Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі. (орыс топтарында).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Тұрақты сөз тіркестері

Тарихи қалыптасып, құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркестерді тұрақты сөз тіркестері немесе фразеологизмдер деп атайды.

Мысалы: бүйректен сирақ шығару (орынсыз, жөнсіз іс), мұртын балта кеспейді (ешбір кемшілік, мұқтаж көрмеу), аузына құм құйылды (үндемеу), жер-жебіріне жету (ұрсу, соғу).

Тұрақты тіркестердің бір түрі мақалмен мәтелдер. Мақал мен мәтел – халықтың ғасырлар бойғы іс – тәжірибесінен, өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған аталы сөзі, ой түйіні.

Мақал мен мәтелдің мағына жағынан өзара айырмасы болады: мақалда өмір тәжірибесінен екшелеп алынған ақыл, өнеге, оқушыны жақсыға баулып, жаманнан аулақ балуға үйрететін кеңес берілсе, мәтел белгілі бір ойды астарлап, жұмбақтап айту мәні басым болады. Салыстырыңыз:

Мақал Мәтел

Еңбек етсең, емерсің. Той дегенде, қу бас та

даналайды.

Күлме досыңа – келер басқа. Соқыр тауыққа бәрі бидай.

Мақал мен мәтел айтайын деген ойымыздың мақсатын, желісін тындаушыға бірден аңғартуға немесе сөйлеген сөзімізден қысқа, тұжырымды қорытынды шығаруға үлкен жеңілдік туғызады.

Жаңа сабақ жаттығулары

1-жаттығу. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрыңыз. Орыс тілінде баламасы бар сөзді табыңыз.

Ақыл қосты, ақ саусақ, арқа сүйеу, ит терісін басына қаптау, көзі алақандай болу (қорқу), сөз есту (сөгіс алу), тас жүрек, тілі байлану, тілі қышиды.

2-жаттығу. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Еліміздің сыртқы саясаты, республикамыздың туы, әлемдік мемлекеттер қатарын, тығыз байланыс, әлеуметтік даму.

3-жаттығу. Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын екінші бағаннан тауып, түсіндіріңіз. Сөйлемдер құраңыз.

кесте №13

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

1. Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.

2. Оңай олжа оңалтпас.

3. Мал өсірсең, қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

4. Ақшада көз жоқ.

5. Жоқтық ұят емес.

Тоқтық мұрат емес.

1. Легкая нажива счастья не

принесет.

2. Без затрат не будет и прибыли.

3. У денег нет глаз.

4. Если скот разводить – овец разводи: прибыли от них не счесть.

5. Нет того замка, который бы против денег устоял.

6. Бедность не пророк, богатство – не предел мечты.

4-жаттығу. Келесі сөз тіркестерінің мағыналарын ашыңыз.

Қаны қызу, қаны басына шабу, қандас, туыс-ақ жүрек, жүрексіну, жүректі, жүйкеге тию, жүйкесі босау.

5-жаттығу. Берілген синоним сөздерді жақша ішіндегі сөздердің тиістісімен тіркестіріңіз.

- сирек, селдір (шаш, кездесу)

- қысқа, келте, шолақ (мұрын, көйлек, ақыл, күртеше)

- көп, мол, қыруар (ақша, тамақ, адам, жылқы, шығын)

- мықты, берік, күшті (еден, ағаш, сүретші).