
- •Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Танысу. Отбасы.
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Менің мамандығым
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Қазақстан Республикасының туы
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •Менің Отаным – Қазақстан.
- •Отан туралы.
- •Астана.
- •Жай септеу және тәуелді септеу.
- •Семей қаласы.
- •Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
- •Сын есімнің шырайлары кесте №24
- •Менің досым Мұрат.
- •Менің досым Марат.
- •Біздің академия
- •Сан есімнің мағыналық түрлері.
- •Есімдіктердің септелуі.
- •Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
- •3) Ауыспалы өткен шақ
- •Адам қаңқасы
- •Адам ағзасы
- •Ағзадағы аурулар.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
- •М.Д.Жороқпаева, ж.Ж.Қасенова, с.Б.Құлыспаева, ж.С.Құсайынова, а.Ш.Жылқыбаева, б.А.Жорғатаева
Қазақстан Республикасының рәміздері
Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері болады. Қазақстанның да өз рәміздері бар. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты (ені 1 метр, ұзындығы – 2 метр) көгілдір мата. Көгілдір түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Дала құсы – дарқандық пен қырағылық және биікке самғау белгісі. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді.
Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс – молшылықтың, байлықтың, құт-берекенің белгісі.
Тудың авторы, сүретшісі – Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Ол – елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр. Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын көрсетеді.
Елтаңбаның мандайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Рендік бейнесі – алтын және көгілдір түсті.
Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Сөзі: Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмшия Қолдаяқов
Мәтін тапсырмалары
1-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
а) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының
авторлары кімдер?
ә) Мемлекеттік әнұраннан басқа қандай әнұран түрлерін білесіз?
б) Тек Қазақстан елтаңбасында ғана кездесетін бейне не?
г) Мемлекеттік рәміздер туралы жарлық қашан шықты?
2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз:
азаттық, ...
татулық, ...
ғажайып, ...
ардақты, ...
3-тапсырма. Мына мақалдардың мағыналарын қалай түсінесіз? Жаттап алыңыз.
1. Ер қанаты – ат
2. Көлдің көркі – құрақ
Жігіттің көркі - пырақ
3. Тұлпар – құлыннан
Батыр – баладан
4. Бірлік болмай-
Тірлік болмас
5. Бірлік еткен өзар,
Бірлеспеген тозар.
4-тапсырма. Сөздердің синонимдерін табыңыз.
Ел, таңба, шаңырақ, ұран
5-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз.
Рәміз, белгі, ұлттық, байлық, ұлттық ою - өрнек, қыран құс, аспан, тұтастық.
Қазахстан Республикасы: егеменді тәуелсіз мемлекет.
Тұңғыш президенті: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев,
1991 жылы 1 желтоқсанда
сайланған.
Конституциясы: Бірінші конституциясы 1993
жылы 28 қантарда, екінші
конституциясы
1995 жылы 30 тамызда
қабылданды.
Ұлттық ақша: теңге.
Рәміздері: елтаңба;
ту;
әнұран
5 – сабақ
Грамматикалық тақырып: Көптік, жіктік жалғаулар.
Лексикалық тақырып: Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
Көптік жалғауы сөздерге көптік мағына беретін көптік жалғаулары арқылы жасалады: -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер.
кесте №15
Егер сөздер |
Жалғаулар |
1) дауысты дыбысқа аяқталса, 2) үнді р, й, у-ға аяқталса: бала тау сай жер |
-лар, -лер жалғанады: ана-лар тау-лар сай-лар жер-лер |
1) ұяң дыбыстарға аяқталса, 2) үнді л, м, н, ң, з, ж-ға аяқталса: қаз этаж шам гүл |
-дар, -дер жалғанады: қаз-дар этаж-дар шам-дар гүл-дер |
1) қатаң дыбыстарға аяқталса, 2) орыс тілінен енген б, в, г, д дыбыстарына аяқталса: кітап мектеп клуб |
-тар, -тер жалғанады: кітап-тар мектеп-тер клуб-тар |
Жіктік жалғау – іс-әрекеттің кімге қатысты екенін білдіретін грамматикалық категория.
Қазақ тілінде есімдер де, етістіктер де жақ бойынша түрлене алады. Жіктік жалғаулары жақтық мағына берумен қатар, жекеше, көпше мағыналарды да бере алады.
кесте №16
Жақ (Лицо) |
Жекеше (Ед.число) |
Көпше (Множ.число) |
І |
-мын, -бын, -пын -мін, -бін, -пін |
-мыз, -быз, -пыз -міз, -біз, -піз |
отыр-мын, студент-пін |
отыр-мыз, студент-піз |
|
П |
-сың -сің |
-сыңдар -сіңдер |
отыр-сың, студент-сің |
отыр-сыңдар, студент-сіңдер |
|
П (сыпайы түрі)
|
-сыз -сіз |
-сыздар -сіздер |
отыр-сыз, студент-сіз |
отыр-сыздар, студент-сіздер |
|
Ш |
- |
- |
отыр, студент |
отыр, студент-тер |
Жаңа сабақ жаттығулары
1-жаттығу. Сұхбатты қазақ тіліне аударып, өзара сөйлесіңіз. Жіктік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, нешінші жақта тұрғанын айтыңыз.
Я родился в Казахстане.
Где находитсяКазахстан?
Моя страна находится в Центральной Азии. На территории Казахстана проживают 14 млн жителей.
Как выглядит степь?
Это гигантские равнины почти без растительности.
2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерге жіктік жалғауын жалғаңыз.
1. Мен баяғы Жамбыл ... , әлі сөзге даңғыл... . 2. Сен маған кім ... ? Сен менің ақылшым... , тірегім... . 3. Сіз оған қарсы ... ба? 4. Сіз сахарада менің де әңгімелесетін, жалғыз мәжілістесім есебінде қажет... , қадірлі... . 5. Екі жұмадан бері тыныш... . 6. Сіз оған міндетті емес... . 7. Біздер еңбекті сүйетін ел ... . 8. Сіз аса талантты офицер... . 9. Біз сүйеміз бейбіт күнді, бейбіт күнде туған... , Біздің өмір күндей нұрлы, бақыт құшқан ұлан...! 10. Бұл істі істеген мен Базаралы... !
3-жаттығу. Сөздердің қайсысына көптік жалғау жалғана алады. Бір бағанға жазыңыз.
Тақта, бор, ет, гүл, кілт, тұз, қол, асқазан, кісі, күріш, кесе, су, сорпа, бидай, мәдениет, ізгілік, жастық, ғалым, бәйтерек, сағат, есік, қала, кешірім, нан, сүт, қайғы, дала, қағаз, есірткі, темекі, сұлулық, ескерткіш.
4-жаттығу. Көптік жалғау жалғанған кезде көптік мағынасын бермейтін бірнеше сөздер қатарын беріңіз, сол сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
5-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерге көптік мағыналы сөздер қандай жолмен берілгенін түсіндіріңіз.
1. Жұмыскерлер түскі демалысқа келіп, үйшіктерінде, барақтарында, күрке, баспана көлеңкелерінде тыныстап жатыр. 2. Қазақстанда ұйғыр да, қазақ та, орыс та, украин да, неміс те бар. 3. Запас бөлшек жоқтығынан көптеген автомашиналар жөнделмей тұр. 4. Шөл дала сусын ішсін – шөлі қансын.