Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі. (орыс топтарында).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Менің мамандығым

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Мамандықтардың барлығы қоғамға, өмірге әрдайым қажет. Инженер, дәрігер, мұғалім, тілші, ғалым болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, құрылысшы, металлург, жүргізуші болу үшін өндірісте істеу керек. Егінші, мал дәрігері, сауыншы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Сатушы, сағат шебері, аяқ киім жөндеуші шаштаразшы болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек.

Мұғалім бала оқытса, дәрігер адамдарды емдейді. Көп адамдарға болашақ мамандықты таңдауға біреудің әсер ететіні белгілі. Менің мамандық таңдауыма әсер еткен – шешем. Ол дәрігер болып істейді.

Менің ойымша, дәрігерлер – адам жанының арашасысы, сондықтан жақсы дәрігер, білікті маман болу үшін жақсы оқу керек. Дәрігер жан-жақты болуы керек.

Ол науқас адамды дәрімен ғана емдеп қоймай, оның тілін де таба білуі керек. Науқастың қас қабағына қарап, ішкі дүниесіне де үңіле білгені жөн.

Мен келешекте оқуымды бітіріп, жақсы дәрігер болып, қоғамға, халыққа үлкен пайда келтіретініме сенемін.

Сөздік:

маман – специалист

мамандық - специальность

түр – вид

тілші – журналист

ғалым – ученый

жүргізуші – водитель

өндіріс – производство

құрылысшы – строитель

жұмысшы – рабочий

сағат шебері – часовой мастер

тұрмыстық қызмет – бытовое обслуживание

сала – сфера, область

науқас (ауру адам) – больной человек

қоғам – общество

Мәтін тапсырмалары

1–тапсырма. Мамандық атауларын көрсетілген сала бойынша беріңіз.

а) Ой еңбегі саласы;

ә) Өндіріс саласы;

б) Ауылшаруашылық саласы;

в) Тұрмыстық қызмет көрсету саласы;

г) Өнер саласы

2-тапсырма. Төмендегі үлгі бойынша жолдасыңыздың айтқанын теріске шығарыңыз.

Үлгі: Сен – дәрігерсің. – Жоқ, мен дәрігер емеспін, тілшімін.

1. Сендер – кеншісіңдер. 2. Менің нағашым – бағбан. 3. Олардың

мамандығы – аспаз. 4. Қайрат – сәулетші. 5. Алма және Сәуле-

мүсіншілер. 6. Назым – аудармашы. 7. Сенің ағаң – мал дәрігері.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Меруерттің ағасы шетел фирмасында ақша санап жүр ме?

2. Ляззат газеттерге мақала жазып жүр. Оның мамандығы

қандай?

3. Менің шешем киім тігіп жүр. Оның мамандығы қандай?

4. Марал ыдыс-аяқтарды сатады. Оның мамандығы қандай?

5. Менің апайым сахнада ән айтып жүр. Оның мамандығы

қандай?

6. Болат үйлер салып жүр. Оның мамандығы қандай?

4-тапсырма. Болашақ білікті, жан-жақты маман болу үшін адам баласына қандай қасиеттер керек. Өз ойыңызды айтыңыз.

5-тапсырма. Пікір алмасу. «Қазіргі білім жүйесі қандай?»

4-сабақ.

Грамматикалық тақырып: Сөз құрамы

Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы мемлекеттік

рәміздері

(Қосымша: жұрнақ, жалғау)

кесте №14

Қосымша

Жұрнақ

Жаңа сабақ жаттығулары

1-жаттығу. Берілген сөздерді көшіріп жазып, біріккен сөздердің астын сызыңыз.

Пырақ, көкбайрақ, мемлекет, елтаңба, әнұран, ою-өрнек, елбасы, жұлдыз, елорда, төлқұжат.

2-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Сарыөзек, таңертең, биыл, ешкім, аман-есен, Екібастұз.

3-жаттығу. Мына сөздердің құрамын анықтаңыз.

Шекара, ақсақал, Ақтөбе, Алатау, Жидебай, әркім, үй-іші, бес-алты.

4-жаттығу. Сөз тудыратын жұрнақтардың асты – бір, сөз түрлендіретін жұрнақтардың астын екі сызықпен сызыңыз.

Бас, бастық, басқарма, басшылық, су, сулық, сусын; Ек, егін, егіншілік;

Оқу, оқыған, оқымақ, оқытушы.; Білім, біл, білімпаз, білгіш, білгір, білмек, білген.

5-жаттығу. Негізгі түбір сөзді ажыратыңыз.

Алма, ақшам (кезі), ақшам (жоқ), алма (кезек), алшы (асық), ата (алмай-сың), (кітапты) алма, батыл (адам), бөле (екен), (оған) болыс, (атын) ата, қырық (сом), өнер (тапқыш), шұбат (іш), шұбат (соңынан).

Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып орыс тіліне аударыңыз.