Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі. (орыс топтарында).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Адам ағзасы

1-тапсырма. «Адам ағзасы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жазып, жаттап алыңыз.

ағза – организм

тыныс – дыхание

қан айналымы – кровообращение

құрсақ қуысы – брюшная полость

зәр шығару жүйесі – мочевыделительная система

көбею – размножение

тірек-қимыл жүйесі – опорно-двигательная система

бұлшық ет – мышцы

беку – укрепиться

жұтқыншақ – глотка

өңеш – пищевод

бездер – железы

қорытылу – перевариваться

кеңірдек – трахея

сіңіру-впитывать; всасывать

несепағар – мочеточник

қуық – мочевой пузырь

ішек-қарын жолы – желудочный-кишечный тракт

2-тапсырма. Мәтіннен білетін, таныс сөздерді теріп жазып алып сөз тіркесі, сөйлем құрастырып көріңіз.

Үлгі: Адам. Мейірімді адам, ұстамды адам т.б.. Мені қоршаған адамдардың барлығы –

мейірімді

3-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Мазмұндаңыз.

Адам деген – ардақты ат, қазақ халқы ежелден құрмет тұтып, оны ерекше «кім» деп сұрайды.

Адамның денесіндегі әрбір мүше белгілі қызмет атқарады.

Адамның кеуде қуысында тыныс алу мен қан айналымының ортақ мүшелері (өкпе, жүрек) орналасқан, ал құрсақ қуысында – ас қорыту, зәр шығару, көбею мүшелері бар. Бұлардан басқа адам ағзасында әр түрлі қызмет атқаратын: көз, құлақ, ауыз, бауыр, көк бауыр және т.б. мүшелер болады.

Тірек-қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Қаңқа дегеніміз – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық еттің көмегімен жүреді, дене еңбегі мен басқа да әр түрлі қимылдар жасайды.

Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ас жұтқыншақ арқылы өнешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын жолында қорытылады.

Қан айналу жүйесі денедегі барлық мүшелерге өттегі мен коректік заттарды жеткізіп отырады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхтар жатады. Ағзаның оттегін сіңіріп және көмірқышқыл газын бөліп отыруы – Тыныс алу жүйесінде өтеді.

Зәр шығару жүйесі мүшелеріне қос бүйрек, несепағар, куық жатады. Бүйректе қан тазартылып, несеп түзіледі.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз

5-тапсырма. Мәтінді тірек ете отырып сөйлемдерді толықтырыңыз.

Адамның кеуде қуысында ..., ... орналасқан. ... ... ас қорту, зәр шығару, көбею мүшелері бар. Тірек-қимыл жүйесі ... мен ... ... тұрады. Ас жұтқыншақ арқылы ..., одан ... түсіп, ас қорыту бездерінің әселінен ... жолында қорытылады. ... ... ... денедегі барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды жеткізеді. Тыныс алу жүйесі мүшелеріне ..., ..., ..., ..., ... жатады. Бүйректе ... тазартылып, ... түзіледі.

6-тапсырма. а) Сөздерге көмектес септігінің жалғауларын қосыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

Өкпе, көз, ауыз, құлақ, бас, мұрын, қол, аяқ.

б) Мына сөздерді тәуелдік жалғаул сөздерге айналдырыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

Денсаулық, жүрек, бұйрек, кеуде, асқазан, бұлшық ет, мойын, тіс.

7-тапсырма. Берілген мақалдардың қазақша баламасын табыңыз.

Голова без ума и ногам покоя не дает.

Сердцу не прикажешь.

Глаза боятся, а руки делают.

Есте сақтаңыз: Денсаулық - әлемдегі ең табиғи қалып. Деніңнің сау болуы табиғи, себебі біз табиғаттың бір бөлшегіміз. Табиғат бізді жақсы қалыпта ұстауға бар күшімен тырысады, себебі өзінің істері үшін біз оған қажетпіз.

ЭЛБЕРТ ХАББАРД

16-сабақ.

Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы.

Лексикалық тапсырма: Ағзадағы аурулар.

Етістіктің ерекше грамматикалық категориясының бірі – етіс. Істің істеушісіне және істелген затқа қатынасына байланысты мағыналық және тұлғалық жақтан құбылуын етіс деп атайды. Етістің 5 түрі бар: 1) негізгі етіс; 2) өздік етіс; 4) ортақ етіс; 5) ырықсыз етіс.

