Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі. (орыс топтарында).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Есімдіктердің септелуі.

кесте №31

Септіктер

мен

өзім

сіз

осы

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

мен

менің

маған

мені

менде

менен

менімен

өзім

өзімнің

өзіме

өзімді

өзімде

өзімнен

өзіммен

сіз

сіздің

сізге

сізді

сізде

сізден

сізбен

осы

осының

осыған

осыны

осында

осыдан

осымен

Ескерту: а) ілік,барыс,табыс және шығыс септіктерінде түбірдің соңындағы н,л дыбыстары түсіп қалады: мен + нің- менің/менің емес/, сен+нің-сенің/

сенің емес/,ол+ның/дың емес/-оның.

ә) барыс септігінің жалғауы –ған болады: маған, саған,оған,бірақ сізге , бізге,оларға.

б) көмектес септігінде жіктеу есімдігінің түбіріне ы,і дыбыстарының әріптері жалғанады : менімен(менмен емес),онымен(олымен емес).

Жаңа сабақ жаттығулары

1-жаттығу. Сен, сіз, өзім, осы есімдіктерін септеңіз.

2- жаттығу. Берілген есімдіктерді аударып, септігін анықтаңыз.

Мне, у тебя, нам, никого, всем, что, у этого, откуда, ты сам, никто.

3- жаттығу. Сөйлемдерден есімдіктерді тауып, септігін анықтаңыз.

Өзіңе ұнамайтынды өзгеге үйретпе. Адам- барлық нәрсенің

өлшемі. Өмірде ерлікке әрқашан орын бар. Оның әкесі Отан үшін қаза тапты. Мен мына кітапты сенен бұрын оқыдым. Бұл университет ашылғалы екі жыл болды. Кітап дүкені қай жерде орналасқан? Сабаққа ешкім кешіккен жоқ.

4- жаттығу. Сұраулы есімдіктерді пайдалана отырып «Қазақ тілі сабағында» тақырыбына сұхбат құрастырыңыздар.

5- жаттығу. Берілген есімдіктермен сөйлем құрастырыңыз

Оған, бізде, ананы, кімде, ештемеге, бәрін.

Қазақтың батыр қыздары.

Әлия Молдағұлова 1926 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында туды.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Әлия 15 жаста еді.1942 жылы ол өз еркімен снайпер мектебіне оқуға түсті. Оны өте бітіріп шықты.

1943 жылы Әлия майданға сұранды. Ленинград қаласын қорғауда ол көп өрлік көрсетті. Әлия майданда әрқашан алдыңғы шепте болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары жасаған таңғажайып ерліктері үшін Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағын берілді.

Мәншүк Маметова 1922 жылы туған. Мәншүк Алматыда орта мектепті бітірген сон , медициналық институтқа түсті. Институтта оқып жүргенде Мәншүк қоғамдық жұмысқа белсене араласты.

1942 жылы Мәншүк өз еркімен Ұлы Отна соғысына аттанады. Ол майданда пулемет атуды үйреніп , тамаша атқыш болады. Ұлы Отан соғысында Мәншүк Маметова зор ерлік көрсетті, көп жауды қырды. 1944 жылы Мәншүк Маметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Тәуелсіз Қазақстанда халқымыздың қаһарманы қыздары Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлова есімідеріне зор құрмет көрсетіліп отыр. Батыр қыздардың туған жерінде ескерткіш орнатылған. Қазақстанның көптеген қалалары мен мектептері батыр қыздардың есімімен аталады.

Алматы қаласында «Шығыстың қос жұлдызы» халық каһармандары Мәншүк пен Әлияға тамаша ескерткіш орнатылды

Мәтін тапсырмалары

1-тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз

2-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз

а) Қазақ батырлары кімдер?

ә) Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеңес Одағы батырлары

кімдер?

3-тапсырма. «Қазақтың батыр қыздары» мәтінінен есімдіктерді теріп жазыңыз.

4-тапсырма. Берілген сөздерге синонимдер табыңыз.

Есім, туу, әйгілі, жұмыс істеу, қаза табу, батылдық, өмір, орнатылған.

5-тапсырма. Мәтінді әңгімелеп беріңіз.

14-сабақ.

Грамматикалық тақырып: Етістік, оның түрлері, шақтары.

Лексикалық тақырып: Адам қаңқасы.

Заттың қимылын іс-әрекетін, жай-күйін білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.

Етістік не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

Етістіктер құрамына қарай дара (аш, айт, бар, жүр, тұр), күрделі:

1) біріккен күрделі етістіктер (слитные сложные глаголы): әкелу - алып келу;

апару – алып бару; түрегелу – тұрып келу; бүйту – былай ету; сөйту – солай ету;

2) қосарланған күрделі етістіктер (парные сложные глаголы): күліп-ойнау;

жылап-еңіреу; сылап-сипау; азып-тозу; қырып-жою;

3)тіркескен күрделі етістіктер (составные сложные глагол): жақсы көру, көңіл бөлу;

күн көру; көз салу; тарс ету; пайда көру.

Етістік мағынасына қарай негізгі (бар, кел, жүр, әкел) және көмекші (е, еді, екен, де,

деп, десе, бол, кел, кет, шық)

Іс-әрекеттің орындалуына қарай болымды (айт, оқы, жаз, сыз) және болымсыз (айтпа,

оқыма, жазба, айтқан емес).

Обьектінің қатысына қарай салт (бар, кел, отыр, жүр, тұр) және сабақты (аш, жап, апар, ал, айт, қара).

Тұлғасына қарай негізгі (айт, аш, бар, жүр) және туынды (баста, шегеле, саудалас, арала).

Туынды етістіктің жасалуы