
- •Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Танысу. Отбасы.
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Менің мамандығым
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Қазақстан Республикасының туы
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •Менің Отаным – Қазақстан.
- •Отан туралы.
- •Астана.
- •Жай септеу және тәуелді септеу.
- •Семей қаласы.
- •Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
- •Сын есімнің шырайлары кесте №24
- •Менің досым Мұрат.
- •Менің досым Марат.
- •Біздің академия
- •Сан есімнің мағыналық түрлері.
- •Есімдіктердің септелуі.
- •Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
- •3) Ауыспалы өткен шақ
- •Адам қаңқасы
- •Адам ағзасы
- •Ағзадағы аурулар.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
- •М.Д.Жороқпаева, ж.Ж.Қасенова, с.Б.Құлыспаева, ж.С.Құсайынова, а.Ш.Жылқыбаева, б.А.Жорғатаева
Адам қаңқасы
1-тапсырма. «Адам қаңқасы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жазып, жаттап алыңыз.
төбе сүйегі – теменная кость
маңдай сүйегі – лобная кость
шүйде үйегі – затылочная кость
үстіңгі жақ сүйегі – верхняя челюсть
таңдай – небо
жұп – пара
төс сүйегі – грудина
мойын омыртқасы – шейный позвонок
бел омыртқасы – поясничный позвонок
сегізкөз – крестец
құймышақ – копчик
бұғана – ключица
тоқпан жілік – плечевая кость
кәрі жілік – локтевая кость
ортан жілік – бедренная кость
тізе – колено
асықты жілік – большеберцовая кость
башпай – пальцы ног
жүйке талшығы – нервное волокно
2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Мазмұндаңыз.
Бас сүйегі – ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты жұмыртқа тәрізді. Оның ішінде ми болады. Ми сауыты өзара қимылсыз байланысқан сүйектерден құралады. Оларға төбе мен самай, мандай және шүйде (қарақұс), жақ сүйектері жатады. Бет сүйектері жұп: үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерден, мұрын, таңдай, көз ұясы, тіл асты сүйектерінен тұрады. Бұлардың ішінде тек астыңғы жақ сүйек қана қимылдайды.
Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан және төс сүйегінен тұрады. Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Омыртқалар бірігіп жұлын өзегін түзеді.
Он екі жұп қабырғалар кеуде қуысын құрайды. Иық белдеуі –иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері денемен байланысады. Бұғана мен жауырын бірігіп иық белдеуін құрайды. Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Қол сүйектері екі ұзын сүйектен тоқпан жілік пен кәрі жіліктен (шынтақ сүйек, шыбық сүйек) тұрады. Білезік сүйек, алақан сүйек және саусақ сүйектері – қол басы сүйектері болып саналады. Білезік сүйектері қолдың басын қозғалтады.
Жамбас белдеуі – жалпақ жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, тізе, асықты
жіліктен, өкше сүйектен (толарсақ), табан сүйектері мен башпай
сүйектерінен құралады.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз
4-тапсырма. Жақшаны ашыңыз.
(Спина) тік ұста, (Колени) бүк, (Грудь) кер, (Пальцы ног) қозғалт, (Шея) бұр, (Пальцы) соз, (Подбородок) көтер, (Лицо) бұр, (Ноги) бас, (Голова) шұлғы, (Плечо) қозғалт, (Рука) көтер, (Поясница) жаз, (Локоть) тірел.
5-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра отырып бір адамды сипаттаңыз.
Ұзын бойлы, орта бойлы, қыр мұрынды, пісте мұрынды, қалқаң құлақты, ат жақты, дөңгелек жүзді, жылы жүзді, кең маңдайлы, оймақ ауыз, үлкен көзді, кең иықты, толық, арық, қыпша белді, толықша келген, қарақат көзді, көгілдір көзді, аққұба, қой,көзді, қара торы, ұзын шашты, қоңыр шашты, жирен шашты, қасы қиылған, қалың қабақты, тапал бойлы… т.б.
6-тапсырма. Мақалдарды жаттап алыңыз.
Аяқ – азамат, қол – мүлік,
бас – сандық, тіл – кілт.
Көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды.
Көңіл сырын көз білдіреді.
Саусағы ұзын биші болады,
құлағы ұзын күйші болады.
15-сабақ.
Грамматикалық тақырып: Рай формасы.
Лексикалық тақырып: Адам ағзасы.
Етістіктің іс-әрекетті орындаушымен, уақытпен байланысты жаққа, шаққа түрленуін етістіктің рай категориясы деп атайды. Етістіктің 4 түрлі райы бар. 1) ашық рай; 2) бұйрық рай; 3) шартты рай; 4) қалай рай.
Іс-қимылдың үш жаққа да, үш шаққа да (осы шақ, өткен шақ, келер шақ) байланысты орындалатынын білдіретін райдың түрін ашық рай деп аталады. Мысалы: үй жинады. Мен ертең киноға барамын.
Істің бұйрық мағынасын білдіретін етістіктің түрін бұйрық рай деп атайды. Бұйрық райдың ерекшелігі: І жағы етістік түбіріне (жекеше) –айын, -ейін, -йын, -йін, (көпше) –айық, -ейік, -йық, -йік жалғаулары, ІІІ жағы етістік түбіріне –сын, -сін жалғаулары жалғану арқылы жасалады. ІІ жақ арнайы түріне қосымша жалғанбайды. Мысалы: Алдымен ойла, сонан соң айт. Сен бар.
Қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіретін етістіктің түрін шартты рай деп атайды. Шартты рай етістіктің түбіріне –са, -се жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мен кел-се-м. Сіз шақыр-са-ңыз.
Қалау рай сөйлеушінің белгілі бір қимыл-әрекетке, ынтасын, тілегін, қалауын білдіреді. Етістіктің түбіріне –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары, одан кейін тәуелдік жалғауы қосылып және бұдан кейін кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады. Мысалы: Менің киноға бар-ғы-м келеді. Оның кет-кі-сі келеді.
Жаңа сабақ жаттығулары
1-жаттығу. Сөйлемнің аяғын тауып жазыңыз.
Бізтелефон соқсақ, демалыңыз.
Киноға барсақ, кереуетке жатайын ба?
Ұмытпасам, көзім ауырады.
Жұмысың көп болса, тамақты ысыт.
Кішкене күтсеңдер ерте тұр.
Уақытың болса, жаңбыр қояды.
Оқи бастасам, жауап бермейді.
Жұмысқа барсаң шай ішіңдер.
Шаршасаң, телефон соқ.
Шөлдесеңдер, айтайын.
Қарның ашса, билет жоқ екен.
Ұйқым келсе кел.
2-жаттығу. Жақшадағы сөздерді пайдаланып, мына сөйлемдерді бұйрық рай формасына қойыңыз.
Ұлгі: Компьютерде ойнайық (кітап оқу). – Компьютерде ойнама, кітап оқы.
Шай әкелсін (кофе әкелу). Жұмыртқа қуырайық (ет қуыру). Кереуетке отырсын (орындыққа отыру). Өлең айтайық (би билеу). Ұйықтайын (жұмыс істеу). Тамақ әзірлеңдер (кір жуу). Демалыңдар (көмектесу). Телефонмен сөйлесейік (кездесу). Жатыңыз (теледидар көру). Үйге қайтыңдар (отыру).
3-жаттығу. Төмендегі етістіктерден қалау рай жасап, сөйлем құраңыз.
Екі-үш сөзді жіктеңіз.
Отыру, тұру, жіберу, қарау, сөйлеу, демалу, ән салу, жату, кету, оқу.
4-жаттығу. Қазақ тіліне аударып, жатқа жазыңыз.
Я не хочу с Вами разговаривать. Пусть он расскажет о себе. Мы не хотим сегодня никого принимать. Если ты не выучишь стихотворение, получишь «двойку». Вы не хотите меня понять. Сдадим экзамены, отдохнем. Вставай, умывайся, одевайся, завтракай и делай домашнее задание. Вы хотите кушать?. Будешь свободен, зайди ко мне.
5-жаттығу.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Қазақ тілін үйренсең, ... . Шақырса, ... . Менің ... келіп отыр. Студенттердің ... келмейді. Талғат сөйлемді тақтаға ... . Тыныш ... ! Мені ... ! . Жақсы баға алсаң, ... . ... дәмті тамақ жасап қоямын. Бұл фильмді ... келмейді. Ауруханаға ... ... отыр. ... үйге ерте қайтасыздар. ... жақсы үйреніп аламыз. Бұл институтта ... келмей ме?. Менің жауап ... келіп отыр.