Түбір етістіктің де, басқа сөз табынан жасалған туынды етістіктің де алғашқы тура қалпында айтылған түрін негізгі етіс деп атайды. Бұл етістің басқа түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ал, алу, айт, жуын, жуыну т. б.

Іс-әрекеттің сол іс-әрекетті орындаушының өзіне жұмсалуын білдіретін етістіктің түрін өздік етіс деп атайды. Іс-әрекет істеушінің өзіне арналады. Демек, қимылды, іс-әрекетті іске асырушы, екі субъект болады: бірі – сол қимылды орындатушы, екіншісі – қимылды тікелей орындаушы. Өздік етіс етістіктің түбіріне –ын, -ін, -н жұрнағы қосылу арқылы жасалады. Мысалы: жу-ын, ки-ін, мақта-н.

Іс-қимылдың басқа біреу арқылы орындалатынын білдіретін етістің түрін өзгелік етіс деп атайды. Өзгелік етісті жасайтын жұрнақтар әр түрлі: -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз, -із, -ыз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -т. Мысалы: айт-қыз, жет-кіз, отыр-ғыз, ем-із, киін-дір, ас-ыр, боса-т, ки-гіз т. б.

Іс-қимылды оындаушының екі немесе бірнешеу екендігін білдіріп, іс-қимылдың бірлесе немесе бір-біріне бығыттала орындалатындығын көрсететін етістің түрін ортақ етіс деп атайды. Мысалы: жаз-ыс, жина-с, хабарла-с т. б.

Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы аталмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрініп тұрса, ондай етісті ырықсыз етіс деп атайды. Ырықсыз етіс –ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы, кейде түбір –л дыбысына ақталса –ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы сабақты етістіктен жасалады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы: үй сал-ын-ды, бөлме тазала-н-ды, машина көр-ін-ді.

Ескерту. Ортақ етістің мағынасы өзінің субьектісімен бірге келгенде айқындалады.

Мысалы: сен айтыс – айтыс басталды. Сондықтан ортақ етістің жұрнағы зат есім тудыратын (-ыс, -іс, -с) жұрнақтарымен омонимдес келетіндігін.

Етіс жұрнақтары бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: ки-ін-дір, сөй-ле-с-тір, жаз-дыр-т-қыз, азай-т-тыр-ғыз.

Жаңа сабақ жаттығулары

1-жаттығу. Мына сөздерден етістің үш түрін жасаңыз.

Үлгі: айту – айт-қыз-ды, айт-ыл-ды, айт-ыс-ты

Жіберу, жинау, апару, аудару, есептеу, сыпыру, әперу, теру, кесу, тесу, бұзу, буу, қою, сату, істеу.

2-жаттығу. Өзгелік етістің жұрнақтарын пайдаланып «Кімге не істеткеніңізді» жазыңыз. (10 сөйлемнен кем болмасын)

3-жаттығу. Сөйлемдердің ішінен етістерді тауып, түрін ажыратыңыз.

Әбдірахманның жүріс-тұрысы бұларға ұнамайды. Асылд Бейсенге әртүрлі жеміс ағаштарын отыртқызып алды. Жалаңдаған екі жігіт қонақтың заттарын әкелісіп, қызмет етіп жүр. Жиналыста қандай сұрақтар қойылды?. Әбіш пен Кәрім ұзақ сырласты. Бала отты сөндірді. Досымбек екеуміз сөз байластық та, таң саз бере тәтті ұйқының құшағына кірдік. Терезе жуылды, төсеніштер қағылды, заттар жиналды да орындарына қойылды.

4-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Бөлмені жинастың ба?. 2.Ыдыс-аяқ жуылды ма?. 3.Студенттерге не істетті?. 4.Мәтін қалай аударылды?. 5.Кіммен кім соттасты?. 6.Бәрімізді кім күлдірді?. 7.Шай құйылды ма?. 8.Өткен ғасырда еліміз кіммен соғысты?. 9. Баланы кім жылатты?. 10. Орталықта не ашылды?. 11.Кеше кімдер айтысты?.

5-жаттығу. Сөздік диктант. Төмендегі етістерді түріне қарай топқа бөліп жаздырту.

Сөйлесті, берілді, соғылды, пісірісті, аяқталды, жуылды, істесті, айтқызды, жылатты, сүртілді, кигізді, сездірді, құшақтасты, күттірді, тазалатты, табылды, жүгіртті, буысты, әперісті, емдетті, шешілді