2. Алматының ауа рай... құбылмалы. 3. Досымның әке... – инженер. 4. Көпірдің жиек... цементпен бекітелген. 5. Сендердің ата-аналар... бүгін жиналысқа келе ме? Сіздің үй... қай жерде?
2-жаттығу. Қазақстан қалаларына тәуелдік жалғауын үш жақта жалғап, әр қаланың ерекшелігін ескере отырып сөйлем құраңыз.
Үлгі: Менің Семейім.
Менің Семейім еліміздің рухани-мәдени орталығы болып табылады.
3-жаттығу. Тәуелдік жалғаулы сөздерді қатыстыра отырып, сұхбатты өзара жалғастырып сөйлесіңіз.
Сәлем.
Қалың қалай?
Жақсы, өз денсаулығыңыз қалай?
Орынша.
Балаларыңыз мектепті қалай оқып жатыр?
Тек бестікке.
Тамаша, ал менің ағам медакадемияда, әпкем пединститутта оқиды.
Менің балаларым да жоғары оқу орнына түсуді армандайды.
..........
4-жаттығу. Ілік септігі мен тәуелдік тұлғасына мән бере отырып төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Сестрин подарок понравился всем. 2. Мы с большим удовольствием слушали тетины песни. 3. Эту историю рассказал мне твой близкий друг. 4. Отцово желание исполнилось: я стал отличником. 5. Дядино ружье висит на стене. 6. Мой отец давно на пенсии. 7. Выставки детского рисунка проходят а разных городах нашей страны. 8. Выставка картин принесла большой успех художнику. 9. Сообщение студента было интересным. 10. Наш староста предложил вчера на собрании организовать вечер казахского языка.
5-жаттығу. Тәуелденген сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлем құраңыз.
Менің қалам, сенің ауылың, сіздің кітабыңыз, оның досы, біздің академия, сендердің мектептерің, сіздердің балаларыңыз, олардың институты.