
- •Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Танысу. Отбасы.
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Менің мамандығым
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Қазақстан Республикасының туы
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •Менің Отаным – Қазақстан.
- •Отан туралы.
- •Астана.
- •Жай септеу және тәуелді септеу.
- •Семей қаласы.
- •Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
- •Сын есімнің шырайлары кесте №24
- •Менің досым Мұрат.
- •Менің досым Марат.
- •Біздің академия
- •Сан есімнің мағыналық түрлері.
- •Есімдіктердің септелуі.
- •Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
- •3) Ауыспалы өткен шақ
- •Адам қаңқасы
- •Адам ағзасы
- •Ағзадағы аурулар.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
- •М.Д.Жороқпаева, ж.Ж.Қасенова, с.Б.Құлыспаева, ж.С.Құсайынова, а.Ш.Жылқыбаева, б.А.Жорғатаева
Ағзадағы аурулар.
1-тапсырма. «Ағзадағы аурулар» мәтінінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін жазып жаттап алыңыз.
Біртұтас – целое; сплошной; единый
Құбылыс – явление
Қозғаушы – возбудитель; инициатор
Саяси - әлеуметтік – политико-социальный
Зиянды – вредный; опасный
Мәлімет – сведение
Толықтыру – дополнять; пополнять
Аспап – инструмент; аппратура; прибор
2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Мазмұндаңыз.
Ауру дегеніміз – біртұтас анатомиялық және физиологиялық құбылыстар. Олар микробтар не басқа да аса күшті қозғаушы күштің әсерінен пайда болатын адам ағзаларындағы өзгерістер. Ауруды тудыратын себептер көп, дегенмен негізгі себептері мыналар: механикалық, физикалық, биологиялық, химиялық, психикалық, генетикалық, саяси-әлеуметтік және т. б. жағдайлар.
Осындай нәрселердің әсерінен ауырған адамда сырқат белгілері пайда болады. Бұл белгілерін ауру айтып баяндайды, кейін дәрігер көзімен көріп, сипап (пальпация), саусағының бысымен соғып (перкуссия), тыңдап (аускультация) аңықтайды.
Содан кейін алынған мәліметтерді толықтыру үшін қосымша лабораториялық және әртүрлі аспаптық әдістер қолданады. Алынған мәліметтер науқастың түрін анықтап, диагноз қоюға мүмкіндік береді. Ауруды аңықтау үшін дәрігер алдымен аурудың белгілерін білуі тиіс. Қазіргі кезде 10000-ға жуық аурудың түрлері, 1600-ден аса әртүрлі синдромдар белгісі табылып отыр. Аурудың түрін анықтау үшін науқас түрлі тексерулерден өтуі тиіс:
лабораториялық әдіс (қанын, зәрін, қақырығын т. б.);
физиологиялық әдіс (әр түрлі аспаптардың көмегімен);
физикалық әдіс (рентген және компьютерлік томография);
морфологиялық әдіс (ағзадағы ұлпаларды алып микроскоппен, электронды микроскоппен тексеру).
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
4-тапсырма. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің орнына астындағы сөздердің керектісін қою арқылы сұрақтарға жауап беріңіз.
Үлгі: Сіздің қай жеріңіз ауырады? –Басым ауырады.
Аяқ, кеуде, жүрек, бүйрек, өкпе, қөз, құлақ, іш, бауыр, жүйке, тамақ, жақ, арқа, иық, асқазан.
Үлгі: Дәрігер не істейді? – Ауру адамды тексереді
Ауру адамның қызуын өлшеу; өкпесін және жүрегін тыңдау; тамағын көзін, құлағын,... тексеру; рецепт жазып беру; диагноз қою ... .
Үлгі: Мына дәріні қалай ішу керек? – Мына дәріні күніне үш рет ішу керек
Күніне төрт рет; күніне екі рет; екі күнде бір рет; тамақтың алдында күніне үш рет;
тамақтан кейін күніне үш рет; күніне бір рет ... .
Үлгі: Тісім ауырып жүр. – Тісің ауырса стоматологке бар.
Бүйрек, мұрын, сөз, асқазан, қол, іш, бас, жүрек, бел, бала ... .
5-тапсырма.а) дәрігер және ауру адам, ә) екі дәрігер арасында болатын сөйлесулерді құрастырыңыз.
6-тапсырма. Мақалдарды аяқтап жаттап алыңыз.
Ауруын жасырған … .
Әлсіз денеге ауру … ..
Ауру қалса да … қалмайды.
Ауру адам … …, ауыр жүкті жылқы сүймес.
(Керекті сөздер: әдет, күлкі сүймес, өледі, ұялайды)
Есіңізде сақтаңыз!
Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді.
ИБН-СИНА
Адам тәнінде қарыннан жаман ыдыс жоқ. Бірнеше рет асаған тамақ адамға жеткілікті. Егер қажет болса, қарынның үштен бірін тамаққа, тағы үштен бірін суға, қалған үштен бірін тыныс алуға қалдырсын.
МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР