
- •Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Танысу. Отбасы.
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Менің мамандығым
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Қазақстан Республикасының туы
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •Менің Отаным – Қазақстан.
- •Отан туралы.
- •Астана.
- •Жай септеу және тәуелді септеу.
- •Семей қаласы.
- •Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
- •Сын есімнің шырайлары кесте №24
- •Менің досым Мұрат.
- •Менің досым Марат.
- •Біздің академия
- •Сан есімнің мағыналық түрлері.
- •Есімдіктердің септелуі.
- •Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
- •3) Ауыспалы өткен шақ
- •Адам қаңқасы
- •Адам ағзасы
- •Ағзадағы аурулар.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
- •М.Д.Жороқпаева, ж.Ж.Қасенова, с.Б.Құлыспаева, ж.С.Құсайынова, а.Ш.Жылқыбаева, б.А.Жорғатаева
Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
кесте №32
Жұрнақтар |
Мысалдар |
-ла, ле, -да, -де, -та, -те, -а, -е |
ойла,шегеле,тұзда, емде, баста, суретте, аса, өрте |
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес |
саудалас, қателес, ақылдас, тілдес, достас, көмектес |
-қар, -кер, -ғар, -гер |
басқар, атқар, ескер, суғар, теңгер |
-лан, -лен |
пайдалан, ашулан,үйлен, иелен |
Сын есім, сан есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар
кесте №33
Жұрнақтар |
Мысалдар |
|
Сын есім |
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те |
жұқала, әдемілі, жаманда, арықта, тікте |
-ар, -ер, -р |
жасар, ағар, көгер, тазар |
-ай, -ей, -й |
молай, күшей, көбей, қарай |
|
Сан есім |
-ла, -ле, -да, -де |
алтаула, екеуле, онда, жүзде |
-лес, -дес |
бірлес, жүздес |
Басқа сөз таптарынан етістік тудыратын жұрнақтар
кесте №34
Жұрнақтар |
Мысалдар |
|
Үстеу |
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те |
Жоғарыла, ілгеріле, жылдамда, төменде, шақта, қыста |
|
Одағай |
-ла, -ле, |
Ойбайла, құраула, көкеле, уһле |
|
Еліктеу сөздер |
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те, -ыра, -іре |
зула, сылдырла, тарсылда, желпілде, салпақта, жарқыра, дүркіре |
Іс-әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақыттқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды.
Етістікте үш шақ болады: осы шақ, өткен шақ, келер шақ
Етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде болып тұратынын немесе істің сөйлеп тұрған кезде орындалып жатқанын білдіреді. Осы шақтың екі түрі бар: 1) Нақ осы шақ; 2) Ауыспалы осы шақ
Нақ осы шақ істің сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ не істеп отыр? не істеп жатыр? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Мен отырмын. Ол жатыр. Сен жазып отырсың. Мен үйге бара жатырмын
Ауыспалы осы шақ сөйлемде басқа сөздермен тіркесіп айтылу ыңғайына қарай бірде осы шақ, бірде келер шақ мағынасын білдіреді. Сол себепті осы шақтың бұл түрін ауыспалы осы шақ деп атайды. Ауыспалы осы шақ қимыл іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ –а, -е,- й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен кел-е-мін, сен ойна-й-сың, сіз айт-а-сыз
Қимыл іс-әрекеттің өткен уақытта болғандығын көрсететін етістіктің түрін өткен шақ деп атайды. Өткен шақтың үш түрі бар: 1) жедел өткен шақ; 2) бұрынғы өткен шақ;
3) Ауыспалы өткен шақ
Жедел өткен шақ іс-әрекет, қимылдың дәл сөйлеп тұрған уақыт алдында ғана болып өткендігін білдіреді. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары жалғану арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Мен жаз-ды-м. Мен айт-ты-м.
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткендігін білдіреді. Есімшенің –қан, -кен,-ған, -ген, көсемшенің –ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Мен бар-ып-пын, оқы-ған едім, ол көр-ген. Мұрат киноға барыпты.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Мен бұрын хат жаз-атын-мын. Ол қалаға ертең бар-атын еді.
Келер шақ іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан кейін болғандығын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар: 1) болжалды келер шақ; 2) мақсатты келер шақ; 3) ауыспалы келер шақ
Іс-қимылдың орындалары белгісіз, болжалды екендігін білдіретін келер шақтың түрін болжалды келер шақ дейміз. Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне –ар, -ер, -р жұрнақтары, болымсыз етістіктен кейін – с жүрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мен кел-ер-мін, сен оған айт-ар-сың, мен енді бар-ма-с-пын.
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары жалғануы арқылы кейде оған –шы, -ші қосымшасы қосылып, болымсыз түріне емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен жаз-бақ-пын, мен айт-пақ-шы-мын, мен қалаға бар-мақ емеспін.
Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақтың жасалуы бірдей. Ауыспалы келер шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ертең театрға бар-а-мын.
Жаңа сабақ жаттығулары
1-жаттығу. а) Етістіктің негізгі түбірін табыңыз.
Үлгі: ақылдас(туынды етістік) –ақыл (негізгі түбір), -дас (жұрнақ).
Жасар, ашыл, білдір, тергіз, бағала, сабақта, айтпа, көрме, көбей, жаса, тісте, кішірей, құрметте, сәлемдес, құтқар, үтікте, соттас, құтқар.
б) Берілген сөздерге жұрнақ жалғау арқылы етістікке айналдырып жазыңыз.
Үлгі: әшекей-ле, алаң-да, түн-е-у
Әңгіме, сыр, адым, аз, мол, көп, ақ, әсем, аяқ, ашу, әзіл, таза, арман, кез, тіл,
2-жаттығу. Дара етістіктерді күрделі етістікке
айналдырыңыз.Сөйлем құрастырыңыз.
Үлгі: етті – сықыр етті.
Бер, көр,жүр, еді, жүгір, отыр, етті, бол, сал, қал, ал, етеді.
3-жаттығу.Сабақты етістік пен салт етістіктерді ажыратып, морфологиялық талдау жасаңыз.
Досыңа көмектес, тапсырманы орында, мектептен шықты,отынды үйгіз, дұрыс киін, анық сөйле, ініңе қара, аттан түс, ұй жина, кітап оқы, сабақтан қалма, анаңды ренжітпе.
4-жаттығу.Төмендегі етістіктерді оқып, қандай тәсілмен жасалғанын айтыңыз.
Апару, бағып-қағу,қайту,бауыр тарту, өсту,ойнап-күлу,сапар шегу, сөйту, қағып-сілку, түрегелу, сылап-сипау, әкелу, көмек беру.
5-жаттығу. Мына сөздерді аударып, сөйлем құраңыз.
Искать, помогать, лечить, делать, разговаривать, начинать, здороватьься, возглавлять.
6 – жаттығу.Тез тап
Егер сөзжұмбақты дұрыс шешсең, көрсетілген ерекше торкөзде «етістік» сөз шығады.
|
|
|
|
|
|
||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
1.Ағаш түрі
2.Әкенің әкесі кім болады?
3.Ұлттық әшекей бұйым
4.Қалыңдықтың бас киімі
5.Пәннің аты
6.Көрнекті ақын
7.Есік ашатын құрал
6-жаттығу. Мына сөйлемдерді жедел өткен шаққа айналдырыңыз.
Үлгі: Мына бөлмеде досым отыр. – Мына бөлмеде досым отырды.
Менің ағам министрлікте жұмыс істейді. Театрда Роза Рымбаеваның концерті болып жатыр.Студенттер емтиханға дайындалып жатыр. Әуежайда мен шетелден келген қонағымды қарсы аламын. Дәрігер ауру адамды тексеріп жатыр. Біз спорт залда дене шынықтыру жаттығуларын орындап жатырмыз. Андрей қазақ тілі сабағында қазақша сөйлеп отыр.
7-жаттығу. Данные глаголы движения переведите на казахский язык, поставьте в форме 3-го лица множественного числа настоящего времени.
Идти, ехать, лететь, плавать, бежать, нести, водить, ходить, одеться, лечь.
8-жаттығу. Келер шақ жұрнақтарын пайдаланып сөйлемдерді аяқтаңыз.
Мен бүгін лекцияда ... . Арман сендер демалыс күні қайда .... Бүгін Болат радиодан ... . Мен ертең емтихан ... . Айқын ерт ең Астанаға ... . Сіз дүйсенбіде бастыққа ... .
Саға екіде дәмханада ... . Кино сағат бесте ... . Еденге тоқылған кілемдер ... . Жексенбі күні базардан көкөніс ... . Заттарды кіргізуге Жәнібек ... . Жолдан нан ала ... .
9-жаттығу. Мына етістіктерді ауыспалы өткен шақта жіктеңіз.
Ашу, тұру, келу, кету, қуану, сату.
10-жаттығу. Мына мақалдардың ішінен келер шақтағы және осы шақтағы етістіктерді
теріп жазыңыз. Орыс тіліне аударып көріңіз.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер кқкке жеткізер.
Анаға қарап қыз өсер,
Атаға қарап ұл өсер.
Көп жасаған білмейді,
Көпті көген діледі.
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.